Данный раздел предназначен только для медицинских и фармацевтических работников.
Если Вы медицинский
или фармацевтический
работник, нажмите кнопку
Если Вы не являетесь
медицинским или
фармацевтическим
работником, нажмите
РастаңызАртқа қайту
Фильтрум / Фильтрум® туралы

ІШЕК ИНФЕКЦИЯЛАРЫНА ҚАРСЫ ФИЛЬТРУМ® ДӘРІСІНІҢ СИПАТТАМАСЫ

ФИЛЬТРУМ® ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Фильтрум® – бұл түрлі улануларға қарсы заманауи препарат. Оның негізін табиғи энтеросорбент - лигнин құрайды, ол ағашты арнайы өңдеу жолымен алынады. Белсендірілген көмірден ерекшелігі, лигнинді алу үшін ағаш өртелмейді, бұл ішек инфекцияларына қарсы Фильтрум® препаратына едәуір артықшылықтар береді.

Оның әсері айқын сіңіру белсенділігіне байланысты. Мәселен, зерттеулер ішек инфекцияларына қарсы Фильтрум® дәрісінің сіңіру сыйымдылығы белсендірілген көмірге қарағанда көп есе жоғары екендігін көрсетеді.

НЕЛІКТЕН ДӘЛ ФИЛЬТРУМ®?

Ішек инфекцияларына қарсы Фильтрум® препараты тағамнан уытты улануда, қантышқақта, сальмонеллезде, диспепсияны кешенді емдеуде қолданылады.

Одан бөлек, ол холестериннің, билирубиннің, несепнәрдің және эндогенді (ішкі) токсикоздың дамуына жауап беретін басқа да заттардың артып кетуін еңсеруге жәрдемдеседі.

Ішек инфекцияларына қарсы Фильтрум® құралы тек «ірі» молекулалар – ауру туғызатын микроорганизмдер мен олардың уыттарын ғана емес, сондай-ақ алкоголь, дәрі-дәрмек препараттары, ауыр металлдар тұздары, улар секілді төмен молекулярлы қосылыстарды бейтараптандыра алады. Дәл осы қасиеті Фильтрум® көптеген басқа энтеросорбенттер арасынан ерекшелейді. Бұл құрал түрлі улануларға әбден лайық!

ФИЛЬТРУМ® ЗИЯНДЫ МА?

Фильтрум® уытты емес және ағзадан 24 сағаттың ішінде шығарылады. Белсендірілген көмірмен салыстырғанда, Фильтрум® асқазан мен ішектің қабырғаларының қабынуын туғызбайды, демек оның қауіпсіздігі айтарлықтай жоғары. Бұл құрал міне, осылайша жұмыс істейді.

Әлбетте, кез келген сенімді дәрі-дәрмек препараты секілді, Фильтрумның® қарсы көрсетімдері бар. Олардың тізімімен Сіз нұсқаулықтан таныса аласыз.

Ішек инфекцияларына қарсы құрал Фильтрумды® кез келген дәріханадан сатып ала аласыз!

СІЗ НЕДЕН УЛАНДЫҢЫЗ?