Данный раздел предназначен только для медицинских и фармацевтических работников.
Если Вы медицинский
или фармацевтический
работник, нажмите кнопку
Если Вы не являетесь
медицинским или
фармацевтическим
работником, нажмите
РастаңызАртқа қайту
Фильтрум / Пайдалы материалдар / Тағамдық улануды болдырмас үшін не істеу керек?

Тағамдық улануды болдырмас үшін не істеу керек?

  1. Тағамдық улану түрлері
  2. Уланбас үшін не істеу қажет
  3. Тағамдық уланудың басқа түрлерінен қалай сақтануға болады
  4. Алкогольмен улануды ескерту

Тағамдық улануды болдырмас үшін не істеу керек?

Шұғыл медициналық көмек көбінесе улану жағдайларымен байланысты болып келеді. Адам үшін улы заттардың қан тамырлары жүйесіне енуімен байланысты жағдайды айтады. Тағамдық улану ең жиі кездеседі, бұл ретте, улы фактор ағзаға ішек-қарын жолы арқылы азық-түлік немесе сусындармен бірге енеді.

ТАҒАМДЫҚ УЛАНУ ТҮРЛЕРІ

Уыт түрлері мен қайнар-көзіне байланысты тағамдық уланудың бірнеше түрлерін атап көрсетеді:

Тағамдық улану Тағамның тірі бактерияларды жұқтыруымен байланысты. Олардан бөлінетін уыттар ішектің шырышты қабығының жұмысын бұзады және жалпы улы әсер беріп, қанмен сіңеді. Мұндай ауру түрлі бактериялармен қозуы мүмкін, ал сальмонеллез тағамдық уланудың ең жиі кездесетін түрі болып саналады. Дәл осы түрі жұмыртқамен, сүт өнімдерімен, балмұздақпен, кондитерлік және шұжық өнімдерімен уланудың негізгі себепкері болады.
Тағамдық бактериялық уыттар Симптомдардың пайда болуы бактериялық уыттарды жұқтырған тағамның ағзаға келіп түсуімен байланысты. Сонымен бірге, оларды бөліп шығарған микробтар әдетте улану кезінде өліп қалады. Бактериялық уяттың классикалық мысалы – ботулизм.
Саңырауқұлақтардан улану Тағамға улы немесе дұрыс өңделмеген саңырауқұлақтарды қабылдау ауруға себеп болады.
Улы өсімдіктерден улану Өсімдік уы қателесіп немесе әдейі бірнеше өсімдікті жеген кезде ас қорыту жүйесіне түсуі мүмкін. Сонымен бірге, олардың жемістері, жапырақтары, тамырлары сияқты бөліктері ғана улы болуы мүмкін. Рұқсат етілген мөлшерден асқанда немесе адамның жеке сезімталдығы аса жоғары болған кезде кейбір дәрілік өсімдіктерден де улануға болады.
Шығу тегі жануарлармен байланысты улардан улану Уылдырық шашу кезінде кейбір балықтардың шоғалы, жыланбалық шырышы улы болуы мүмкін. Тікенқұсақты тұқымдас көп балықтар улы болады (мысалы, фугу). Сигуатера улануы ерекше топқа жатады. Ол риф балықтарының өз денесінде теңіздегі бір жасушалы тіршілік иелері бөлетін уыт – сигуатоксинді жинап, мұндай балықтарды асқа қосумен байланысты.
Алкогольмен улану Алкоголь (метанол, этиленгликоль, техникалық сұйықтықтар және т.б.) суррогатын немесе этил спиртінің улы мөлшерін қабылдаумен байланысты күйді жатқызады. Алкольмен улануды ересектерде басқа тағамдық уланудан бөлек қарайды және уланудың жеке түрі ретінде қарастырады. Бұл осындай уыттардың адам ағзасына әсер ету ерекшеліктерімен байланысты. Себебі, олар өмірлік маңызды органдарды зақымдаумен бірге жалпы уландыру әсерін тигізеді.

 

УЛАНБАС ҮШІН НЕ ІСТЕУ ҚАЖЕТ

Тағамдық улануды болдырмас үшін не істеу керек? Алдын алу шараларына мыналар жатады:

