Данный раздел предназначен только для медицинских и фармацевтических работников.
Если Вы медицинский
или фармацевтический
работник, нажмите кнопку
Если Вы не являетесь
медицинским или
фармацевтическим
работником, нажмите
Жүйеге кіріңізАртқа қайту

Сорбенттер – дегеніміз не?

СОРБЕНТТЕР

  1. Сорбенттер қалай жұмыс істейді?
  2. Сорбенттерді қашан қолданады?
  3. Сорбенттер кімге қарсы көрсетілген?
  4. Улану кезінде сорбенттерді қолдану
  5. Ішекті тазалауға арналған сорбенттер
  6. Аллергиялық реакциялар кезінде сорбенттерді қолдану
  7. Балаларға арналған сорбенттер
  8. Табиғи сорбенттер
  9. Сорбенттер: пайдасы мен зияны

Сорбенттер деп ағзадан түрлі уыттарды шығаруға көмектесетін заттарды атайды. Сорбенттер табиғи тектес немесе синтетикалық болуы мүмкін.

Сорбенттер қатарына энтеросорбенттер де жатады – тек АІЖ аумағында әсер ететін және уыттарды байлайтын сіңіруші заттар. Олар асқазанның сөлімен және басқа да сөлдермен өзара әрекет етпейді және ағзадан табиғи түрде шығады. Бұл ағзаны уытты (улаушы) заттардан тез және тиімді арылтуға мүмкіндік береді.

Фильтрум – бұл ағзадан алкогольді, аллергендерді, патогенді бактериялар мен бактериялық уыттарды, дәрілік препараттарды, уларды, ауыр металдардың тұздарын байлап, шығаратын табиғи энтеросорбент.

Сорбенттер қалай жұмыс істейді?

Энтеросорбенттер тікелей және жанама емдік әсерге ие.

Бұл препараттар:

  • сыртқы ортадан ағзаға түскен улар мен бөгдетектес заттарды күрмейді;
  • өзінің бетінде ішекте түзілетін ас қорыту өнімдерін ұстайды;
  • микробтық жасушаларды және олармен бөлінетін уыттарды адсорбциялайды;
  • ашытылу немесе шіру процестері кезінде түзілетін газдарды байлайды;
  • ішектің арнасына бөлінетін және көптеген уыттарды қамтитын ас қорыту сөлдерін тазартады;
  • ішек қабырғасының сезімтал жерлерін механикалық түрде тітіркендіріп, перистальтиканы күшейтеді;
  • ішектің ішіндегісінің қалыпты консистенциясының қалпына келтірілуіне ықпал етеді;
  • жоғары уытты заттардың ағзаға қауіпсіз қосылыстарға түрленуіне әкеледі.

Сорбенттердің бұл әсері келесі емдік нәтижелерге әкеледі:

  • аллергиялық реакциялар мен уланулардың айқындылығын әлсірету;
  • уытсыздандырудың ең басты органы – бауырға жүктемені азайту;
  • қалыпты ішек микрофлорасын қалпына келтіру;
  • зақымдалған шырышты қабықтың қалпына келтірілуін ынталандыру;
  • іштің кебуін кетіру;
  • ішектің қанмен қамтамасыз етілуін жақсарту;
  • су-тұз алмасуын қалыптандыру.

 

Сорбенттерді қашан қолданады?

Ең алдымен, сорбенттерді тағамдық уланулар, дәрілік препараттармен улану, сондай-ақ адамның ағзасына өнеркәсіптік улардың әсер етуі кезінде тағайындайды.

Сорбенттерді қашан қолданады?

Сонымен бірге, құрамында сорбенттері бар дәрілік препараттарды төмендегі жағдайларда қолданады:

  • асқазан сөлінің жоғары қышқылдығы;
  • метеоризм;
  • созылмалы бүйрек жетіспеушілігі;
  • гепатит, бауыр циррозы;
  • аллергиялық реакциялар;
  • аутоиммундық аурулар, соның ішінде онкология.

