СҮТ ӨНІМДЕРІНЕН УЛАНУ
СҮТТЕН УЛАНУ ҚАТЕРІН ҚАЛАЙ ТӨМЕНДЕТУГЕ БОЛАДЫ?
-
Тұмшаланған қаптамадағы пастерленген немесе стерилденген сүтті ғана алыңыз.
-
Бұрын еріген балмұздақты сатып алмаңыз
-
Тамақ ішер алдында және ас дайындарда қолыңызды жуыңыз
-
Сүтті және сүт өнімдерін тоңазытқыштың бөлек жерінде 2-3°С сақтаңыз
-
Тамақ дайындауда дұрыс сақталмаған сүтті қолданбаңыз
Сүт өнімдерінен улану көбінесе Шигелла немесе Стафилококк түріндегі бактериялардан туындайды.
Микроорганизмдер 6 дан 40°С температурада сақталуы мүмкін. Сүт өнімінің бүлінуіне 4-5 сағат жеткілікті
Сүт өнімдерімен улану неге байланысты
Адамның сүт және сүт өнімдерімен улануы, олардың құрамында бактериялар немесе олардың уыттары болған жағдайда дамиды. Олар патогендік және шартты түрде патогендік болуы мүмкін. Көбінесе жұқтырылған сүт өнімдерінде стафилококктар мен шигеллалар табылады, бірақ оларда стрептококктар, ішек таяқшасы және кейбір басқа микроағзалардың болуы да жоққа шығарылмайды.
Сүт пен одан жасалған өнімдерде пайда болуының себебі болып табылуы мүмкін:
- Сақтау мерзімдері мен ережелерінің бұзылуы. Ақаулар өндірістің түрлі кезеңдерінде орын алуы мүмкін: фермаларда, тасымалдау кезінде, сүт зауыттарында, дүкендерде, үй жағдайында. Сүт өнімдерін жазғы уақытта сақтау ережелеріне ерекше көңіл бөлу қажет.
- Сүтті тасымалдау және қайта өңдеу үшін ластанған ыдысты пайдалану.
- Бастапқыдан залалданған сүтті алу. Бұл сиырдың желінінің қабынуы кезінде немесе оның желіні сауу алдында жеткілікті тазартылмаған жағдайда орын алуы мүмкін. Тағы бір фактор – ластанған сауу аппаратын пайдалану.
- Сауу, тасымалдау, қайта өңдеу және қаптау кезеңдерінде сүтпен жанасатын адамдарда стафилококктық дерматиттердің немесе басқа инфекциялық аурулардың болуы.
Тексеруден және өңдеуден өтпеген (жеке тұлғалардан), құйылып өткізілетін сүтті сатып алу кезінде, әсіресе жылдың жылы мезгілінде, уланудың жоғары қаупі орын алады.
Негізгі симптомдары
Сүтпен уланудың симптомдары төмендегілерді қамтиды:
- Аурудың ең басында пайда болатын ас қорыту жолының жоғарғы бөліктерінің зақымдану белгілері (жүрек айнуы, қалжыратататын көп рет қайталанушы құсу).
- Іш өту (диарея) түріндегі ішектің бұзылуы, метеоризм, күшейтілген перистальтика (ішек қабырғасының жиі жиырылуы) аясындағы іштегі толғақ тәрізді ауырсыну. Көптеген жағдайларда бұл энтерит (аш ішектің зақымдалуы) болып табылады, сондықтан, нәжіс әдетте судай сұйық және қан немесе ұйысқан шырыштың патологиялық қоспаларысыз болады.
- Бактериялық уыттардың орталық жүйке жүйесіне, жүрекке және тұтастай алғанда бүкіл ағзаға әсер етуінен туындаған уыттану. Жалпы сырқаттану, күшейе түсуші әлсіздік, бастың айналуы пайда болады.
- Құсу мен диарея кезіндегі сұйықтықты жоғалтудың жоғарылауымен байланысты сусыздану (эксикоз) белгілері.
Сүт өнімдерімен улану – тағамдық уытты инфекцияның классикалық үлгісі.
Емдеу қағидаттары
Сүтпен және сүт өнімдерімен улануды емдеу бірінші кезекте асқазан-ішек жолындағы бактериялар мен олардың уыттарын азайтуға бағытталған. Сондықтан алғашқы көмек шараларына асқазанның тазартылуын жатқызады. Ол үшін оны шаюды жасауға немесе көп және жиі су ішіп, құсуды шақыртуға болады.
Осыдан кейін энтеросорбенттерді (мысалы, Фильтрум®) қабылдауды бастау ұсынылады. Уыттарды өзіне сіңіруге қабілетті және сол арқылы уыттану мен ішек бұзылуларын азайтуға ықпал ететін препараттарды осылай атайды. Сондай-ақ сусыздануды түзету үшін көбірек сұйықтық ішу қажет.
Сүт пен сүт өнімдерімен улану кезіндегі әрі қарай емделу дәрігердің бақылауымен жүргізілуі тиіс.
Фильтрум улану кезінде:
-
Әрбір 10-15 минут су ішу
-
Фильтрумды® 2-3 таблеткадан күніне 3-4 рет ішу керек
-
Қажет болғанда дәрігер шақыру керек