Данный раздел предназначен только для медицинских и фармацевтических работников.
Если Вы медицинский
или фармацевтический
работник, нажмите кнопку
Если Вы не являетесь
медицинским или
фармацевтическим
работником, нажмите
Жүйеге кіріңізАртқа қайту

Сальмонеллез

Сальмонеллез

  1. Сальмонеллаларды жұқтыру жолдары
  2. Аурудың ағымының түрлі кезеңдеріндегі сальмонеллездің белгілері
  3. Сальмонеллезді емдеу
  4. Сальмонеллез кезіндегі диета
  5. Ескерту

Сальмонеллез деп ас қорыту жүйесін зақымдайтын және Сальмонелла тектес бактериялардың ағзаға түсуінен туындайтын жіті инфекцияны атайды. Ол гастрит, энтерит, колит, улану және сусыздану белгілерімен сипатталады. Аурудың сүзек тәрізді ағымы сирек түрде байқалады.

Ауруды қоздырғыш – таяқша түріндегі бактерия. Ол тамақ өнімдерінде ұзақ уақыт сақтлады (мысалы, мұздатылған тауық етінде – бір жылдан астам). Жұмыртқаны тоңазытқышта бір ай бойы сақтау кезінде қоздырғыш қабығынан өтіп, ішіндегісін жұқтырады.

Көбінесе инфекция жеткіліксіз температуралық өңдеуден өткен жұмыртқалардан, сондай-ақ сүт өнімдері мен еттен жұғады. Сальмонеллез екі түрлі сценарий бойынша дамиды, олар қарын-ішек және жайылған деп аталады. Жеке жағдайларда жұқтыру мен аурудың ағымы көрінетін белгілерсіз өтеді. Ауруды емделушінің нәжісі немесе құсу массасындағы сальмонеллаларды анықтау жолымен диагностикалауға болады.

Сальмонеллаларды жұқтыру жолдары

Сальмонеллаларды жұқтыру жолдары

Аурудың қоздырғышын бастапқы тасымалдағыш – ауыл шаруашылық малы –сиыр, шошқа, қой мен жылқы болып табылады. Сальмонеллалармен иттердің, мысықтар мен тышқандардың зақымдалуы сирек жағдай емес. Аурудың көзі сондай-ақ жабайы құстар (мысалы, үйректер) болуы мүмкін, оларда сальмонеллез әдетте сыртқы көріністерсіз дамиды. Бұл түрлер көптеген жылдар ішінде өз бойында бактерияны тасымалдап, оны несеп, нәжіс, сілекей немесе сүті арқылы бөлуі мүмкін. Адам осындай жануарларға күтім жасаса, оларды тасымалдауға қатысса немесе сою және етін сақтаумен айналысса, олардан ауруды жұқтыра алады. Соңғы 30 жылда әлемде, үй шаруашылығында да, құс фабрикаларында да тауықтардың инфекцияға шалдығуы тұрақты өсуде.

Ауруды жұқтырудың екінші себебі – сальмонеллезбен ауыратын немесе осы аурудың жасырын тасымалдаушысы болып табылатын адаммен байланыс жасау. Бактериялардың берілуі, әдетте, нәжісті-ауыз жолымен жүреді, мұнда жұқтырған адамның ішегіндегі сальмонеллалар сау адамның асқазан-ішек жолына (АІЖ) түседі. Бұл қолдың гигиенасын жеткіліксіз сақтау немесе науқас емделушіге сақсыз күтім көрсету кезінде орын алуы мүмкін. Ауруханалар, балабақшалар және тар кеңсе үй-жайлары сияқты қоғамдық орындарда, ластанған дәрет ыдыстарын, баланы құндақтау үстелдерін, сүлгілерді және басқа да тұрмыстық заттарды пайдаланған кезде де жұқтыруға болады. Науқас көп дегенде 3 апта жұқпалы болса, тасымалдағыш бір жыл бойы бактерияларды бөле алады.

Сальмонеллездің көгершіндер мен басқа қалалық құстардың саңғырығы арқылы, ауада шашырап тарауы дәлелденген, сондықтан көгершіндер тобына жақындаудың, әсіресе балаларға олай істеуге рұқсат берудің керегі жоқ.

Ақыр соңында, көптеген адамдар сальмонеллаларды тамақ (ет, құс еті, балық, жаңа піскен көкөністер мен жемістер, тәттілер, сыра) арқылы жұқтырады. Әсіресе тартылған еттен жасалған өнімдер мен ет салаттары қауіпті.

