Данный раздел предназначен только для медицинских и фармацевтических работников.
Если Вы медицинский
или фармацевтический
работник, нажмите кнопку
Если Вы не являетесь
медицинским или
фармацевтическим
работником, нажмите
РастаңызАртқа қайту
Фильтрум / Пайдалы материалдар / Балалардың тағамдық улануы

Балалардың тағамдық улануы

Балалардың тағамдық улануы
  1. Балалардың тағамдық улануының түрлері
  2. Себептері
  3. Белгілері
  4. Тағамдық улану кезіндегі алғашқы көмек
  5. Балалардың улануын емдеу
  6. Уланудың алдын алу тәсілдері

Тағамдық улану – асқазан-ішек жолына тамақпен бірге улы заттардың түсуіне ағзаның күшті реакциясы болып табылады. Бұндай дертке адамдардардың барлығы дерлік тап болады, бірақ көбінесе одан балалар зардап шегеді. Мұның себебі баланың ағзасы әлі толық жетілмегендіктен, тамақ өнімдерінің құрамында болуы мүмкін уыттар мен улы заттармен тиімді күресуге қабілетсіз.

Балалардың тағамдық улануының түрлері

Балаларда уланудың екі түрін бөледі:

Инфекциялық улану. Оны микробтар және олармен бөлінетін уыттар тудырады (мұнда ішек уытты инфекциясын және ботулизмді – тағамдық уланудан туындаған екі кең таралған ауруларды ажыратуға болады).

Инфекциялық емес улану. Ол өсімдік тектес және жануарлардан алынған улы өнімдерді тамаққа қолданған кезде пайда болады. Көп жағдайда балалар қараусыз қалып, өздеріне таныс емес жидектің, жапырақтардың дәмін көреді, оған жол беруге болмайды. Сондай-ақ, патология улы саңырауқұлақтардықолдану кезінде дамуы мүмкін.

Себептері

Улану бастапқыдан уытты өнімдерден (улы саңырауқұлақтар немесе жидектер) немесе қандай да бір себептермен микробтар немесе уыттар түскен кәдімгі тамақтан туындайды. Тағамдық уланудың тағы бір атауы – уытты инфекция (бұл жағдайда құрамында ішек ауруларының қоздырғышы – сальмонелла, ішек таяқшасы және т.б. қоздырғышы бар тамақ өнімдері туралы айтылады). Бұл микроағзалар, интоксикациядан басқа, тиісті ауруды, мысалы, сальмонеллезді тудыруы мүмкін. Ішек инфекциясы тағамдық уланудан екінші жағдайда уланудың жалпы белгілері нәжістің бұзылуларынан басымдылығымен ерекшеленеді.

Қандай өнімдерімен улануға болады?

Төмендегі өнімдерде уланудың ықтимал қаупі бар:

Әрине, бұл балаға балмұздақ немесе тәттілерді, олар міндетті түрде улануға әкеледі деп тыйым салуды білдірмейді. Дегенмен, баланы сапалы аспен тамақтандыру, оның фаст-фудқа байланысты қалауларын құптай бермеу және салауатты үй тамағына үйрету маңызды. Сонымен бірге, балаға тамақты дұрыс сақтауды үйрету қажет.

Белгілері

Балалардың улануы күрт туындайды, және оның симптомдары тез күшейе түседі. Бірінші кішкентай пациент жүрек айнуына шағымданады. Содан кейін улану баланың құсуына әкеледі, осыдан соң дененің температурасы жоғарылауы мүмкін.

Егер улану күшті болмаса, бала өзін қалыпты сезінеді, бірақ біраз уақыттан кейін оның жағдайы нашарлауы мүмкін. Оның себебі, әдетте сырқаттану симптомдары бірнеше кезеңмен өтіп, баланың денсаулығын біртіндеп әлсіретеді. Улану кезінде балада қысқа мерзімді іш өту ғана болуы сирек емес. Алайда, отбасының бірнеше мүшесі уланған кезде, баланың уыттану белгілері айқынырақ көрінеді.

