Данный раздел предназначен только для медицинских и фармацевтических работников.
Если Вы медицинский
или фармацевтический
работник, нажмите кнопку
Если Вы не являетесь
медицинским или
фармацевтическим
работником, нажмите
Жүйеге кіріңізАртқа қайту

Іш өту (диарея) – себептері, емдеу

  1. Диарея деген не
  2. Диареяның даму себептері
  3. Диарея түрлері
  4. Қауіпті симптомдар
  5. Диареяны емдеу
  6. Диарея емдеу
  7. Диареяның профилактикасы

Іш өту (Диарея)

Іш өту деген атаумен белгілі диарея – ішек пен сұйық нәжістің жиі босатылуымен сипатталатын ішек жолының функционалды бұзылуы. Іш өту тағамнан улану симптомы, сондай-ақ, созылмалы гепатит, панкреатит және басқа да инфекциялық-ісіну аурулары сияқты қауіпті патологиялардың көрінісі болып есептеледі.

Диарея деген не

Ішектің қалыпты жұмысы бұзылған кезде ас қорыту процесі жеделдейді. Нәжіс массалары қалыптасып, сұйып үлгермейді. Сұйық нәжіс пайда болады. Нәжіс диареяның тудырға себепке байланысты болады және әр нақты жағдайда нәжістің консистенциясы, түсі, иісі, мардымсыз немесе мол, түрлі қоспалармен, мысалы, шырышты іш өту болады.

Диарея өздігінен қауіпті емес және оның жеңіл формасы дәрілермен тез кетеді. Денсаулық үшін қауіп-қатер маңызды микроэлементтерді жоғалту және сусызданудың өзі іш өтудің тұрақты серігі болады. Сондықтан, үй жағдайында іш өткен кезде не істеу керек екенін, қандай дәрілер қобдишада болуы тиіс екенін және жағымсыз күйден қалай құтылуға болатынын білу қажет.

Диареяның даму себептері

Ересек адамның диареясы қарапайым артық тамақтанудан, кофе мен алкогольді артық ішумен, майлы өнімдерді қабылдаудан туындауы мүмкін. Мұндай күйден тез арылуға болады және іш өту мәселесі туындамайды. Басқа жағдайларда, ас қорыту бұзылысы келесі себептермен байланысты болады:

  • Вирустық, бактериялық, паразитарлы және саңырауқұлақ инфекциялары;
  • Ағзаны улы заттармен және медициналық препараттармен интоксикациясы;
  • Сапасыз су мен өнімдерді қолдану;
  • Азық-түлік өнімдеріне және медициналық препараттарға аллергиялық реакция;
  • Асқазан мен бауырдың дұрыс жұмыс істемеуі;
  • Аш ішек пен тоқ ішектің аурулары;
  • Тітіркенген ішектің синдромы;
  • созылмалы панкреатит;
  • ісінген жерлері;
  • күйзеліс.

Әр жағдайда диареяның қарқыны мен ерекшеліктері айрықшаланып, басқа жағымсыз көріністермен: жүрек айнумен, құсумен, іштің ауруымен, дене температурасының артуымен жалғасуы мүмкін.

Диарея түрлері

Диарея түрлері

Іш өту жіті әрі созылмалы болады. Бірінші жағдайда нәжістің бұзылысы бір реттік болып, бірнеше күнге, аптаға, ең көбі екі аптаға созылуы мүмкін. Вирустар, бактериялар, тағамнан улану немесе аллергия оның себебі болып саналады. Диета мен іш өтудің тиімді құралы көмектеседі.

Ішек қызметінің созылмалы бұзылысы сирек ремиссиясы бар ұзақ мерзіммен сипатталады. Іш өту бір ай, асқынған кезде диарея жылдарға созылады. Ішек бұзылысының осыншалықты ұзаққа созылуының көп жағдайдағы себебі – АІЖ қатты ауруы болып, оны мамандар анықтап емдеуі тиіс.

Диареяның негізгі белгілері

Ересек адамның іш өту симптомдары келесі әдеттегі белгілермен сипатталады:

  • әлсіздік және қалтырау;
  • жиі дәретке шығу;
  • іштің шаншып ауруы;
  • ас жоғары газдың түзілуі;
  • жүрек айну мен құсу;
  • бастың ауруы;
  • жоғары температура.

Мұндай жағдайда диареядан емдейтін дәрі мен ыстық басатын дәріні қабылдап, көп су ішіп, демалып, диета ұстауы керек.