Маңызды! Сорбенттерді дәрілік препараттардан бөлек қабылдау қажет, және оларды қабылдау арасындағы уақыт кемінде екі сағат болуы тиіс. Бұл қағиданы сақтамаған кезде сорбенттерді қабылдаудың емдік әсері күрт төмендеп, онымен бірге қабылданған дәрілік препараттардың сіңуі бұзылады.

Сорбенттер Сіз алкогольді шамадан тыс тұтынғанда да қажет болады. Алкогольдік улану кезінде ағзада спирттің ыдырау өнімдері көп мөлшерде түзіледі, оның нәтижесінде зардап шегуші масаңдық табының жағымсыз симптомдарына тап болады. Бұл жағдайда энеросорбенттер көмектеседі.

Сорбенттер жұмырқұрт, лямблия немесе сальмонеллалар тәрізді паразиттермен тудырылған ауруларды емдеуге де тиімді.

Және сондай-ақ, сорбенттерді иммунитетті жоғарылату мақсатында да қолданады.

Медиктер жылына бірнеше рет сорбенттерді пайдаланумен қысқа профилактика курстарын өтуге кеңес береді.

Егер Сіз сорбенттерді негізгі емдеу құралы ретінде қабылдасаңыз, онда олармен бірге пробиотиктерді, дәрумендік-минералдық кешендерді қоса қабылдау қажет. Нақты емдеу курсын Сізге дәрігер белгілейді.

Сорбенттер кімге қарсы көрсетілген?

Құрамында сорбенттері бар препараттарды төмендегі жағдайларда пайдалануға болмайды:

  • жеке өзіндік көтере алмау;
  • асқазан мен он екі елі ішектің шырышты қабығының жарасы;
  • АІЖ-дан қан кету;
  • ішектің түйнегі.

 

Улану кезінде сорбенттерді қолдану

Улану кезінде сорбенттерді қолдану

Егер Сіз уланудан зардап шексеңіз, онда мүмкіндігінше қысқа мерзімде ағзаны уытты заттардан босатуыңыз қажет. Бұлт дертке әркім шалдығуы мүмкін, сондықтан үй дәрілік қобдишасында міндетті түрде сорбент препараттары болуы тиіс. Дәрілік препаратты таңдау кезінде, оның төмендегідей әсер ету сипаттамаларына назар аударыңыз:

  1. айқын сорбенттік (сіңіруші) қабілеті.
  2. қолдану қауіпсіздігі: сорбенттер қан ағысына түспеуі тиіс және ағзадан тез шығарылуы керек.

Ішекті тазалауға арналған сорбенттер

Ішекті тазалауға арналған сорбенттер

Ішектің интоксикациясы ауыздан жағымсыз иіс, аса терлеу, бөртпе, тілдің ақ жабыны, жүрек айну, құсу, іштің кебуі, метеоризм сияқты белгілермен көрінеді.

Маңызды! Сорбенттерді тамақ ішуден бір сағат бұрын немесе тамақ ішуден бір сағаттан кейін қабылдау ұсынылады. АІЖ-дан уыттарды шұғыл шығару талап етілген жағдайларды қоспағанда. Бұл жағдайда сорбентті тамақ ішуден 20 минут бұрын немесе Сіз улану симптомдарын сезгеннен кейін бірден қабылдау қажет.

Аллергиялық реакциялар кезінде сорбенттерді қолдану

Аллергиялық реакциялар кезінде сорбенттерді қолдану

Егер «аллергия» диагнозы қойылса, дәрігер Сізге қолайлы тамақтану режимін ұсынады және аллергиялық реакцияны тудыратын өнімді рационға біртіндеп қосуды шешеді. Егер ағза аллергенді тағы да қабылдамаса, онда дәрігер диетаны қайта қарастырады.

Аллергия кезінде дәрігер Сізге сорбентті антигистаминді препараттармен бірге кешенді емдеудің компоненті ретінде тағайындауы мүмкін. Айқын аллергиялық реакцияларды стационарда емдейді, онда емделушіге антигистаминді, қабынуға қарсы дәрілер, гормоналдық дәрілік препараттар тағайындалады.

Балаларға арналған сорбенттер

Сорбенттерді балалар ағзасын тазалау үшін де қолдауға болады, бірақ балаларға оларды тек дәрігердің тағайындауы бойынша қолдану керек.

