Данный раздел предназначен только для медицинских и фармацевтических работников.
Если Вы медицинский
или фармацевтический
работник, нажмите кнопку
Если Вы не являетесь
медицинским или
фармацевтическим
работником, нажмите
РастаңызАртқа қайту
Фильтрум / Фастфудтан улану

ФАСТФУДТАН УЛАНУ:

  • Улану қатері 7 есе өседі,
    егер адам қоғамдық тамақтану орындарында түстенетін болса, мысалы, мейрамханаларда, кафе немесе басқа да өзек жалғайтын жерлерде тамақтанса, тек үйде емес

  • Фастфудтан улану, көбінесе , ішек таяқшасы мен стафилококктан туындайды.

 

ФАСТФУДТТАН УЛАНУ СЕБЕПТЕРІ:

  • САҚТАУ ТАЛАПТАРЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ.

    Тез бүлінетін өнімдер -2 ден +4ºC дейінгі температурада және 72 сағатта кем емес уақытта сақталуы керек.

  • АСПАЗДЫҢ ҚОЛЫНДАҒЫ ЖАРАЛАР.

    Тіпті аспаздың саусағындағы кішкентай жара келушілердің жалпы улануына әкеліп соғуы мүмкін.

  • ЖЕКЕ БАС ТАЗАЛЫҒЫН САҚТАМАУ

    Мүмкін сіз гамбургер жер алдында қол жууды ұмытып кеткен шығарсыз?

ФАСТФУДТАН УЛАНУ
 

Негізгі белгілері

Фастфудпен улану белгілері әдетте микроағзалармен ластанған тамақты ішкеннен бірнеше сағаттан кейін білінеді және алғашқы тәулік ішінде клиникалық көрінісі толығымен көрінеді.

Мұндай тағамдық уланудың негізгі симптомдарына төмендегілерді жатқызады:

  • Асқазан-ішек жолының зақымдану белгілері. Іс жүзінде барлық уланғандарда алдымен жүрек айнуы мен құсу пайда болады, содан кейін оларға іштің ауыруымен және ішекте аса газ түзілуімен диарея (іш өту) қосылады. Екінші ретте сусыздану орын алады.
  • Дене температурасының көтерілуі және уыттану (дімкәстік, жалпы әлсіздік, бас және бұлшықет ауыруы, жүректің қағуы). Қатты улану кезінде шамадан тыс ұйқышылдық, есеңгіреу, қозғалыс үйлесімділігінің бұзылуы, сөйлеу және көру қабілетінің бұзылуы түріндегі бас миының уытты зақымдалуының белгілері пайда болады.
  • Терінің қышуы, қызаруы және бөртуіне шағымданумен токсикоаллергиялық дерматит. Бұл аллергия іспеттес реакция уланудың міндетті белгісі емес, оның пайда болуы иммундық жасушалармен уыттардың келіп түсуіне жауап ретінде гистамин мен басқа биологиялық белсенді заттардың көптеген мөлшерін шығаруына байланысты. Осының бәрі әдетте ұйқы безі мен өт шығару жүйесі жұмысының бұзылуы белгілерімен толықтырылады. Олардың пайда болуы артық тамақтану және фастфуд арқылы майлардың артық келіп түсуінен бұл органдардың шамадан тыс жүктелуімен түсіндіріледі.

Емдеу

Фастфудпен улануды емдеу дәрігердің қадағалауымен жүзеге асырылуы тиіс, бірақ ауырып қалған адамға алғашқы көмек мүмкіндігінше тез көрсетілгені жақсы. Бірінші кезектегі шаралар мыналарды қамтиды:

  • Ас қорыту жолының жоғарғы бөліктерін ішкен тамақтан, келіп түскен бактериялар мене олардың уыттарынан тазарту. Ол үшін асқазанның шайылуын қамтамасыз ету немесе жиі су ішу арқылы құсуды шақырту қажет.
  • Асқазан-ішек жолының арнасындағы бос уыттардың мөлшерін азайту үшін энтеросорбенттерді (Фильтрумді®) қабылдау, бұл уланудың негізгі белгілерінің ауырлығын төмендетуге көмектеседі.

Өз еркімен басқа да бір препараттарды қабылдамаған жөн, өйткені олар орын алған симптомдарды ескере отырып тағайындалуы қажет. Емдеудің оңтайлы тәртібін тек дәрігер таңдай алады.

Фастфудпен улануға жол бермеу

Мұндай уланудың ең тиімді профилактикасы – саламатты, табиғи және қауіпсіз тағамды таңдап, фастфудты пайдаланудан бас тарту.

Егер фастфуд тамақ ретінде таңдалған жағдайда, оны сатып алу кезінде бірқатар маңызды заттарға назар аударған дұрыс:

  • қажетті санитариялық-гигиеналық тексерулерден өтетін жеткілікті ірі және белгілі сату орындарын таңдау;
  • үй-жайдың, тұрынтақтың, үстелдердің, ыдыстың, қызмет көрсететін персоналдың қолы мен жұмыс киімінің тазалығына назар аудару;
  • сатып алынған тамақты бүліну, ластану, дұрыс емес дайындалудың белгілерін анықтау үшін мұқият қарап-тексеру.

Өнімдердің жаңа дайындалғандығында және мекеменің санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтауында аз-маз күмән пайда болған кезде осындай тағамды сатып алудан бас тарту арқылы фастфудпен улануға жол бермеуге әбден болады.

 

Фильтрум улану кезінде:

Filtrum 400 mg
  • Әрбір 10-15 минут су ішу

  • Фильтрумды® 2-3 таблеткадан күніне 3-4 рет ішу керек

  • Қажет болғанда дәрігер шақыру керек