Данный раздел предназначен только для медицинских и фармацевтических работников.
Если Вы медицинский
или фармацевтический
работник, нажмите кнопку
Если Вы не являетесь
медицинским или
фармацевтическим
работником, нажмите
Жүйеге кіріңізАртқа қайту

Балалардың құсуының ерекшеліктері

Құсық – ол асқазанды шұғыл түрде ішіндегіден ауыз қуысы немесе (сирегірек) мұрын арқылы босату. Кез келген жаста болады, алайда жиі – ас қорту жүйесі толық құрылып болмаған бір жастағы балаларда кездеседі. Баланың құсығы, әдеттегідей, ауырудың симптомы болып табылады. Жаңа туған нәрестелердің табиғи лоқсуынан басқа. 

Пайда болу механизмы:

  1. Құрсақ көкеті төмендейді.
  2. Дыбыс саңылауын жаба, дауыс желбезегі (бүкпесі) қабысады. Ол тыныс алу жолының қорғанысы болады.
  3. Қарынның ішқақпа қысқышы шұғыл қысқарады (оның ең ақырғы бөлімінде орналасқан тұйықтаушы сақиналы бұлшық еттер), сонымен қатар өңештің төменгі қысқышын әлсіретеді.
  4. Іштің бұлшық ет талшықтары мен көкеттері ширығады, соның салдарынан асқазандағылар ауыз қуысы немесе мұрын жолдары арқылы сыртқа шығады.

Үрдістің реттелуі сопақша мимен ауыздықтырылған құсық оратлығымен жүзеге асырылады. Сонымен, құсық, адам есті түрде әсер ете алмайтын жауап-әрекет болып табылады.

Негізгі себептер

Балалардың құсығының  органикалық табиғаты болуы мүмкін (ауырудың салдарынан) және функционалды, көптеген жағдайда психика аясымен байланысты. Құсықпен жанасқан патология туа біткен немесе жүре біткен сипатта болады. Егер туа біткен ауытқулар нәрестенің дүниеге келгендегі алғашқы сағаттарында (немесе күндерінде) айқындалса, жүре біткендер – кез келген жаста.

Сәбилердің құсуы

Құсу, лоқсу әрекеттерінің бір түрі болып табылады, ол тек бірінші жылы өмір сүріп жатқан балаларда байқалады. Классикалық құсықтан айырмасы, аталмыш үрдісті тек құрсақ тығыршығының бұлшық еттері қамтамасыз етеді. Ас қорту жолының жоғары бөлімдерінің қысқыштарының толық жетілмегендерінен асқазан ішіндегілер қарын қысымының көтерілуімен (бұлшық еттер қысқарғанда) кедергісіз сыртқа шығады.

Ол тамақтандыру кезінде түскен ауадан асқазанды босатуды қамтамасыздандыратын физиологиялық үрдіс.

Негізгі себептер:

  • Лоқсу тамақтан кейін болады және бір рет;
  • Аздаған сүт пен су құсылады;
  • Баланың жағдайы бұзылмайды.

Егер сәбиде лоқсуы ұзақ тоқтамаса, бірнеше рет құсса, құсық қан араласқан, сары, жасыл түсті болса, иісі бұзылса, бұл үрдісті патология деп қарастырып жедел түрде дәрігер көмегіне жүгіну қажет.

Жаңа туған нәрестенің құсуы

Ол тек аурудың нышаны емес, тамақ беру мен бағудың ережесін бұзған жағдайда да болуы мүмкін.

Ас қорту мүшелерінің ауруы, оның симтомдарыныі бірі болып құсу табылады:

  • Туа біткен ауытқулар: өңеш бітеулігі, онымен асқазан арасындағы біріктірудің болмауы; асқазан қақпалық бөлігінің тарылуы, ол асқазаннан шығу сәулесінің тұрақты кішірейуін көрсетеді, мысалы, ісіктің қабынуының немесе ұлғайуының салдарынан;
  • асқазан қақпалық бөлігінің түйілуі (асқазанның бұлшық ет аппараттының қысқаруының жүйкелік реттеуінің бұзылуы);
  • іш кебу (іш кебу және жиі жел шығару) және іш қатумен айқындалатын аурулар, жиі – ұйқы безі мен іш ауруларының патологиясы.

