Данный раздел предназначен только для медицинских и фармацевтических работников.
Если Вы медицинский
или фармацевтический
работник, нажмите кнопку
Если Вы не являетесь
медицинским или
фармацевтическим
работником, нажмите
Жүйеге кіріңізАртқа қайту
Фильтрум / Ет өнімдері

ЕТТЕН УЛАНУ:

ЕТТЕН УЛАНУ ҚАТЕРІН ҚАЛАЙ ТӨМЕНДЕТУ КЕРЕК?

  • Ыдысты және аспапты шикі еттен ас дайындар алдында және кейін мұқият жуыңыз

  • Дайын ет өнімдерін шикі еттен бөлек сақтаңыз

  • Дайындар алдында ет жартылай фабрикаттардың мерзімін тексеріңіз.

  • Мұздатылған ет пен тартылған етті - 18°C сақтаңыз. Шошқа етін 8 айдан көп емес, қой етін -10, сиыр етін 12 айдан көп емес уақыт сақтаңыз.

 
 

Себептері

Етпен улану көбінде оның түрлі микроағзалармен инфекциялануына байланысты. Ол стафилококктар, стрептококктар, энтеровирустар, ішек таяқшасы, протей, зең болуы мүмкін. Ал консервіленген ет өнімімен улану жағдайында ботулизм Клостридиясы атты ерекше бактерия қоздырғыш болып табылады.

Еттегі микроағзалардың көбеюінің негізгі себептері – оның сақтау ережелері мен мерзімдерін бұзу, жеткіліксіз термиялық өңдеу және консервілеу кезіндегі қателер. Жағдайлардың көбінде бүлінудің бастапқы белгілері бар ескірген өнімді тұтыну жөнінде айтылады. Ал осындай еттің жағымсыз иісі мен өзгертілген дәмін алақол аспаздар өткір татымды соустар, маринадтар, ұнтақтар арқылы жасыруы сирек емес.

Ботулизмді жұқтыру бұлардан ерекше жағдай. Құрамында ботулотоксині бар консервілердің ешқандай көзге көрінер және дәмдік ерекшеліктері болмайды.

Симптомдары

Етпен улану әдетте тағамдық уытты инфекция түрінде өтеді, оның симптомдарына төмендегілер жатады:

  • Жүректің айнуы, қайтара құсу.
  • Сұйылтылған жиі дәрет (іш өту немесе диарея), кейде ішек қабырғасының шырышты қабығының зақымдалуына байланысты қан мен шырыштың қосылуымен. Бұл сұйықтықты жоғары жоғалтуға байланысты ағзаның сусыздануына әкеледі.
  • Іштегі ауырсыну, ішектің күшейтілген перистальтикасы, метеоризм.
  • Әлсіздік, дімкәстікті сезіну, бастың ауыруы мен айналуы түріндегі жалпы уыттану. Әдетте дененің температурасы көтеріліп, тамырдың соғуы жиілейді.

Ботулизм консервіленген етпен уланудың ерекше түрі болып табылады. Клостридиямен бөлінетін ботулотоксин көбінесе жүйке жүйесін зақымдайды. Сондықтан, мұндай улану көзге қос көрінумен, бұлшықеттің патологиялық әлсіздігімен, жұту, тыныс алу және жүрек қағуының бұзылыстарымен, сөйлеудің нашарлауымен қатар жүреді.

Қалай емделеді

Етпен улану кезіндегі алғашқы көмек асқазанды шаюды қамтиды. Ас содасы ерітілген судың көп мөлшерін ішіп, құсуды шақырту қажет. Бірақ уланған адамның ауыр жағдайы кезінде, онда тыныс алудың бұзылу белгілері пайда болған және санасының шатасуы кезінде шаюды өз бетінше жасау ұсынылмайды. Мүмкіндігінше тезірек дәрігерді (Жедел жәрдемді) шақыру тиіс.

Асқазанды тазартудан кейін энтеросорбент препараттарын қабылдауды бастау ұсынылады. Олар тек қана асқазан-ішек жолының арнасында әсер етеді және түрлі уыттарды өздеріне сіңіреді (тұндырады). Бұл оларды ағзадан шығаруды жеделдетуге, интоксикацияның айқындылығын азайтуға және сауығуды жеделдетуге көмектеседі. Көбінде бұл мақсатта Фильтрум® қолданылады.

Етпен улану кезінде басқа препараттарды өз бетінше қолдану ұсынылмайды. Емдеуді науқастың жалпы жағдайын, оның симптомдарының сипатын және ауырлығын ескере отырып, дәрігер таңдау керек.

Фильтрум улану кезінде:

Filtrum 400 mg
  • Әрбір 10-15 минут су ішу

  • Фильтрумды® 2-3 таблеткадан күніне 3-4 рет ішу керек

  • Қажет болғанда дәрігер шақыру керек