Данный раздел предназначен только для медицинских и фармацевтических работников.
Если Вы медицинский
или фармацевтический
работник, нажмите кнопку
Если Вы не являетесь
медицинским или
фармацевтическим
работником, нажмите
РастаңызАртқа қайту
Фильтрум / Жұмыртқалар

ЖҰМЫРТҚАДАН УЛАНУ:

ЖҰМЫРТҚАДАН УЛАНУ ҚАТЕРІН ҚАЛАЙ ТӨМЕНДЕТУГЕ БОЛАДЫ?

  • Тамаққа тек таза жұмыртқаны қолданыңыз ( оның «шыққан мерзімін» қабығынан табуға болады)

  • Қолданар алдында жұмыртқаның сыртын сабынмен жуыңыз.

  • Жұмыртқаны Цельсия бойынша 70 градустан жоғары температурада дайындаңыз

Аурудың жиі кездесетін қоздырғышы - сальмонелла түріндегі бактерия.

Ол жұмыртқада 1 жылға дейін және одан да көп , ал жұмыртқаның қабығында 24 тәулікке дейін сақталады.


 
 

Себептері

Жұмыртқаны тұтыну кезіндегі уланудың негізгі себебі – сальмонеллаларды жұқтыру, бұл жағдайда адамда сальмонеллездің дамуы туралы айтуға болады.

Сальмонеллалар талшықтар көмегімен белсенді қозғалысқа қабілетті таяқша тәрізді бактериялар болып табылады. Олар қоршаған ортада жеткілікті түрде төзімді және сонымен қатар адамның, көптеген жануарлар мен құстардың ішегінің арнасында көбейе алады. Сальмонеллалар 2 түрлі уыттарды бөледі:

  • Экзотоксиндер, олар тірі бактериялармен өндіріледі. Сальмонеллалармен бөлінетін энтеротоксин ішектің жұмысын бұзады, ал цитотоксин жасушалардың бұзылуына ықпал етеді.
  • Эндотоксин, ол бактериялардың өлуі және бұзылуынан кейін ғана бөлінеді және әсер етеді. Жүрек, ми және басқа органдардың жұмысының бұзылуымен жалпы уыттанудың себебі болып табылады.

Сальмонеллезбен ауыратын тауықтардың жұмыртқасы оларда қабығының пайда болуына дейін ауруды жұқтыруы мүмкін, себебі сальмонеллалар құстардың аналық безіне еніп, олардағы жетілу үстіндегі аналық жасушаларды зақымдай алады. Бұл жағдайда ақуыз да, сарыуыз да 100% инфекция жұқтырған болады. Сондай-ақ сальмонеллалар жұмыртқаға жұмыртқалау жолдарынан өту кезінде жұғуы да мүмкін. Бактериялар қабықтың тесіктері арқылы еніп, оның ішкі бетінде ұя салады, біртіндеп ақуызға таралады.

Және сондай-ақ, жаңа табылған жұмыртқаның іші әлі зарарсыз, бірақ сырты сальмонеллармен ластанған жағдай да орын алуы мүмкін. Бұл жағдайда бактериялар біртіндеп қабықтың ішкі бетін инфекциямен залалдайды (сақтау мерзімі ішінде) немесе жуылмаған жұмыртқаны жару кезінде дайындалып жатқан тамаққа түсіп кетеді.

Жұмыртқамен улану қалай туындайды

Жұмыртқамен улануға ықпал ететін факторлар:

  • Шикі жұмыртқаның қабығын пайдалану алдында жуудан бас тарту.
  • Жұмыртқаны ұзақ сақтау. Сонымен қоса оларда әлі бүліну белгілері болмайды, бірақ сальмонеллалардың колонияларымен мол көмкерілген болуы мүмкін.
  • Жұмыртқаны шикі немесе жеткілікті термиялық өңделмеген түрінде тұтыну.

