Данный раздел предназначен только для медицинских и фармацевтических работников.
Если Вы медицинский
или фармацевтический
работник, нажмите кнопку
Если Вы не являетесь
медицинским или
фармацевтическим
работником, нажмите
Жүйеге кіріңізАртқа қайту
Фильтрум / Десерттер

ДЕСЕРТТЕРДЕН УЛАНУ:

ДЕСЕРТТЕРДЕН УЛАНУ ҚАТЕРІН ҚАЛАЙ ТӨМЕНДЕТУГЕ БОЛАДЫ?

  • Десерттер, тәтті тоқаштар мен кремі бар торттарды сақтамай, бірден жеп қойған дұрыс.

  • Егер сатып алынған өнімнің сақтау мерзімі өтіп кеткен болса, қанша жерден қимасаңыз да лақтырып тастаңыз.

  • Кремі бар кондитер өнімдерін жабық контейнерлерде тек тоңазытқышта сақтаңыз.

  • Десерт сатып аларда, оның қайда сақталғанына назар аударыңыз. Егер тоңазытқышта сақталмаса - сатып алудан бас тартыңыз.

  • Егер қолыңызда жара бар болса, онда десерттің дайындалуын басқа адамға жүктеңіз.

Көбінесе уланудың себебі болып стафилококк бактериясы саналады, нақты айтқанда ол бөлетін уыт.

Стафилококк көбінесе тағамға белгілі бір іріңді ауруға шалдыққан аспаз арқылы түседі (фурункулез, іріңдеген жара, ангина, синусит). Стафилококктық уыт астың дәмін немесе иісін бұзбайды, қыздырғанға және 100 С дейін 1-2 сағатқа шыдайды.

 
 

Десерттер жиі улану себебі болуы неліктен?

Десерттер басым көпшілік жағдайда рецептурасы бойынша күрделі, жекелеген компоненттерді әзірлеудің әртүрлі технологиясы бар тәтті тағамдар болып табылады. Олар көптеген микроағзалар үшін керемет қоректік орта болып есептеледі және оларды тағамдық уытты инфекциялардың туындау қатері жоғары өнімдерге жатқызуға болады. Өйткені десерттермен уланудың негізгі себебі – олардың құрамындағы бактериялар. Олар стрептококктар, стафилококктар, протей, ішек таяқшасы және адам ағзасы үшін шартты патогенді микроағзалардың бірқатары болуы ықтимал.

Десерттен улану қаупін нелер арттырады?

  • Десертті дайындау кезінде минималды жылумен өңдеуден өткен немесе мүлдем өтпеген жұмыртқалар мен сүт өнімдерін пайдалану. Бұл әсіресе мол жұмыс тәжірибесі бар кондитермен пісірілгенмен, үйде өндірілген өнімдерге қатысты сынға ие.
  • Температуралық сақтау шарттарының сақталмауы.
  • Дайын аспаздық өнімді көп мәрте тасымалдау.
  • Кондитер немесе дайын өнімдер сатушысында терісінде іріңдердің, баспаның немесе басқа да инфекциялық аурулардың болуы. Жақын арада ішек инфекцияларының болу фактісі, әсіресе оны емдегеннен кейін нәжіс бақылау бактериологиялық зерттеуден өткізілмесе,зор маңызға ие болады.
  • Тамаққа жарамдылық мерзімі аяқталып жатқан аспаздық өнімді пайдалану.

Бұл ретте улануға себеп болған десерттер, әдетте, бүлінгендігінің сыртқы және дәмдік белгілері болмайды, сол себепті қауіптену сезімін туғызбайды.

Десертпен улану: ол қалай білінеді

Десертпен улану белгілерінің көптеген тағамдық уытты инфекциялардан түбегейлі айырмашылықтары болмайды, бұл аурудың белгілеріне мыналар:

  • әдетте залалды десертті тұтынудан кейінгі бірнеше сағат ішінде құсу мен жүрек айнудың пайда болуы;
  • Үдеп бара жатқан жалпы әлсіздік, талмаурау сезімі, бас ауруы белгілері түрінде уыттанудың пайда болуы;
  • дене температурасының көтерілуі;
  • ішек бұзылуының – диарея (іш өту), іштің кебуі мен жиілеген ішек перистальтикасы бар метеоризмнің, асқазан тұсында және кіндіктің жанынан ауырсынудың қосылуы жатады.

Десерттермен улану өте ауыр түрде өтуі мүмкін, себебі тәтті тағамда бактериялар мен олардың уытының едәуір мөлшері шоғырлануы ықтимал.

Десерттермен улану белгілерімен қалай күресуге болады

Десерттермен улану кезіндегі алғашқы жәрдем асқазанды босатудан тұрады, бұл ішекке түсетін бактериялар мен уыт мөлшерін азайтуға мүмкіндік береді. Бұл үшін азғана уақыт аралығында судың көп мөлшерін бірнеше рет ішіп, құсуды шақыру ұсынылады. Қажеттілік туындағанда, асқазанды тамақ қалдықтарынан толығымен босату үшін процедураны қайталауға болады.

Емделудің келесі кезеңі – бұл энтеросорбенттерді қабылдауды бастау (мысалы, Фильтрумді®). Олардың негізгі міндеті өз бойына уытты тұндыру (адсорбция) болып табылады. Энтеросорбенттер қанға сіңірілмейді, тек асқазан-ішек жолының арнасында, көбінесе ішекте әсер етеді. Оларды қолдану уыттанудың азаюына, оның адам бойында бар белгілерді жеңілдетуге, уланудан кейінгі қалпына келу процесін жеделдетуге көмектеседі.

Бұдан кейін емдеу тек дәрігердің нұсқауымен жүргізіледі. Дәрі-дәрмектерді өздігінен қабылдау уланудың өршуі және асқыну қаупіне ие.

 

Фильтрум улану кезінде:

Filtrum 400 mg
  • Әрбір 10-15 минут су ішу

  • Фильтрумды® 2-3 таблеткадан күніне 3-4 рет ішу

  • Қажет болғанда дәрігер шақыру