Данный раздел предназначен только для медицинских и фармацевтических работников.
Если Вы медицинский
или фармацевтический
работник, нажмите кнопку
Если Вы не являетесь
медицинским или
фармацевтическим
работником, нажмите
РастаңызАртқа қайту
Фильтрум / Саңырауқұлақтар

САҢЫРАУҚҰЛАҚТАН УЛАНУ:

САҢЫРАУҚҰЛАҚТАН УЛАНУ СЕБЕПТЕРІ:

  • Уыттары бар саңырауқұлақтардың уландыруы

  • Терілген саңырауқұлақтардың кулинариялық өңдеуінің сақталу ұзақтығы, немесе дайындалған саңырауқұлақтардың сақталу ұзақтығы

  • Саңырауқұлақтардың зиянкестермен, соның ішінде, саңырауқұлақ масаларымен бүлінуі

  • Алкогольдің кей түрлерімен саңырауқұлақтарды бірге қолдану

  • Ағзаға зиян келтіретін тамыр денелерінің саңырауқұлақтың өсу барысында жинақталуы (ауыр металлдар және т.б.)

  • Тамаққа саңырауқұлақтың түрлерін жиі қолдану
    Жиырылмалы

ЕҢ АУЫР УЛАНУДЫ ТУДЫРАТЫН
САҢЫРАУҚҰЛАҚТАР:

  • БОЗ ПОГАНКА

  • МУХОМОР

  • САЙТАН
    САҢЫРАУҚҰЛАҒЫ

  • ЖАЛҒАН ОПЯТА

  • САСЫҚ САҢЫРАУҚҰЛАҚ

  • ПАНТЕРЛІК САҢЫРАУҚҰЛАҚ

 

Саңырауқұлақпен уланудың симптомдары

Саңырауқұлақпен уланудың симптомдары төмендегілерді қамтиды:

  • Жоғары қарқындылықты іштегі, көбінесе асқазан мен кіндіктің тұсындағы аймақта толғақ тәрізді ауырсыну.
  • Жүректің айнуы, көп рет қайталанушы қалжыратататын және тез арада сусыздануға әкелетін құсудың қосылуы да сирек емес.
  • Диарея (іш өту).
  • Әлсіздікке, бастың айналуы мен ауыруына әкелетін жалпы уыттану.
  • Жүректің уытты зақымдалуының белгілері – артериялық қысымның төмендеуі, аритмияның дамуымен жүрек қызметін ауырлату.
  • Сананың ауырлауы, сіңірлердің тартылуы, сезімталдықтың бұзылуы, қозғалыс үйлесімділігінің бұзылулары және бас миына уыттардың әсер етуімен байланысты басқа белгілер.
  • Уытты гепатиттің (бауырдың зақымдалуы) дамуы салдарынан сары ауру.
  • Несеп бөлінуінің мөлшері азаю, онда қанның пайда болуы, белдің ауруы. Бұл жіті бүйрек жетіспеушілігі дамуымен бүйрек қызметінің бұзылуының белгілері.
  • Эритроциттердің – оттегін тасымалдау үшін жауапты қан жасушаларының ауқымды ыдырауы (гемолиз).

Саңырауқұлақпен улану кезінде алдымен асқазан-ішек бұзылыстары және жалпы уыттанудың белгілері пайда болады. Ал біршама уақыт өткеннен кейін ішкі органдардың уытты зақымдалуы орын алады, бұл бүйрек, бауыр, жүрек жетіспеушілігіне әкелетін олардың қызметінің нашарлауына апарып соғады. Және оның алдында уланған адам жағдайының біршама жақсаруы да кездеседі, оны «жақсы аралық» деп атайды. Ішкі органдардың уытты зақымдалуы – саңырауқұлақпен уланудың ең қатерлі салдары.

