Данный раздел предназначен только для медицинских и фармацевтических работников.
Если Вы медицинский
или фармацевтический
работник, нажмите кнопку
Если Вы не являетесь
медицинским или
фармацевтическим
работником, нажмите
РастаңызАртқа қайту
Фильтрум / Судан улану

СУДАН УЛАНУ:

СУДАН УЛАНУ ҚАТЕРІН ҚАЛАЙ ТӨМЕНДЕТУГЕ БОЛАДЫ:

  • Саяхаттағанда және табиғат аясында бөтелкедегі суды ішіңіз

  • Жемістер мен көкөністерді қайнаған сумен жуыңыз

  • Климаты ыстық елдерге саяхаттағанда тісіңізді бөтелкедегі сумен жуыңыз

  • Серуенге шыққанда, тіпті ыдыстарды жуғанда да ашық су қоймаларынан су алмаңыз

Су арқылы ішек жұқпасының қоздырғыштары: қантышқақ, сальмонеллез және тіпті тырысқақтың өзі беріледі. Сонымен қатар, «судан уланудың» себебі жуу кезінде өнімге түсетін вирустар болып саналады.


 
 

Cумен улану неліктен туындауы мүмкін

Таза су адам денсаулығы үшін қауіп төндірмейді. Су тіршілік көзі, өмір сүру үшін қажет әрі ажырамас шарты болып табылады. Бірақ кейбір жағдайларда суды тұтыну улану себебіне айналады. Бұл құрамында ауру тудыратын немесе кейбір шартты патогенді микроағзалар болғанда орын алады, яғни мұнда іс жүзінде су арқылы инфекцияны тарату жолы туралы сөз етіледі.

Егер адам ағзасына сумен қоса стафилококктар мен стрептококктар, әртүрлі дизентерия мен оба түрлерін қоздырғыштар, протей мен ішек таяқшасы, оба вибрионы, энтеровирустар мен басқа да зиянды бактериялар түссе, улану белгілері пайда болуы ықтимал. Бұл ретте су қоймаларындағы, су құбыры шүмегіндегі ішуге арналмаған суды тұтыну улану себебі болып табылады. Ұзақ уақыт ашық немесе жабық ыдыста тұрған су да бактериялық залалдануға ұшырайды.

Бір ыдысты дені сау және ауру адам қолдану салдарынан да жиі жұқтырылады.

Сумен улану инфекциялық емес сипатқа да ие болуы ықтимал. Бұл жағдайда ол ауыр металл қоспаларының, өнеркәсіптік қалдықтардың, ауылшаруашылық тыңайтқыштардың салдарынан туындайды.

Ол қалай білінеді

 Судың салдарынан улану, әдетте, асқазан-ішек жолымен байланысты тамақ уытты инфекция сияқты өтеді, оның негізгі белгілеріне мыналар жатады:

  • Жүректің айнуы, қайтара құсу.
  • Жиілеген сұйылтылған нәжіс, бұл жағдайда диарея (іш өту) туралы айтылады. Нәжіс ботқа тәрізді немесе сулы, қан немесе шырыштың аз мөлшері араласқан болуы мүмкін. Оның көлемі мен дефекациялар саны қоздырғышына байланысты, обатәріздес инфекциялардың өтуі қиындау болады. Ағза сусыздануының тез дамуы диареямен байланысты болады.
  • Іштің ауыруы. Олар толғақ тәрізді, мазасыздандыратын, ауырлық пен керіп ауырсыну сезімін беруі мүмкін.
  • Метеоризм.
  • Дене температурасының көтерілуі және жалпы уыттану.

Емдеу

Тағамдық уланудың көпшілігіндегідей сумен улану кезінде алғашқы жәрдем суды молынан ішіп, құсуды шақыру жолымен асқазанды босатудан тұрады. Бұл ретте микробтық залалдану мен улануға себеп болған дәл сол су көзін қолдануға болмайды.

Асқазанды тазалағаннан кейін энтеросорбенттерді (Фильтрумді®) қабылдауды бастау ұсынылады. Бұл ішек арнасындағы уытты адсорбциялап, олардың нәжіспен шығарылуын жеделдетеді. Улану кезінде энтеросорбенттерді қабылдау уыттану және асқазан-ішек жұмысының бұзылу белгілерін азайтуға септігін тигізеді.

Бұдан кейінгі емдеу схемасын дәрігер таңдайды.

Улануды болдырмау үшін нені ішкен абзал

Ішуге бөтелкеленген суды пайдалану ұсынылады. Бұл ретте аузы ашылған ыдысты оның ішіндегісінің ауамен жанасуын шектеп, ұзақ сақтамаған жөн. Ал бөтелкедегі судың бактериялық залалдану қатерін төмендету үшін ішер алдында су порциясын одан жеке ыдысқа, тостағанға, стақанға және т.б. құю қажет.

Фильтрдің шығыс элементтері дер кезінде тазартылып, нұсқаулыққа сәйкес ауыстырылған жағдайда фильтрленген суды да ішуге жаратуға болады.

Егер ішуге басқа, онша қауіпсіз емес көздерден алынатын су пайдаланылатын болса, оны алдын ала қайнатқан абзал. Бұл кәдімгі су құбырындағы суға да қатысты. Суды қайнату оны зарарсыздандыруға септігін тигізеді, бірақ оны қайта бактериялық залалданудан қорғамайтынын ұғынған жөн. Сол себепті қайнаған суды шектеулі уақыт ішінде ғана сақтап, тұтынуға болады.

 

Фильтрум улану кезінде:

Filtrum 400 mg
  • Әрбір 10-15 минут су ішу

  • Фильтрумды® 2-3 таблеткадан күніне 3-4 рет ішу

  • Қажет болғанда дәрігер шақыру