Сәбидің дәретінің жиілігі мен үлкен дәретінің сипатына төспен тамақтандырғандағы ананың тамақтануы әсер етеді.  Бекітетін астың үлкен мөлшері (алмұрт, піспеген банандар, ащы шәй, күріш), сонымен қатар жиі жел шығаруға әкелетіндер де  (қаймағы алынбаған сүт, бұршақ тұқымдастар)  осындай өзгерістерді сәбиде де шақыруы мүмкін.

Ас қабылдау техникасының бұзылуының арасында бірінші орында – артық тамақ беру және тамақтандырғанда ауаны көп мөлшерде жұту. Мұнда, сәби тек емшекті ғана емес, оның аумағын да ернімен толық аузына алғаны дұрыс. Тамақтандырған соң, сәбиді тік ұстаған жөн, ол асқазанға түскен газ табиғи жолмен шыққанына көмектеседі, лоқсуына.

Кез келген жастағы балалардың құсуының себебі

Туа біткен ауытқудан өзге, төстегі сәбилерде құсумен ас қорту мүшелерінің және ол жүйемен байланысы жоқ патологиялық үрдістер айқындалады. Осындай себептер, жасы үлкен балаларда да болуы мүмкін.

Бәріне ортақ келесі асқазан-ішек жолдарының аурулары болып табылады:

  • жұқпалы табиғатты (асқазанның шырышты қабығын және жіңішке ішекті зақымдай отырып, ауыр асқазан-аш ішектің қабынуы), тек асқазан зақымданғандағы  гастриттер, ойық жара ауруы;
  • ұйқы безінің патологиясы: панкреатит (қабыну), әсіресе көбінен шоғырбастың зақымдануымен өскіндер;
  • қабыну табиғатты бауыр аурулары  (гепатиттер) және ісіктер.

Сіркесуды, эссенцияларды, тұрмыстық химикаттарды ішіп қойғандағы өңештің, асқазанның, ішектің химиялық күйіктерін жеке белгілейді. Баланы сақтап қалу, оның айығуы бұл жерде тікелей ем шараларын қаншалықты жедел бастағанына байланысты.

Ас қорту жүйесімен байланыспайтын себептер:

  • ми (орталық), жүйке жүйелерінің жарақаттанғанында (жарақаттанғанда, ми шайқалғанда),  мидың қанмен қамтамасыз етілуі бұзылғанда және бассүйек ішіндегі қысымның көтерілуінде;
  • вестибулярлық (кеңістікте дененің орналасуын реттеуге жауап беретін құлақтың ішкі бөлігінің патологиясы): отиттер,теңіз ауруы;
  • айырбас, заттар айырбасының бұзылуымен байланысты, әдеттегідей, ферменттердің белсенділігі мен қасиеттерінің өзгеруі және улы өнімдердің шоғырлануы (фруктоземия, лактаттық жетімсіздік);
  • вирустармен, бактериялармен және саңырау құлақтармен уланғандағы уыттың шоғырлануымен жұқпалы-уытты, әсіресе ми құрылымдарын қосқанда  (менингиттер, энцефалиттер);
  • эндокринды, бүйрек үсті бездерінің қабықтарының қызметінің жетімсіздігінде (Аддисон ауруы).

Функционалды (психогенды) құсық кейде қиын анықталады және қалпына қиын келтіріледі.

Негізгіә себептер:

  • Сәбиге ұнамайтын, алайда үлкендер зорлап жегізетін, мәжбүрлі түрде ас қабылдау;
  • Егер бала өзінің сезімін өзгеше шығара алмаған жағдайда, қастықты жүзеге асыру, ашу шаұыру, тітіркену;
  • Кез-келген жағдайды қабылдамау (мұғалім тұрғысынан қолдаудың жоқтығы, сыныптастарымен қарым қатынасының қиындығы).