Емдеу

Саңырауқұлақпен улану ең қауіптілердің бірі болып саналады. Және оның салдарын дәрігер емдеуі қажет, медициналық көмекке мүмкіндігінше ерте жүгінген жөн. Зардап шегушіні шұғыл ауруханаға жатқызу қажеттілігі де сирек емес. Бірақ уланудың алғашқы белгілері анықталғаннан бастап емдеуді маманның қарап-тексеруіне дейін бастаған жөн, ол төмендегілерді қамтуы тиіс:

  • Асқазанды тазарту. Артынан құсуды шақыртатын мол су ішу асқазан-ішек жолының жоғарғы бөліктерін әлі сіңіп үлгермеген уыттардың елеулі мөлшерінен босатуға мүмкіндік береді. Бірақ уланған адамның сіңірлері тартылып, санасы ауырлаған ауыр жағдайы кезінде, құсықтың тыныс алу жолдарына түсуіне жол бермеу үшін асқазанды өз бетінше тазартуды жасау ұсынылмайды.
  • Энтеросорбенттерді қолдану. Бұл уыттардың ішекке сіңуін азайтып, одан әрі емдеуді жеңілдетеді. Таңдаудың басымдылығы адсорбциялық қабілеті жоғары заманауи препараттарға – мысалы, Фильтрумге® беріледі.
  • Сұйықтықты жоғалтудың орнын толтыру үшін және уытсыздандыру мақсатымен жиі сусын ішу қажет.

Бұдан әрі қарай емдеуді дәрігер таңдайды, өз бетінше басқа да препараттарды тағайындау және қабылдау ұсынылмайды.

Саңырауқұлақпен улануға жол бермеу

Саңырауқұлақпен уланудың профилактикасы төмендегілерді қамтиды:

  • Саңырауқұлақтың жеуге жарамдылығында қандай болмасын күмәннің пайда болуы кезінде – оны тамақ ретінде қабылдаудан қалтқысыз бас тарту.
  • Саңырауқұлақты аспаздық өңдеу мен дайындаудың ережелерін сақтау. Бұл әсіресе шикі түрінде тамаққа қолдануға болмайтын шартты түрде жеуге жарамды түрлерін тұтыну кезінде маңызды.*
  • Саңырауқұлақ теру ережелерін сақтау. Үлкен жолдардың бойында, өнеркәсіптік кәсіпорындардың маңында, құрғақтык кезінде терілген саңырауқұлақтар жеуге жарамсыз болып саналады.
  • Тамаққа тек жаңадан терілген, бүліну белгілері жоқ және саңырауқұлақ шыбындарымен ластанбаған саңырауқұлақтарды пайдалану.
  • Бұрын дайындалған саңырауқұлақтың сақтау ережелерін бұзбау.
  • Кептірілген саңырауқұлақты сатып алудан бас тарту, өйткені дайындаудың бұл тәсілі жеуге жарамды түрлерін улылардан дұрыс ажыратуға мүмкіндік бермейді. Үй жағдайында тұздалған және маринадталған саңырауқұлақты да сақтықпен алу қажет.

Саңырауқұлақпен улану негізінен жабайы өсетін түрлерін тамаққа пайдалану кезінде туындайды. Арнайы өсірілген түрлері: қозықұйрықтар, аспа саңырауқұлақтар және басқалары жеткілікті түрде қауіпсіз болып саналады, сондықтан мүмкіндігінше дәл осындай саңырауқұлақтарды таңдау ұсынылады.

*Шартты түрде жеуге жарамды саңырауқұлақтар жеуге жарамдылардан, шартты түрде жеуге жарамдыларды шикі түрінде мүлдем тұтынуға болмайтындығымен ерекшеленеді.

 

Фильтрум улану кезінде:

Filtrum 400 mg
  • Әрбір 10-15 минут су ішу

  • Фильтрумды® 2-3 таблеткадан күніне 3-4 рет ішу

  • Қажет болғанда дәрігер шақыру