Ерекше қатерлі топқа 12 айға дейінгі нәрестелер жатады. Оларда сальмонеллез қауіпті жайылған түрге айналып, оның емделуі қиындап кетеді. Уақыт өте балалар сальмонеллезге аздау шалдығады, бірақ бұл инфекциялық аурудың таралуы кез келген жастағы адамдардың ішінде орын алуы мүмкін. Әсіресе бұл жазғы уақытта және ішек инфекцияларының мезгілдік асқынулары кезінде жиі орын алады. Ауру бір жылдан аз уақытқа сақталатын иммунитеттің қалыптасуын тудырады.

Аурудың ағымының түрлі кезеңдеріндегі сальмонеллездің белгілері

Сальмонеллез кезінде инкубациялау кезеңі әдетте 6 сағаттан екі тәулікке дейін созылады. Сальмонеллездің белгілері оның түрімен анықталады, сондықтан төменде тиісті жіктеме беріледі:

Қарын-ішек сальмонеллезі

Бұл түрі бәрінен жиі кездеседі. Бастапқыда ауру тез дамып, тағамдық улануға ұқсайды. Науқаста қалтырау, безгек, бас ауруы, денесінің сырқырауы орын алады. АІЖ-ның бұзылу симптомдары біртіндеп қосылады – іштің орталық тұсындағы ауырсыну, қатты құсу (бірінші қорытылмаған тамақ бөлшектерімен, содан кейін өтпен), іш өту (көбікті, шырышты, көгерген реңкті жағымсыз иісті нәжіс, содан кейін – судай сұйық нәжіс). Нәжістің жиілігі біртіндеп артып, нәжіс көлемі азая бастайды. Зардап шегушінің ауыз қуысында құрғақтық сезіледі және оның ішін басқанда ауырсынуды сезеді; тілінде ақ жабын пайда болады, сондай-ақ іші кеуіп, шұрқырай бастайды. Іш өту бірнеше күн өткеннен кейін ғана тоқтатылады, сондықтан адам ауыр сусыздануға шалдығып, минералды тұздарының шайылуы орын алады. Зат алмасу бұзылады, аяқ-қол тартылулары мен тахикардия пайда болады, қан қысымы төмендейді (АҚ). Есінен танған күйдің және бас айналу ұстамаларының, сондай-ақ жүйкелік бұзылулардың болуы мүмкін. Аурудың басталуынан бес күннен кейін, ересек адамның жағдайы біртіндеп тұрақтандырылады, алайда сальмонеллездің белгілері тек екінші аптаның аяғына қарай толық жоғалады.

Жеңіл түрі. Ересектерде қарын-ішек сальмонеллезі кейде әлсіз көрінген симптомдармен сипатталады: дене температурасы жоғарыламайды, құсу ауық-ауық қана орын алып, науқасты мазаламайды, ал іш өту күніне 2-3 рет қана байқалады. Бұл жағдайда аурудың даму шыңы бірінші немесе екінші тәулікке түседі, ал сальмонеллез белгілерінің толық жоғалуы ересектерде ауру басталғаннан 3 күннен кейін орын алады.

Ауыр түрі. Бұл жағдайда науқас қатты қалшылдап, өте жиі құсады, ал дәретханаға барғысы келуі тәулігіне 20 ретке дейін орын алады. Зардап шегушінің қысымы қатты төмендеп, айқын әлсіздікке шалдығады. Аурудың бұл түрінің дизентерияның, даму барысымен ұқсастығы көп.

Сүзек тәрізді сальмонеллез.

астапқыда бұл ауру қарын-ішек сальмонеллезіне өте ұқсас келеді: науқас қалшылдап тонып, онда айқын уланудың белгілері пайда болады, соның ішінде естің бұзылуы, сондай-ақ гастроэнтерит симптомдарының болуы мүмкін. Бірнеше күннен кейін бұл белгілер басылады, алайда толқын тәрізді безгек, аса әлсіздік пен бас ауруы пайда болады. Жұқтырудан кейін шамамен бір аптадан соң қарынның үстінде бөрту пайда болуы мүмкін, ол екі-үш күннен кейін жоғалады. Тіл сұрғыш немесе қоңырлау түсті болып, тері бозарады, бауыр мен көкбауыр үлкейіп, іштің ісінуі сезіледі.

Сепсистік сальмонеллез. Бұл өте сирек кездесетін түрі, ол негізінен қарт жастағы адамдарға, әлсіреген науқастарға және жаңа туған нәрестелерге тән. Оның симптомдары ұзақ қалшылдауды, тұрақты безгекті, тым терлеуді, бұлшық еттердегі ауырсынуды және сары ауруды қамтиды. Плеврит, пневмония, эндокардит, абсцестер мен жұмсақ тіндердің флегмоналары, пиелонефрит, цистит, иридоциклит дамиды.