Негізгі симптомдар

Іштің қатты өтуі көп жағдайларда температурасыз болады және мұның әлсіз имундық қорғанысын білдіретін жаман белгі екенін жақсы түсіну керек. Егер өмір сүру үшін қауіпті симптомдар пайда болса, жедел жәрдем шақыру қажет:

  • сумен іштің өтуі;
  • сусыздану белгілері (қара түсті зәр, көгеру, бұлшықеттің жиырылуы, бағыттан адасу);
  • қанды немесе шырышты қосылулары бар іштің өтуі;
  • қара түсті іштің өтуі (ішкі қан ағымы қаупі);
  • ақ түсті іштің өтуі (өт жолдары тастармен немесе ісікпен жабылған);
  • ұзақ мерзімді іштің ауруы.

Егер симптомдар кешені Африкадан немесе Азиядан оралған адамда пайда болса, оны жедел ауруханаға жатқызу керек.

Баланың іш өту түсі мен консистенциясы ішек қызметінің бұзылу себебін анықтауға көмектеседі:

  • қызыл түсті қоймалжың нәжіс дизентерияны тудыруы мүмкін;
  • жасыл түсті іш өту стафилококктардың белсенді көбеюін білдіреді;
  • сұр түсті нәжіс ротавирустарға тән;
  • қорытылмаған тағам бөлшектері бар майлы іш өту рационда белгілі бір компоненттерді көтере алмайтынын білдіреді.

Балаларда өзгеше түс пен иісте диареяның дамуының себептерінің бірі дисбактериоз болады. Маман диагнозды растап, балаға тиісті емдеуді тағайындауы тиіс.

Диареяны емдеу

Үй жағдайында іштің өтуін емдер алдында патологиялық күйді анықтау қажет. Егер бұл бұзылыстың жіті формаса болса, ересек адамның емделуі диарея дәрісін, мысалы, Фильтрумды қабылдаудан басталады.

Таблеткалар түріндегі табиғи сорбент тиімді түрде диареяны тоқтатады, патогенді микроорганизмдердің көбеюіне кедергі келтіреді, жергілікті иммунитетті нығайтады, ішек микрофлорасын бұзбай, толқи жиырылуды жақсартады.

Егер іш өткен кезде жүрек айныса, бұл ағзаны уыттардан рефлекторлы тазалау және қалыпты реакция. Сондықтан, іш өтіп, құсқан кезде газдалмаған минералды суды, морсты, табиғи көкөніс шырынын көбірек ішіп, сусыздануды тоқтату керек. Аса жоғары температурада науқасқа ыстықты басатын дәрі береді.

Іш өткенде ішің ауырып, ауырмаса да, асқазан-ішек жолына түсетін жүктемені азайту қажет. Рационнан майлы, қуырылған, тәтті, ащщы, қара нан, сүтті және қышқыл сүт өнімдерін, кофе, алкогольді алып тастау керек.

Іш өтуді емдеудің бірінші аптасында келесі диетаны ұстанған жөн:

  • буға піскен диеталы ет;
  • майлы емес сорпа;
  • пісірілген күріш;
  • кептірілген ақ нан;
  • банан;
  • үгілген алма.

Жоғарыда сипатталған қауіпті симптомдар пайда болғанда науқасқа білікті медициналық көмек қажет болады. Диагностикалық шаралар ішек құрылысының себептерін анықтауға және антибиотик, пробиотик, сорбент сияқты дәрілерді қамтитын емдеу рәсімін тағайындайды.

Диарея профилактикасы

Диареямен жалғасатын МКБ-10 бойынша А 08 коды бар вирустық және басқа ішек инфекцияларын болдырмас үшін бірнеше қарапайым ережені ұстану керек:

  • Ас ішер алдында қолды мұқият жуу керек;
  • қайнамаған суды ішпеу;
  • мерзімі өткен азық-түлік өнімдері қолданбау;
  • көкөністерді, жеміс-жидекті жуу.

Профилактика ретінде табиғи сорбент, Фильтрум курсын қабылдауға болады және үй жағдайында іштің өтуінен емдейтін тиімді дәрі әрдайым болуы керек. Өз денсаулығыңызды ойлап, қарапайым гигиена ережелерін сақтап, диарея сияқты күйді болдырмай, өзіңізді және отбасыңызды қауіпті ішек ауруларын емдеумен байланысты мәселелерден сақтандыра аласыз.

Маңызды: қолданар алдында нұсқаулықпен танысыңыз немесе емдейтін дәрігермен кеңесіңіз