Данный раздел предназначен только для медицинских и фармацевтических работников.
Если Вы медицинский
или фармацевтический
работник, нажмите кнопку
Если Вы не являетесь
медицинским или
фармацевтическим
работником, нажмите
РастаңызАртқа қайту
Фильтрум / Диареяны (іш өтуді) немен емдейді

ДИАРЕЯНЫ (ІШ ӨТУДІ) ҚАЛАЙ ЕМДЕУ КЕРЕК

ЧЕМ ЛЕЧИТЬ ДИАРЕЮ (ПОНОС)

Диареядан дәрілер –кез келген үй дәрі қобдишасынан табылады. Оған таң қалуға болмайды: өйткені диареяның эпизодын басынан өткізген кез келген адам оның қаншалықты жағымсыз екенін жақсы біледі.

Диарея (іш өту) ауру емес, соның белгісі саналады, бірақ оны емдемеу, ағзаға айтарлықтай зиян келтіреді. Сондықтан ересектер мен балаларды диареядан емдеу- тек жайсыздықтан құтқару процесі ғана емес,сондай-ақ денсаулықты сақтау шарттары.

ДИАРЕЯНЫҢ СЕБЕПТЕРІ

Диареяның дамуы мүмкін кең таралған себептері болып мыналар саналады:

  • Астан улану;
  • Ішек дисбактериозы;
  • Ішектегі сіңу процесінің бұзылуы;
  • Тағамға аллергия немесе белгілі бір тағамды немесе оның қоспаларын жеке ағзаның қабылдамауы;
  • Дұрыс тамақтанбау.

Жоғарыда аталған жағдайларда диареядан дәрмектер жеке дәрі ретінде де, сондай-ақ басқа препараттармен кешенді түрде қолдануға ұсынылуы мүмкін.

ДИАРЕЯНЫҢ АСҚЫНУЫ

Іш өтудің асқынуының ең қауіптісі саналады: үлкен дәреттің сұйық түрде болуынан ағза көп мөлшерде сұйықтықты жоғалтады. Сонымен қатар, қан тамырларынан маңызды микроэлементтер де сумен бірге кетеді, оларсыз қалыпты зат алмасу болмайды, жүрек дұрыс жұмыс істемейді және басқа да өмірлік маңызды функциялар атқарылмайды. Сондықтан диарея кезінде ең маңыздысы сұйықтық пен электролиттердің орнын толтыру. Мұндайда диареяны емдеуде жүрек-қан тамырлары мен басқа да бұзылулар орын алмауына мән беріледі, өйткені оның салдары қауіпті болуы мүмкін. Сонымен қатар диареяны емдемесе ішек микрофлорасының қалыпты тұрақтылығы бұзылады.

ДИАРЕЯНЫ ЕМДЕУ

Диареядан емдейтін дәрі Фильтрум® жаңадан шыққан энтеросорбенттерге жатады. Оның сорбциялық ауқымы (зиянды заттарды жою қабілеті) түрлі улануларда бұл дәріні диареяда (соның ішінде астан, дәріден, алкогольден және басқа улануларда) ересектер мен балаларға беруге болатынын білдіреді.

Препараттың құрамы туралы. Лигнин фильтрумның® негізгі компоненті ® болып табылады – арнайы өңдеу арқылы ағаштан алынатын табиғи зат. Диареяны емдеуге арналған бұған дейінгі құралдарға қарағанда, Фильтрум® түрлі заттарды жұтады, оның ішінде төмен молекулярлы біріктіргіштер бар ( (алкоголь, түрлі дәрілік препараттардың компоненті және т.б.). Осындай ерекшелігі іш өтуден бұл дәріні әмбебап сорбенті етеді, ол өз кезегінде түрлі этиологиядағы диареяны емдеуге ықпал етеді.

Фильтрум 400 мг

Препаратты қолдану туралы. Фильтрумды® тамақ ішер алдында және басқа дәрілік препараттарды ішпей тұрып, 1 сағат бұрын тәулігіне 3–4 рет 5 күн қолдануға кеңес беріледі.

Препараттың бір дозасының құрамы: 1 жасқа дейінгі балаларға – ½ таблетка, 1–3 жасқа – 1 таблетка, 4–7 жасқа – 1 таблетка, 7–12 жасқа– 1–2 таблетка, ересектер үшін – 2–3 таблетка.

Диареяға арналған Фильтрум® таблетка түрінде болады, сонысымен ол үйден сыртта көп жүретіндерге ішуге өте ыңғайлы.Іш өтуде, үлкен дәретте қан пайда болса, ол 2 тәулікке созылса, сондай-ақ басқа да белгілер іш өтумен қатар байқалса (дене қызуының көтерілуі, құсу, әлсіздік және т.б.) бірден дәрігерге қаралу керек.