Мысалы, майонездің және кейбір басқа аспаздық соустар, мусстар, кремдердің құрамына кіреді. Ал көптеген адамдар жартылай сұйық сарыузды пісірілген немесе қуырылған жұмыртқаны артық көреді.

Сальмонеллалар бүкіл жұмыртқаларда кездесе бермейді. Бірақ жұмыртқа бұл бактериялармен залалданғанын түсіну мүмкін емес, өйткені олар бүлінуді тудырмайды және оның бетінде сыртқы өзгерістердің пайда болуына әкелмейді.

Симптомдары

Жұмыртқамен улану – бұл көбінесе жіті сальмонеллездің асқазан-ішек түрі.

Ауруға тән белгілерге төмендегілер жатады:

  • жүректің айнуы, бір рет немесе қайтара құсу;
  • іш өту (диарея);
  • іштегі түрлі сипатты орташа қарқынды ауырсыну, жиі толғақ тәрізді;
  • аса газ түзілуге (метеоризмге) байланысты іштің кебуі;
  • іштің шұрқырауы пайда болумен аш ішектің күшейтілген перистальтикасы;
  • жалпы уыттанудың белгілері (дімкәстік, бас ауруы, әлсіздік), дене температурасының көтерілуі, артериялық қысымның төмендеуге бейімділігі.

Айқын ішек бұзылулары кезінде уланған адамда жуық арада сусызданудың белгілері пайда болады, бұл оның хал-күйіне жағымсыз әсер етеді. Аурудың жағымсыз ағымы кезінде жүректің, бүйректің, бауырдың, бас миының уытты зақымдалуының белгілері байқалатын, сальмонеллездің жайылған түрі дамиды. Уланған адамның жағдайы ауырлайды және шұғыл ауруханаға жатқызуды талап етеді, бірақ ең жақсысы, бұл түрі сирек кездеседі.

Емдеу

Жұмыртқамен уланудың бірінші белгілерінің өзінде ауырып қалған адамның ас қорыту жолындағы сальмонеллалардың концентрациясы мен олардың уыттарын төмендету үшін шаралар қолданған дұрыс. Соданың әлсіз ерітіндісімен асқазанды шаю немесе тым болмаса құсуды шақырту ұсынылады.

Емдеудің міндетті компоненті – сусын ішу. Бұл диарея (іш өту) кезіндегі сұйықтықты жоғалтуды өтейді, сондай-ақ уыттануды азайтуға көмектеседі және ішектен сальмонеллалардың шығуын жеделдетеді. Арнайы әлсіз тұзды ерітінділерді қолданған жөн, бірақ үй жағдайында дене температурасындағы қарапайым су да жарайды. Құсуды тудырмау үшін шамалы порциямен, жиі ішкен дұрыс.

Ал диареяны тоқтату үшін өз еркімен бактерияларға қарсы препараттар мен дәрі-дәрмекті тағайындау және қабылдау мүлдем ұсынылмайды. Сальмонеллалардың жаппай жойылуы және ішектің ішіндегісінің шығарылуының баяулатылуы эндотоксиндердің жинақталуына ықпал етіп, ағзаның уыттануының (улануының) күшейтілуіне әкеліп соғады.

Жұмыртқамен улану кезіндегі оңтайлы препараттар болып энтеросорбенттер саналады – мысалы, Фильтрум®. Олар бактериялық уыттарды байлап (өз бетінде тұндырып), олардың сіңірілуін азайтады және ағзадан шығарылуына ықпал етеді.

Емделу схемасы мен әрі қарай қалпына келтіру жоспарын дәрігер таңдайды. Бұл жағдайда, балалардың, қарт адамдардың және жақында ауыруды басынан кешкеннен әлсізденген адамдардың улануы аса назар аударуды талап етеді.

 

Фильтрум улану кезінде:

Filtrum 400 mg
  • Әрбір 10-15 минут сайын су ішу керек

  • Фильтрумды® 2-3 таблеткадан күніне 3-4 рет ішу керек

  • Қажет болғанда дәрігер шақыру керек