Данный раздел предназначен только для медицинских и фармацевтических работников.
Если Вы медицинский
или фармацевтический
работник, нажмите кнопку
Если Вы не являетесь
медицинским или
фармацевтическим
работником, нажмите
Жүйеге кіріңізАртқа қайту
Фильтрум / Теңіз өнімдері

БАЛЫҚТАН УЛАНУ

Балықтан улану — адамдардың дәрігер көмегіне жиі жүгінетін кең таралған түрі. Тіпті дұрыс дайындалған бұл өнім тез бүлінеді және оны сақтаудың қарапайым ережелерін сақтамау улануға әкеліп соғуы мүмкін. Сонымен қатар балықты өндірістік қалдықтар мен ағын сулармен ластанған су қоймаларынан алу жағдайы жиі кездеседі. Мұндайда дәмді түскі немесе кешкі аспен бірге адам ағзасына ауыр металл тұздары, сынап, жұқпалы агенттер және басқа да токсикалық заттар түседі.

БАЛЫҚТАН УЛАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Балықтан улану адам ағзасына оның өмірлік маңызды органдары мен қызметінің бұзылуына әкелетін заттардың түсуі деген сөз. Балықтың өзі сол уыттарды мына жағдайларда бойына «жинап алуы» мүмкін:

  • талапқа сай жағдайда сақтамағанда. Мұндайда балықтың тіні шіріп, оның процесінде уландыратын заттар пайда болады. Жаңа ауланған балық немесе мұздатылған балықты сатып алғанда міндетті түрде оның сыртқы қалпына назар аударыңыз. (оның тұрқы ісініп, көзі тұманданып тұрмауы керек, құйрығы жоғары көтерілген немесе кеуіп қалған болса, денесі жылбысқыланып тұрса, өзіңізді тежеңіз);
  • консервілеу, тұздау, қақтау кезінде санитариялық-гигиеналық талаптар сақталмауы және мерзімі өткен қоспалар: өсімдік және жануар майлары, көкөніс шырындары немесе көкөністер салынуы мүмкін;
  • Балық ластанған су қоймасында тіршілік еткенде;

емдеу

Балықтан уланғанда міндетті түрде дәрігер көмегіне жүгініңіз, ол уланудың себебін анықтайды және емдеудің дұрыс тактикасын таңдайды. Алғашқы көмек көрсету үшін қан тамырларының уыттарды сіңіруін тоқтатады, оның басым бөлігі ащы ішек арқылы қанға тарайды. Жаңадан пайда болған Фильтрум® препараты уыттарды сіңіруді төмендетуге ықпал етеді, өйткені әсер ететін лигнин – зиянды заттардың үлкен спектрін сіңіреді.

Мұндайда Фильтрум® ауқымды көрсеткіштер диапазонымен толыққан, сондықтан оны кез келген улануларда қолдануға болады.

Балықпен улану неліктен мүмкін

Балықты тұтыну кезіндегі уланудың ықтимал себептеріне төмендегілер жатады:

  • Жақында ауланған, мұздатылған немесе дайындалған балықтың бактериямен залалдануы.

Көбінесе, бұл температуралық режимді бұзу, тым ұзақ уақыт сақтау, қайтара еріту арқылы сақтау ережелерін бұзу кезінде орын алады. Түрлі бактериялардың колониялары тез арада балықтың қабыршағы мен желбезегінде, сондай-ақ ұшасының қалың қабатында да көбейе бастайды. Бұл жағдайда көбінде термиялық өңдеуге төзімді және толықтай жойылмайтын бактериялық уыттардың жинақталуы орын алады. Дәл осылар улануға әкеліп соғады.

  • Зеңді жұқтыру.

Уланудың реті бактериямен залалданған балықпен уланумен бірдей. Адам үшін уытты заттектерді Аспергилла, Фузария, Пенициллин тектес зеңдер бөліп шығаруға қабілетті.

  • Балықтардың кейбір түрлеріне тән улы заттар.

Оларға тікенқұрсақ, қаяз, көкбас және кейбір басқаларын жатқызады. Сондай-ақ, мүшелері уылдырық шашатын кезеңде уытты болатын түрлері де (мысалы, шортан, лақа, скумбрия) кездеседі.

  • Балықта гистамин мен басқа да биогенді аминдер мөлшерінің көп болуы.

Әсіресе, олар тунец, албырт, скумбрия, майшабақтарда көп болады. Жаңа ауланған балықтағы бұл аминдердің концентрациясы тұтынудан кейін адамда уытты әсердің дамуы үшін жеткіліксіз. Бірақ сақталу процесінде бактериялардың әсерімен ұшада қарқынды түрде уыттар түзіле бастайды, және мұндай балықта бүлінудің немесе жидіп, бұзылудың көзге көрінер белгілері әлі болмауы мүмкін.

  • Ауыр металдар мен өнеркәсіптік өндіріс өнімдерінің жинақталуы.

Бұл балық экологиялық жағдайы жағымсыз тоғаннан ауланған кезде орын алуы мүмкін.