Улану белгілері баланыңБалалардың улануының ең жиі кездесетін симптомдары төмендегілерді қамтиды:

  • Жүрек айну
  • Қатты құсу
  • Асқазанның бұзылуы
  • Диарея (күніне бірнеше ретке дейін)
  • Температураның көтерілуі
  • Нәжісте ұйысқан қан, шырыш немесе жасыл түсті қосындылардың пайда болуы

Уланудың аса жіті түрінде бала қауіпті асқыну – инфекциялық-уытты шокқа шалдығуы мүмкін. Оның белгілері:

  • Бозару
  • Ауыз қуысының шырышты қабығының құрғауы
  • Тамыр соғуының жиілеуі және үзіп-үзіп тыныстау
  • Төмен қысым
  • Зәрдің қошқылдануы (онда өт пигменттері концентрациясының артуына байланысты).

Егер сіз балада уланудың белгілерін байқасаңыз, олар күшейгенше күтуге болмайды, өйткені ол күшті сусыздануға әкелуі мүмкін. Шұғыл түрде дәрігерге хабарласыңыз, әйтпесе баланың денсаулығына елеулі зиян келтірілуі мүмкін.

Тағамдық улану кезіндегі алғашқы көмек

Бала уланған кезде үй жағдайында не істеу керек:

  1. Егер симптомдар ас қорыту органдарына күйдіргіш заттардың, қышқылдардың немесе сілтілердің түсуімен туындаған болмаса, асқазанды жуып тазалау керек.
  2. Балаға энтеросорбент, мысалы, Фильтрумберіңіз. Ол ішектен уыттардың бір бөлігін шығаруға мүмкіндік береді.
  3. Балаға мүмкіндігінше көбірек сусын беру керек. Бұл сусызданумен күресу үшін қажет. Балаға шамамен әр 15-20 минут сайын кем дегенде бірнеше жұтым сусын ішкізіңіз. Сусындар ретінде газсыз минералды суды, қою емес қара не көк шайды немесе арнайы тұзды ерітіндіні таңдауға болады.

ФильтрумБалаға улану кезінде не берілу керек: бұл жағдайда ең оңтайлы препарат – Фильтрум (ол балаларға ерте жастан бастап қолайлы). Бұл дәрі – табиғи затқа негізделген энтеросорбент, сондықтан оны 1 жастағы және бірден асқан сәбилерге қауіптенбей қолдануға болады. Фильтрумді балаға сапасыз тамақпен, дәрілермен, улармен улану кезінде беруге болады. Сондай-ақ, ол инфекциялық аурулар және зат алмасудың бұзылулары, мысалы, ацетонемия кезінде пайда болған уыттану белгілерін төмендету үшін қолдануға көрсетілген.

Баланың улануын Фильтрум препаратымен емдеу төмендегі схема бойынша жүзеге асырылады:

  • 1-ден 3-ке дейінгі жастағы – жарты таблеткадан күніне 3-4 рет;
  • улану кезінде, егер бала 3-7 жаста болса, онда доза 1 таблеткадан күніне 3-4 рет;
  • егер науқастың жасы 7-ден 12 жасқа дейін болса, күніне 2 таблеткадан үш рет қабылдауға болады.

Таблеткаларды тұтыну алдында ұсақтаған жөн. Оларды таза судың жеткілікті мөлшерімен ішу керек, одан кейін бір сағат ішінде тамақ пен басқа дәрілерді қабылдауға болмайды. Тағамдық уланудың көптеген жағдайларын тек энтеросорбенттермен ғана емдеуге болады. Оларды 3-5 күн ішінде курстап қабылдау қажет.