Есте сақтаған жөн, «пайда» (мысалы, сабақтан уақытша босатылу), алғашқы себебімен байланыссыз, ессіз деңгейде лоқсу рефлексын белгілей алады. Және де ол келешекте бала қиын қабылдайтын жағдайларда қайталануы мүмкін. Бұл жағдайда, психологтың көмегінсіз емдеу барысында жетістікке жету мүмкін емес.

Клиникалық ерекшеліктер

Құсық салмақты ауруларды меңзейтін өте қауіпті симптом болуы мүмкін. Сол себептен, ата-аналар тек оның жиілігіне ғана емес, иісіне, түріне және көлеміне назар аударғаны жөн.

Құсықтың ең қпуіптісі:

  • Кофе тұнбасымен (қою-қоңыр түсті, жиі түйіршектермен), асқазандағы қышқылмен аралас болған жағдайда;
  • Ашық қызыл қанмен, ас қорту жолынан ауыр және көп қан кетумен пайда болатын;
  • Көбік аралас сілекеймен, туа біткен өңеш бітеулігіне тән, сонымен қатар жуғыш құралдармен уланған жағдайда;
  • Өтпен аралас, ол асқазан қақпалық бөлігінің тарылуына және он екі іле ішектің бітеулігіне тән, ол соқыр бітіп және жіңішкемен байланыспағанда;
  • Жағымсыз шіріткіш иіспен, ол ішектің жүрсей қалуына тән, яғни ішектің бөліктерімен ас түйіршектерінің өтуіне кедергі болған жағдайда;
  • Ұйымаған сүтпен, жоғары бөліктердің аумағында ас қорту жолының бүлінуінде (өңеш);
  • Ұйыған сүтпен, тамақтандырудың асыра көлемінде, асқазанның шығу бөліктерінің түйілгендегітабиғи жолмен босатылуында немесе асқазан қақпасының бөлігінің тарылуында.

Құсықпен сипатталатын ең қауіпті жағдайлардың белгілерін жеке қарастырамыз.

Ішектік бітеліс

Дәреттің бұзылуымен қатар (үлкен дәреттің тоқтап қалуымен немесе көлемінің шұғыл азаюымен), іштің түйнеп ауыруы пайда. Мұнда й жағдайда сәбилер жиі аяқтарын ішіне тартады. Уланудың біртіндеп ұлғайуы лоқсуды, жалпы әлсіздікті, біраз уақыттан соң құсықты шақырады.

Құсықтың сипаттамалары:

  • Сарғыш, жасыл түске боялған;
  • Жиі жағымсыз шіріткіш иісті;
  • Алдында және бірнеше күн бұрын жеген тамақтың қалдықтары болуы мүмкін.

Осындай белгілер болған күні дереу дәрігердің көмегіне жүгіну қажет, осындай патологияны өз бетінше емдеу, бала өміріне өте қауіпті.

Аппендицит

Балаларда жиі ішінің оң жағында ауруы болмайды.

Белгілері:

  • Кіндіктің маңайында, сонымен қатар айналдыра ауру болуы мүмкін;
  • Дене қызуының көтерілуі;
  • Жағдайының бұзылуы: жалпы әлсіздік, жылаңқылық пайда болады, баланың тәбеті қашады, дәреттің сиректеуі.

Алғашқы белгілердің бірі болып рефлекстық сипаттағы құсық табылуы мүмкін, ол құрт пішінді өскіннің (аппендикстың) зақымданғанындағы ішектің қимылдау белсенділігінің бұзылғанына жауап, одан әрі – улану синдромының белгісі.

Бала дәрігеріне және балалардың хирургінің көмегіне жүгіну – аталмыш белгілердің пайда болуындағы бірден бір дұрыс шешім.

Улану

Сырттан келген токсиндермен (мысалы, бұзылған аспен, тұрмыстық химиямен) уланудың ауыр түрлерінде, улану пайда болады, сонымен қатар қорғаныс жағдай сияқты құсық.