  • Азық-түлік өнімдерін, әсіресе, жылдың ыстық мезгілінде сақтау ережелерін орындау. Жарамдылық мерзімдерін бақылау керек, тоңазытқышта шикі етті/балықты (пакетпен, үлдірмен немесе қақпақпен жабылмаған) және дайын тағамды бір-бірінен алыс ұстау және жартылай әзір өнімдерді, етті, балық пен тартылған етті қайта қатырмау керек. Әзірлеген тамақты суығаннан кейін, үйге әкелген азық-түлікті және қолданылмай қалған тағамды тоңазытқышқа уақытылы қою қажет.
  • Ас үй бөлмесінде гигиеналық ережелерді сақтау. Қолдарды және азық-түлік өнімдерін мұқият жуу, ыдыстар мен асхана құралдарын таза күйінде ұстау, шикі ет пен балықты бөлшектеу үшін жеке тақта және пышақ пайдалану керек. Жұмыртқаны бөлер алдында оның қабын жуған жөн.
  • Жеке тазалық ережелерді сақтау. Көшеден келгеннен кейін, дәретханадан шыққаннан соң, тамақ ішер алдында, тамақты әзірлегеннен кейін қолды жуу әдетін қалыптастыру керек.
  • Егер жақындарыңыздың біреуі ішек инфекциясына шалдықса, үйдің ішін санитарлық өңдеуден өткізу қажет. Ауруға шалдыққан адам ауыру кезінде және одан кейін біраз уақыт өткен соң, жеке ыдыс пайдаланғаны жөн. Бұл ыдысты үнемі ыстық суға шайып, дезинфекциялық құралдармен өңдеп отыру қажет.
  • Егер азық-түлік өнімдерін сақтау ережелері бұзылған болса, мұндай өнімдерді қабылдаудан бас тарту. Қаптамасында ашылған және қандай да бір механикалық бүлінулер байқалса, затбелгіні қайта таңбалау, ыдыс қабырғалары аздап ісіп тұрса,қатырылған азық-түлік өнімдерінде әркелкі немесе аса көп мұз қабаты болса, азық-түлік өнімдерін сақтау ережелерін бұзудың белгілері көрінеді.
  • Тағамды даярлау барысында бактерияларды жұқтырып алу қаупі болғандықтан, мұндай тағамнан бас тарту. Аспазшыларда, еден жуушылар мен даяшыларда созылмалы немесе жасырын ішк инфекция түрлерінің болуы, ас үй бөлмесінде санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтамау (жуылмаған ас үй құралдары, ыдыс, бөлшектеу тақталары) азық-түлік өнімдерін инфекциялаудың себебі болуы мүмкін. Залдың, үстелдің, ыдыс пен ас үй құралдарының тазалығына жеткілікті көңіл бөлмейтін, даяшылары өзін таза ұстамайтын және жәндіктер мен кеміргіштердің болу белгілері бар жерлерде ас қабылдаудың қажеті жоқ.

Осындай қарапайым шаралар – тағамдық уланудың жақсы профилактикасы. Егер желінген азық-түлік өнімдерінің сапасына көңіліңіз толмаса, энтеросорбент дәрілерінің көмегімен улану қатерін азайтуға болады. Олар өз бетінде уыттар мен бактерияларды тұндырып, бір реттік қабылдау кезінде бірнеше таблетка ішкеннің өзінде олар қанға сіңбейді және улы емес. Фильтрум® қолайлы, қауіпсіз әрі әмбебап энтеросорбент болып саналады. Оны емшектегі балаға да қолдануға болады.

Назар аударыңыз: қолданар алдында маманмен кеңесіңіз.

ТАҒАМДЫҚ УЛАНУДЫҢ БАС ТҮРЛЕРІНЕН ҚАЛАЙ САҚТАНУҒА БОЛАДЫ

Улы балықтармен уланудан сақтану үшін өзіңізге жақсы таныс балық түрлерін тағамға қосу керек. Экзотикалық елдерге сапарға барғанда мейрамханаларда нәлім тұқымдас және жеуге болатын басқа балық түрлеріне тапсырыс беріңіз. Уылдырық шашу кезінде шортан, лақа, алабұға, көкбасы және басқа балықтардың шоғалын асқа қабылдаудан бас тарту қажет.

Саңырауқұлақтарды әзірлеу алдында оларды мұқият сұрыптау арқылы олармен уланудан сақтануға болады. Күмән туғызған саңырауқұлақты лақтырыңыз. Шартты жеуге болатын саңырауқұлақтарды асқа қабылдаудан бас тартыңыз. Егер оларды жинап алған болсаңыз, олардың аспаздық өңдеудің ережелерін мұқият орындаңыз. Тағамға базарда бейтаныс адамдардан сатып алынған өз бетінше кептірілген, тұздалған және маринадталған саңырауқұлақтарды асқа қолданбаңыз.

Өсімдік немесе жануарлардың уымен уланудың алғашқы белгілері байқалса, дереу дәрігерге жолығыңыз. Дәрігер келгенше асқазанды шайып, ас қорыту жолында уыт мөлшерін азайту үшін энтеросорбент қабылдаңыз (мысалы, Фильтрум®).

АЛКОГОЛЬМЕН УЛАНУДЫ ЕСКЕРТУ

Алкогольмен уланудан сақтану үшін алкоголь түрлерінің танымал маркаларына артықшылық бере отырып, оларды ірі сауда дүкендерінде ғана сатып алыңыз. Бұл ретте, әр бөтелкені жасанды зат белгілеріне тексерген жөн. Аздап өзгеше шрифт немесе затбелгідегі қате жазылған әріптер, қате жабыстырылған және қате басып шығарылған акциздік марка, бөтелкедегі сұйықтық пен шөгіндінің басқаша реңкі сияқты белгілер сатып алу кезінде мұндай алкоголь түріне сақтықпен қарауға түрткі болуы тиіс. Осындай белгілер спирттік ішімдіктің жасанды екендігін растауы мүмкін.

Қазіргі таңда QR-код бойынша алкольдің заңдылығын тексеруге болады. Ол ресми шығарылған бөтелкелерде ғана болып, кассада чекті қалыптастыру барысында арнайы сканермен салыстырылып оқылады. Бұл жалған затты сатып алудан қорғанудың жақсы тәсілі. Сондықтан, алкоголь өнімін осындай сканері бар дүкендерде ғана сатып алу қажет.

Егер ішімдіктің бөтелкесін ашқаннан кейін оның шынайылығына күмән туса, мұндай алкогольді қабылдаудан бас тарту керек. Уланудың алғашқы белгілері пайда болғанда дереу жедел жәрдем шақырып, асқазанды шайып, энтеросорбент (мысалы, Фильтрум®) қабылдау қажет. Токсикологиялық сараптама жасау үшін күмәнді бөтелкені сақтап қойыңыз.