Данный раздел предназначен только для медицинских и фармацевтических работников.
Если Вы медицинский
или фармацевтический
работник, нажмите кнопку
Если Вы не являетесь
медицинским или
фармацевтическим
работником, нажмите
Жүйеге кіріңізАртқа қайту
Фильтрум / Пайдалы материалдар / Үйдің дәрі қорабы

Үйдің дәрі қорабы

Аптечка для дома

Денсаулық аяқ астынан сыр беруі мүмкін, және бізде дәріханаға баруға әрқашан мүмкіндігіміз келе бермейді, сол себептен алғашқы көмек көрсететін дәрілерді  үйдегі дәрі қорабында ұстаған жөн.

Маңызды: дәрілердің балалардың қолы жетпейтін жерде болғанын қадағалаңыз

Үйдің дәрі қорабы –  ол ерекше маңызды дәрілік заттар, аяқ астынан ауырғанда көмек көрсетеді. Үйде көптеген дәрумендік қоспаларды, бір типті препараттарды және өзге «қажеті жоқ» дәрілерді сақтап қажеті жоқ, олар тек сөреде орын алады. Сонымен қатар, күрделі дәрілерді дәрігердің кеңесінсіз алып қажеті жоқ  – олар сізге зиянын тигізуі  немесе мүлдем қажет болмауы да мүмкін.

Үйдің дәрі қорабының құрамы

Үйдің дәрі қорабында қандай дәрілерді ұстау қажет? Бәрін өз кезегімен қарастырайық.

Маңызды: дәрілерді қорабында көрсетілген жағдайда сақтаңыздар. Дұрыс сақталмаған препараттар, емдік қасиетін жоғалтады.

Жара мен күйікке қарсы дәрілер

Дәрі қорабында, күйік, жара немесе өзге сол тептес  жарақаттарда көмек көрсететін препараттарды міндетті түрде сақтаңыздар. Ол тізімге   бактерияға қарсы, ынталандырып жазатын препараттар, композициялық құрам, күйік пен жараға жақпа майлар кіреді.

АІЖ арналған дәрілер

Асқазан мен ішектің бұзылуы кез келген жоспарды бұза алады, сол себептен үйдің дәрі қорабында АІЖ бұзылуына қарсы бірнеше негізгі дәрілерді ұстаңыз. Дәрі қорабына улануға қарсы, мысалы, Фильтрумды, қыжылға қарсы, ас қортуды жақсартатын, сонымен қатар түйілуді басатын дәрілерді  салуды ұмытпаңыз.

Фильтрум – ол, ағзадан патогендік бактерияларды және бактериялық уларды, дәрілік препараттарды, уды, ауыр металдардың тұзын, алкогольды, аллергендерді біріктіріп шығаратын бірегей зат.

Маңызды: ай сайын дәрі қорабын тексеріп, жетпейтін заттарды салып отыру қажет.

Суық тиюге қарсы дәрілер

Тұмау, баспа, бронх қабынуы – осы аурулар әр отбасында жиі кездеседі. Дәрі қорабына суық тию симптомдарын уақытында басып, оларды емдеп бастайтын дәрілерді салыңыз.

Тұмауға ұарсы тамшылар, қызуды басатын дәрілер, тамақтың дәрілері мен бүркпелері, қақырық түсіретін дәрі-дәрмектер – суық тигенде көмектесетін барлық осы дәрілер үйдің дәрі қорабында сақталуы қажет.

Ауыруды басатын дәрілер

Керек десеңіз, ең мықты денсаулығы бар адамдарда да бұлшық ет немесе өзге де аурулар болуы мүмкін. Бұл жағдайларда ауруды басатын дәрілерге құ жоқ. Бірақ, абай болыңыз: егер ауырсыну бірнеше күнде қайтпаса, оның себебін анықтау үшін, дәрігер көмегіне жүгіну қажет.

Маңызды: әр  2-3  айда сіздің дәрі қорабыңыздағы дәрілердің сақтау мерзімін тексеріп, мерзімі шыққан препараттарды лақтырып отырыңыз.

Тынышталдыратын заттар және жүрекке арналған дәрілер

Үйде міндетті түрде тынышталдыратын препараттарды және жүрек ауруларының дәрілерін сақтау қажет.  Бұл топқа гомеопаттық заттарды,транквилизаторларды, нейролептиктерді,  нормотимиялық препараттарды жатқызуға болады.

Қосымша медициналық құралдар

Дәрілік препараттардан өзге, өзіңіздің үйдің дәрі қорабыңызға салып қойыңыз:

  • Қызуөлшегіш (электрондығы жақсы);
  • Дәке таңғыш және жара таңғыш;
  • Мақта, таңғыш, жабыстырғыш;
  • Иілімді бинт және таңғыш;
  • Бүріккіш;
  • Шприцтер, қысқыш, қайшы, жылытқы.

Балаларға арналған дәрілер

Ата-аналар әрдайым өз балаларының денсаулығына ерекше назар аударады, алайда кездейсоқ сырқаттанудан ешкім сақтандырылмаған. Егер сіздің үйіңізде бала болса, үйде жеке балаларға арналған дәрі қорабын ұстауға кеңес береміз, себебі «үлкендердің» препараттарын балаларды емдеуге қолдануға болмайды.

Ерекше маңыздылықты жаңа туған сәбилерге арналған дәрі қорабы білдіреді. Бұл сұрақпен бала тумай тұрып айналысқан жөн. Перзентханадан ана мен бала үйге оралғанға дейін сізідің үйде міндетті түрде болуы тиіс:

  • Балаларға  арналған сеппе, май және жақпа май;
  • Балалардың баздануына қарсы заттар;
  • Жаңа туған нәрестелерге арналған дәке таяқшалары және дәке дөңгелектері, сонвмен қатар кәдімгі мақта;
  • Вазелин;
  • Дымқыл майлықтар;
  • Зарарсыздандырылған таңғыш және дәке;
  • Жасыл дәрі және марганец ерітіндісі;
  • Түрлі жабыстырғыштар;
  • Түймедақ және қырмызыгүл;
  • Шприцтер мен тамызғыштар;
  • Қызуөлшегіш, оның ішінде шомылдырғанда судың жылуын өлшейтін де қызуөлшегіш;
  • Бүріккіштер;
  • Дәрілік препараттарға арналған өлшеуіш.

Сонымен, біз үйдің дәрі қорабында болуы қажет негізгі препараттар мен қосымша заттарды қарастырдық. Егер сіздің отбасы мүшесінің біреуінде созылмалы аурулары болса, тиісті дәрілерді де дәрі қорабында сақтап, уақытылы қорын толтырып отыру қажет. Бұл жағдайда сіздің отбасыңыздың денсаулығына еш қатер болмайды.