Симптомсыз сальмонеллез. Бұл ауру негізінен ағзаға шамалы ғана сальмонелла мөлшері енген кезде орын алады. Дені сау адам ауруды тез жеңуге қабілетті, және оның симптомдары болмайды.

Бактериятасымалдау. Аурудың бұл түрінде адам өзі ауырмайды, бірақ оның ағзасында сальмонеллалар көбейіп, біртіндеп нәжіспен шығады. Мұндай ағымның ұзақтығы бірнеше күннен үш айға дейін (жедел тасымалдау) немесе бір жылға дейін (созылмалы тасымалдау) созылуы мүмкін.

АХЖ-10 бойынша сальмонеллездің коды – A 02.0 (сальмонеллез энтериті).

Балалар сальмонеллезі

Балаларда сальмонеллездің инкубациялық кезеңі шамамен төрт тәулік созылады, ал нақты симптомдары мен олардың қарқындылығы баланың жасына байланысты. Бұл ауру емшектегі нәрестелер мен 12 айға толмаған балаларда өте ауыр өтеді.

Балалардағы сальмонеллездің симптомдары:

  1. Алғашқы күндері балалар әлсіздік пен ыстығының көтерілуін сезінеді (39 °C дейін).
  2. Нәрестелер көп жылайды, мазасызданады және тамақтан бас тартады.
  3. 2-3 күннен кейін балада диарея басталады, және күніне шамамен 10 ретке дейін нәжіс бөлу орын алады. Нәжістің сыртқы түрі сальмонеллездің басқа түрлеріндегідей (көгерген түсті, судай сұйық).
  4. Аурудың жетінші күніне қарай нәжісте қанның талшықтары пайда болады. Балаларда сальмонеллезді уақтылы емдемеген кезде, ауру тіпті өлімге әкелуі мүмкін.
  5. Аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде, дереу педиатрға хабарласыңыз, сондай-ақ баланы басқа нәрестелермен байланыстыруға жол бермеуге тырысыңыз.
  6. Сальмонеллезді анықтау

Ауруды диагностикалау науқастың нәжісі және құсу массасын зерттеу арқылы жүзеге асырылады. Бірақ жайылған түрінде бактериялардың болуына қанды тексереді. Бірқатар жағдайларда сальмонелланы өттен, сондай-ақ асқазанның немесе ішектің шайынды суларынан табу мүмкін.

Сальмонелланың антигендерінің болуын растайтын иммунологиялық реакциялар, мысалы, сальмонеллезге, полимеразалық-тізбекті реакцияға арналған иммуноферментті талдаулар қолданылады. Диагнозды растау үшін бірнеше күн аралығын сақтап, антиденелердің серологиялық анықтауын қолданады. Сондай-ақ, қоректік орталарға себінділер жүргізеді. Міндетті түрде санитариялық-эпидемиологиялық сараптама тағайындалады, ауырған адамдардың саны анықталады, күдікті тамақ өнімдері алынып, тексеріледі.

Сондай-ақ, сусыздану дәрежесін анықтау қажет. Ол үшін қан тұтқырлығының, қышқылды-сілтілік баланстың және электролиттік баланстың талдауы жүргізіледі. Сальмонеллездің симптомдарын бағалауды және дұрыс емдеуді тағайындауды тек жұқпалы аурулар дәрігері ғана жүзеге асыра алады. Егер сальмонеллез асқынуларымен өтетін болса, кардиолог, уролог, нефролог және басқа да мамандандырылған дәрігерлермен (қандай асқынулар байқалатынына байланысты) кеңесу қажет болады.

Сальмонеллезді емдеу

Ересектерде сальмонеллезді емдеу әдетте амбулаториялық жағдайда жүргізіледі, қалыпты және ауыр сусыздану кезінде жатып емделу режимі көрсетіледі. Балалардағы сальмонеллезді көбінесе стационарда емдейді. Пайдаланылады:

  1. Этиотропты емдеу (оның мақсаты – инфекцияны қоздырғышты жою).
  2. Патогенетикалық емдеу бірнеше бағытты қамтиды:
  • Ағзадағы судың және тұздардың балансын қалпына келтіру үшін, сусыздануды болдырмау үшін регидратациялық бағыт; ол күре тамырдың ішіне ерітінділерді енгізу немесе ауыз арқылы жиі сұйықтық қабылдау болуы мүмкін.
  • Қан мен тіндерді сальмонеллалардың тіршілік әрекетінің улы өнімдерінен және қабыну процесін қолдайтын заттардан босату үшін дезинтоксикациялық бағыт.
  • Сорбенттерді құрайтын препараттар: мысалы, Фильтрум – ішектен бактериялардың тіршілік әрекетінің өнімдерін шығару үшін.
  • Ферменттік препараттар: мысалы, Микразим сияқты – ас қорыту жүйесіне түсетін жүктемені азайту үшін.
  • Ауыр жайылған түрлерінде сальмонеллезді емдеу фторхинолондар тобындағы антибиотиктерді қамтиды.
  • Сауығу кезеңінде пробиотиктерді қабылдау көрсетіледі.