Балаларға құрамында сорбенттер бар барлық дәрілік препараттар жарай бермейді. Көп емес әмбебап құралдардың бірі – ол «Фильтрум» препараты, ол бір жастан кіші балаларға қолдануға рұқсат етілген.

Балаларға арналған сорбенттер

«Фильтрумді» уланулар кезінде және сальмонеллёз немесе дизентерия тәрізді ішектің инфекциялық аурулары кезінде тағайындайды. Таблеткаларды қолданар алдында ұнтақталғанша ұсақтайды. Бір жасқа дейінгі нәрестелерге бір қабылдау үшін жарты таблеткадан, 1 жастан 7 жасқа дейінгі балаларға – қабылдау үшін бір таблеткадан, ал одан ересектеу балаларға – қабылдау үшін 1-2 таблеткадан берілу тиіс. Тәулігіне қабылдау саны – төртеуден көп емес.

Сорбенттерді балалардың аллергиялық реакцияларына да қолданады, өйткені олар ағзаны аллергеннің әсерінен арылтуға көмектеседі. Бұл жағдайда баланың қабылдауы үшін көрсетілімдер ересектердің көрсетілімдерімен сәйкес келеді.

Маңызды: қолдану алдында нұсқаулықпен танысыңыз немесе емдеуші дәрігеріңізден кеңес алыңыз.

Табиғи сорбенттер

Табиғи сорбенттер

Дәрілік препараттар табиғи тектес және синтетикалық сорбенттерді қамтиды. Табиғи сорбенттерді табиғи түрінде де қолдануға болады. Көбінесе табиғи тектес сорбенттер өсімдіктердің құрамында кездеседі. Мысалы, пектиндер жоғары сіңіру қабілетіне ие, олардың талшықтары АІЖ-ға түскенде існіп, гель тәрізді затты бөледі. Пектиндер артық суды, сондай-ақ ауыр металдарды (сынап, қорғасын және стронций) шығаруға мүмкіндік береді, ішекте артық холестеринді байланыстырады, ол атеросклерозбен күресуге көмектеседі.

Пектиндер теңіз балдыры, алма, цитрустық жемістер, таңқурай, құлпынайда кездеседі. Сондай-ақ жармалар (қарақұмық, сұлы) және кейбір көкөністер, соның ішінде қызылша, сәбіз және қырыққабат оларға бай.

Айқын емдік қасиеттері бар басқа да бірқатар табиғи сорбенттер белгілі:

  1. Өсімдік жасұнығы – ұзақ қабылдауға рұқсат етілген.
  2. Хитин – ағзаны холестериннен және майлы қышқылдардан тазалауға көмектеседі. Бұл сорбент диета ұстайтын, қант диабеті мен атеросклерозге шалдыққан, сондай-ақ мол дастарханды отырысқа қатысуды жоспарлаушы адамдарға жиі ұсынылады.
  3. Целлюлоза – холестерин мен қанттың деңгейін төмендетуге, артық салмақпен күресуге көмектеседі. Ішектегі пайдалы микроағзалардың өсуіне ықпал етеді және ас қорытуды жақсартады. Целлюлозаны ұзақ қабылдау кезінде оған үйрену орын алады, сондықтан мөлшерлемесін біртіндеп арттырады. Целлюлоза мен хитинді тек бір-бірінен бөлек қабылдауды есіңізде сақтаңыз.

Сорбенттер: пайдасы мен зияны

Сорбенттер тек пайда ғана әкелмей, белгілі бір зиян тигізуі мүмкін екенін ұмытпаған маңызды. Олар уыттармен бірге ағзадан пайдалы заттарды да шығаруға қабілетті. Бірақ, ағзаның ауыр бұзылулары орын алған кезде, бұндай жанама әсер сорбенттердің беретін нақты пайдасынан әлдеқайда маңызды емес.

Қорытындылай келе, сорбенттердің арқасында біз ағзаға жинақталған уыттардан, аллергендерден және басқа да зиянды заттардан тиімді түрде құтылуына көмектесеміз.