Балықпен уланудың белгілері

Балықпен уланудың симптомдары әртүрлі болады. Туындайтын бұзылулардың сипаты келіп түскен уыттың түріне байланысты. Патологиялық реакциялардың бірнеше түрлері болуы мүмкін:

  • Ең көп таралғаны – салдану нұсқасы.

Симптомдардың пайда болуы бактериялық уыттар жинақталатын ескірген балықты тұтынумен байланысты. Ең қауіптісі жүйкелік-салдандырушы әсер ететін заттар болып табылады. Мұндай улану кезінде ішек бұзылыстары дамиды (құсу, іш өту), бас миының уытты зақымдануының белгілері пайда болады. Құлақтағы шуыл, жүректің қағуы, демікпе, бастың айналуы мазалайды, сөз сөйлеу түсініксіз болып, қозғалыс үйлесімділігі бұзылады, көру қабілеті нашарлайды.

  • Оба тәрізді нұсқасы.

Ол өз уыттары (улары) немесе өмір сүру барысында жинақталған уытты заттары бар балықты пайдалану кезінде дамиды. Бұл асқазан-ішек бұзылуларының және уыттанудың жылдам дамуымен сипатталады. Уланған адамда еселенген судай сұйық диарея (іш өту), іштің бұрап ауыруы түріндегі қарқынды толғақ тәрізді ауырсыну, жүрек айнуы мен құсу, аяқ-қолдарының ұйып қалуы мен бұлшық еттерінің дірілдеуі пайда болады. Аузының аса құрғауы аясында қатты шөлдеу, жалпы әлсіздік мазалайды.

  • Сигуатера деп аталатын улану, оның дамуы бастапқыда улы емес, ағзасына сигуатоксин түскен теңіз рифы балықтарын тұтынумен байланысты.

Бұл ерекше заттек маржандарға «серіктес»-симбионат және балықтарға, ұлуларға, шаян тәрізділерге азық болып табылатын Динофлагеллят бір жасушалы талшықты балдырлардың кейбір түрлерімен өндіріледі. Осындай балдырлармен фитопланктонды жеу кезінде балықтар ауырмайды, бірақ олар сүтқоректілер үшін улы және ұзақ сақталатын сигуатоксиннің тасымалдаушысына айналады. Адамдағы сигуатердың белгілеріне асқазан-ішек бұзылуларын (іштің ауыруы, диарея, жүрек айнуы, құсу) және ерні мен тілінің жансыздануы, температура сезімталдығының бұрмалануы, қышу (бөртпесіз) және көз қарлығу түріндегі жүйке жүйесінің зақымдану белгілерін жатқызады. Бұл симптомдар улы балықтармен улануға өте ұқсас.

  • Ағзаға гистамин тәрізді биогенді аминдердің көп мөлшерде түсіп кетуіне байланысты Scombroid түріндегі улану.

Бұндай әсер көбінесе сондай жаңа ауланған емес қызыл балықты тұтынғаннан кейін дамиды. Іштің ауыруы, диарея (іш өту), ерні мен ауыздың ашып ауыруы, есекжем тәрізді бөртпелер пайда болады. Беттің терісі қызарып, жүректің қағуы байқалады.

Балықпен уланудың алдын алу

Балықпен улану – ең көп таралған тағамдық уыттанулардың бірі. Бірақ қарапайым профилактикалық ережелерді сақтау мұндай уланулардың қаупін елеулі төмендетуге көмектеседі. Не істеу қажет?

  • Ескіре бастаған балықты тұтынуға жол бермеу. Сатып алғанда және дайындау алдында ұшаларды бүлінудің белгілерін анықтау үшін мұқият тексеру.

Алаңдауды туғызатын белгілерге төмендегілер жатады:

көздерінің бұлдырлануы және шыны тәрізденуі, қабыршағының көмескілігі, ондағы шырыштың сапасының өзгеруі, борсыған иіс (ең алдымен ол желбезегінің төңірегінде пайда болады), желбезегінің түсі ашық қызылдан бозарған (қоңыр немесе сұр) түске өзгеруі, саусақпен басқанда қалатын шұңқырдың баяу жоғалуы.

  • Жеткілікті термиялық өңделмеген балықты тұтынуға жол бермеу.
  • Балықты дұрыс сақтау. Температуралық режим мен мерзімдерін сақтау, ұшаны бактериялардың тұқым себуінің ықтимал көздерінен оқшауландыру маңызды. Балықтың қайтара мұздатылуына, оның бөлме температурасында ұзақ маринадталуына жол бермеген дұрыс. Және бұл ережелер тек жаңадан дайындалған балық өнімдеріне ғана емес, сондай-ақ тұтынуға бірден дайын өнімдерге де жатады. Балықты қақтау, көмештеу, қуыру, пісіру оның бактерияларды қайта жұқтыруын жоққа шығармайды.
  • Балықтың әлеуетті улы сұрыптарын және кейбір балықтардың шоғалын тұтынуға жол бермеу, әсіресе қызыл балықтың жақында ауланғандығына ерекше назар аудару.

Белгісіз тоғандарда ауланған балықты сатып алмау. Бұл тағамға жинақталған ауыр металдар мен өнеркәсіптік улардың түсу қатерін төмендетуге көмектеседі.