Балалардың улануын емдеу

Балалардың улануын емдеуУланудан кейінгі алғашқы көмек баланың азаптануын азайтуға көмектеседі, бірақ емдеу үшін неғұрлым маңызды шаралар қажет. Егер сізге бала жеңіл ғана уланған болып көрінсе де, міндетті түрде дәрігерге көрсетіңіз. Егер баланың улану кезінде температурасы көтерілсе, бұл орталық жүйке жүйесінің ауыр бұзылуының белгісі болуы мүмкін.

Дәрігер қолайлы терапия тағайындап, қажет болған жағдайда, баланың улануын емдеуге қажетті бірқатар емшараларды жүргізеді. Сонымен бірге, дәрігер сауығу кезеңіне арнайы тамақтану режимін жазып беруі ықтимал.

Ауыр жағдайларда, дереу ауруханаға токсикологиялық немесе реанимациялық бөлімшеге емдеуге жатқызу талап етіледі, онда күре тамыр ішіне ерітінділерді енгізу, қажеттілігіне қарай – плазмаферез немесе гемосорбция емшаралары арқылы қанды токсиндерден тазарту жүргізіледі.

Дәрілік препараттар

Баланың тағамдық улануын емдеу төмендегі дәрі-дәрмек заттарын қолдану арқылы жүзеге асырылады:

  • Энтеросорбенттер (мысалы, Фильтрум);
  • Пребиотиктер (қалыпты ішек микрофлорасын қалпына келтіруге жағдай жасайтын заттар);
  • Антибиотиктер (асқазан-ішек жолына инфекциялық қоздырғыштардың түсуінен туындаған жағдайларда).

 

Халық медицинасы

Даршыннан жасалған шай. Балалардың ет пен балықпен улануы кезіндегі емдеуде көмектеседі. Мұндай сусынды дайындау үшін, бірнеше даршын таяқшасын алып, оларды қайнаған суда бес минут бойы қайнатыңыз. Содан кейін балаға жайлы ыстық температураға жеткізілген осы шайдың екі стаканың беріңіз.

Күріш қайнатындысы. Қайнатындының көмегімен жүрек айнуын және құсуды жеңілдетуге болады. Рецепті: жуылған дөңгелек күрішті алып, оны 1: 5 арақатынасында 2-3 минут бойы пісіріңіз. Қайнатындыны тәулігіне бірнеше рет ішу керек.

Сұлы үлпегінен қайнатынды. 2 ас қасық сұлы үлпегіне су құйыңыз және 5 минут қайнатыңыз. Содан кейін сүзіп, балаға күніне 5 рет кішкене бөліктермен беріңіз.

Уланудың алдын алу тәсілдері

Баланың тағамдық улануы толық көлемде емделінеді, алайда мұндай сырқатқа мүлдем жол бермеген жақсы. Алдын алу үшін балаңызға мұқият қарауыңыз және оған тек жоғары сапалы тамақ өнімдерін сатып алуыңыз маңызды. Балаңыздың лас су ішпеуін, әрқашан үстелге отырар алдында қолын жууды, жуылмаған жемістер мен көкөністерді жемеуін қадағалаңыз.

Балаңыз жеуге жарамсыз жидектер мен саңырауқұлақтарды кездейсоқ жеп қоймауы үшін олардың суреттерін көрсетіңіз. Қатты ашығу кезінде де немесе баланың достары азғыратын болса да мұндай өнімдерді жеуге болмайтынын түсіндіріңіз.

Есіңізде болсын, баланың улануы өте ауыр салдарға әкелуі мүмкін, сондықтан онымен ойнауға болмайды. Алайда, егер баланың улануы орын алса, дереу дәрігерге қоңырау шалып, болған оқиғаның барлық мән-жайын айтып беріңіз. Бірқатар жағдайларда уақтылы медициналық көмек болмауы кезінде тағамдық улану тіпті өлімге әкелуі мүмкін.

 

Маңызды: қолдану алдында нұсқаулықпен танысыңыз немесе емдеуші дәрігеріңізден кеңес алыңыз.