ФильтрумФильтрум патогенетикалық терапия заттарына жатады, яғни аурудың даму процесін тоқтатады, сауығуды тездетеді. Сорбенттік әсері бар бұл препарат өзінің бөлшектерінің бетінде сальмонеллалардың тіршілік әрекеті мен ыдырауының қалдықтарын, сондай-ақ қоректік заттардың толық емес қорытылған өнімдерін жинайды. Сальмонеллез кезінде Фильтрумді 5-7 күн ішінде қабылдайды. Дозасы мен тәулік ішіндегі қабылдаулар саны науқастың жасына байланысты. Препарат іштің аса кебуін, диареяның ауырлығын тез азайтады, жалпы хал-жағдайды жақсартуға көмектеседі. Қабылданатын дәрілердің тиімділігін төмендетпеуі үшін оны басқа дәрілерді тұтынудан бір сағат бұрын қолданған жөн.

Тамақтану кәсіпорындарының қызметкерлері және басқа да ұқсас кәсіптік топтардың өкілдері сальмонеллезбен ауырған кезде міндетті түрде ауруханаға жатқызылады.

Ауруханаға жатқызу жағдайында емдеу курсы аяқталғаннан кейін 2 күн ішінде науқас талдауға нәжіс тапсырады, онда сальмонеллалардың болмауы кезінде оны ауруханадан шығарады. Тамақ өнеркәсібінің қызметкерлері талдаудың екі мәрте теріс нәтижесі алынғанда шығарылады. Сауығудан кейін олар тұрақты диспансерлік тексеруден өтуі керек.

Егер науқас үйде емделсе, оны басқа отбасы мүшелерінен оқшаулау талап етілмейді. Бір рет онымен байланыста болған балаларды, сондай-ақ тамақтану кәсіпорындарының жұмыскерлерін тексереді.

Сальмонеллез кезіндегі диета

Осындай ауру кезінде рационнан АІЖ-ны тітіркендіруі мүмкін барлық өнімдерді, сондай-ақ сүт өнімдерін алып тастау керек. Сальмонеллез кезінде ашығу қарсы көрсетілген, өйткені ол иммунитетті қатты әлсіретіп, АІЖ-ның қалпына келу процесін баяулатуы мүмкін.

Сонымен бірге ашу процестеріне ықпал ететін және құрамында ірі жасұнығы бар өнімдерді тұтынбау маңызды (қара бидай наны, қаймағы алынбаған сүт, қатық, йогурт, бұршақ тұқымдастар, қызылша, қияр, ашыған қырыққабат, шалғам, цитрустық жемістер, алмұрт, қара өрік, жүзім, сорпа, майлы ет және балық). Сондай-ақ, ащы тамақ пен алкогольге тыйым салынады.

Ескерту

Ескерту

Сіз үй ішінде ішек ауруларының алдын-алу үшін бірқатар жалпы қағидаларды ұстанатын болсаңыз, сальмонеллезді болдырмауға болады:

  • Үстелге отырмас бұрын қолыңызды мұқият жуыңыз (бұл ең тиімді қағида және балаларды оған ерте жастан үйрету керек).
  • Шикі ет пен балықты бөлшектеу үшін әртүрлі пышақтарды пайдаланыңыз. Сонымен бірге ет және балық үшін ұсақтағыш тақта да әрқайсысына бөлек болуы тиіс, ал ас дайындауды аяқтағаннан кейін оны әрқашан жуып, қайнап тұрған сумен шаю керек.
  • Шала қуырылған еттен бас тартыңыз. Кез келген ет пен құс етін кем дегенде 60 минут бойы термиялық өңдеуге ұшырату керек.
  • Шикі жұмыртқаны жеуге болмайды. Бұл өнімді 20 минут бойы пісіру ұсынылады, ал егер ингредиент ретінде шикі жұмыртқа қажет болса, оның қабығын сындырудан бұрын сабынды сумен жуыңыз.
  • Сүтті тұтынғанға дейін қайнатыңыз, белгісіз өндірушілердің адыгей ірімшігін жемеңіз және көшеден немесе базардан сүт өнімдерін сатып алмаңыз.
  • Күмәнді тамақтану орындарына бармаңыз, әсіресе жазғы уақытта.

 

Маңызды: қолдану алдында нұсқаулықпен танысыңыз немесе емдеуші дәрігеріңізден кеңес алыңыз.