Оған тән:

  • Шұғыл бір мәртелі ұстама;
  • Ауыр жағдайларды құсық жиі қайталанып, тоқтамауы мүмкін;
  • Дәреттің әлсіреуі;
  • Дене қызуы көтеріліп, ауырсыну пайда болуы мүмкін.

Жасөспірім шағында улану синдромымен және құсықпен айқындалатын алкогольмен улану байқалуы мүмкін.

Уланғанда, емдеу амалдары бірден бір себебіне байланысты, сондықтан жедел түрде дәрігердің көмегіне жүгінген жөн. Жалпы шаралардың ішінде, баланың асқазанын шайып, сорбенттер берген жөн, мысалы, Фильтрумды.

Жүйке жүйесінің зақымдалуы

Энцефалит пен менингитқа (ми мен оның қабығының қабынуы) жеңілдік бермейтін бірнеше дүркін құсық тән.
Патологияның негізгі айқындамалары:

  • Кенеттен әлсіреу, сырқаттану, тәбеттің болмауы;
  • Дененің жоғары қызуы ( 40 °С дейін);
  • Қатты бас ауырулары.

Бір жастан асқан балалар, әдеттегідей, қатты және бір түрлі айқайлайды.

Алғашқы белгілер сипатталды, олар ерекше жүйке бұзылуына дейін пайда болады. Сол себептен осындай белгілер пайда болысымен жедел жәрдем шақырған жөн немесе бала дәрігерінен көмек сұрау керек.

Ат а-аналарға не білген маңызды

Сәбиде құсық пайда болғанда не істеу керек? Бірнеше базалық ереже бар, соларды, балаға жедел көмек беру үшін, үлкендер ұстануы керек.

Мына жағдайларда шұғыл түрде дәрігерге жүгіну керек:

  • Тәулік бойына балада үш (және одан көп) рет құсық бақыланады, әсіресе мінез құлқы өзгереді (жылауықтық, тітіркеншік, ұйқыбастық пайда болады), бас ауыру, жайсыздық, іш ауыруы мен түйнеуі, ауыздың кебуі, зәрдің азайуы пайда болады;
  • Құсықтың сары, жасыл, тот түсті (қызғылт-қоңыр), ал қызыл қан аралас;
  • Жарақаттан соң құсық пайда болды, әсіресе бір жоғары жерден құлағанда немесе бастң жарақатынан соң.

Жедел жәрдем келгенше ата-ана не істеуі керек?

 Қажет:

  1. Тамақ бермеу.
  2. Тек қайнаған су мен тұз ерітінділерін ішкізу қажет. Жас балаларды шприцтың (инесіз) көмегімен  немесе қасықпен үздіксіз су беру керек, тамшылатып баланың ұртының ішіне сұйықты құйып отыру керек.
  3. Сорбент берген жөн (мысалы, Фильтрум).
  4. Кіші дәретін бақылау қажет. 4 сағат ішінде кіші дәретке бармауы, сусыздандырудың салмақты белгісі және бүйректің зақымдануының болады, сол себептен мұндай жағдайда дәрігерге көрінуді кейінге қалдыру өте қауіпті.
  5. Егер төстегі сәбиде құсық пайда болса, сәбидің қолда тік ұстанғаны немесе бір қырымен жатқаны дұрыс. Ол кеңірдекті, бронхтарды және өкпені құсықтан қорғайды. Одан ересек кезде, ата-ананың алдында немесе өз бетінше алдыға қарай еңкейе отыру қажет.
  6. Ір қозбадан соң баланың аузын қайнаған сумен шайып отыру керек.
  7. Егер құсықпен қатар үлкен дәрет бұзылса – жөргек пен іш киімді уақытылы ауыстырып отыру керек, дәретті бақылап (түсін, көлемін, иісін,қоспаларын), бала дәрігеріне айту керек  .

Сонымен, кез келген жастағы балаларда құсық пайда болған жағдайда, ата-аналар жедел түрде дәрігер көмегіне жүгінуі қажет, баланың жағдайын жеңілдетіп, су теңгерімін қалпына келтіріп және қауіпті салдардың алдын алғаны жөн.