Данный раздел предназначен только для медицинских и фармацевтических работников.
Если Вы медицинский
или фармацевтический
работник, нажмите кнопку
Если Вы не являетесь
медицинским или
фармацевтическим
работником, нажмите
РастаңызАртқа қайту
Фильтрум / Пайдалы материалдар / Уыттармен уланудан емдейтін дәрі

Уыттармен уланудан емдейтін дәрі

  1. Уыттар деген не?
  2. Уыттармен улану
  3. Симптомдар
  4. Методы вывода токсинов

Уыттармен уланудан емдейтін дәрі

Әдетте адам ағзасына сыртқы ортадан келіп түсетін химиялық уларды уыттар деп айтады. Олардың көбісі азық-түлік өнімдерімен келіп түседі. Сондықтан, оларды залалсыздандыру үшін уыттарды ішектен шығаратын дәрілерді қабылдау керек.

Фильтрум® уыттарды шығаруға арналған тиімді дәрі-дәрмек болып саналады. Бұл табиғи өсімдік компоненттерінің арнайы өңделуі негізінде уыттармен уланудан емдейтін дәрі.

Уыттар деген не?

Экзо- және эндоуыттар деп ажыратады. Өкпеге, ас қорыту жүйесіне немесе тері арқылы сырттан енетін заттарды экзоуыттарға жатқызады. Бұл ауру тудыратын микроорганизмдердің тіршілік ету, дәрі-дәрмекті ыдырататын өнімдер, сондай-ақ, бүйрек немесе бауыр жетіспеушілігі кезінде түрлі ауру жағдайында пайда болатын заттар.

Уыттардың түрлеріМысалдар
Химиялық Бейорганикалық заттар – сынап, асбест, хлор, металдың тұздары және органикалық қоспалар – метанол, дәрі-дәрмектер, мұнай, ерітінділер, пестицидтер.
Биологиялық Бактериялар, вирустар, басқа да ауру тудырушы микроорганизмдер және ағзадағы олардың тіршілік ететін өнімдері
Физикалық Көмір, цемент немесе асбест шаң-тозаңы

Олардың барлығы ағзаға зиянды әсер тигізуі мүмкін және зәрмен немесе ішек арқылы жойылады. Осы процесті тездету үшін боқаттарды және уыттарды шығаруға арналған түрлі дәрілер қолданылады.

Уыттармен улану

Мөлшері мен адамның күйіне байланысты кез келген улы заттар қауіпті болады. Сол себепті, уыттарды арнайы дәрілермен ағзадан ерте әрі тиімді жолмен шығаруға болады.

Уақытылы көмек көрсету төмендегі улы заттардың көрінісін жояды немесе азайтады:

  • бүйректерді, бауырды, миды, өкпені, ішекті және басқа органдарды зақымдау;
  • олардың қалыпты жұмыс істеуін бұзу;
  • генетикалық ақаулардың дамуы;
  • иммунитетке қысым жасау;
  • аллергиялық реакциялар;
  • обыр ісігін тудыру қабілеті.

Симптомдар

Улану күдігін туғызып, уыттар мен боқаттардан емдейтін дәрілерді қолданатын ең ерте симптомдар:

  • мінез-құлықтағы өзгерістер (мазасыздану, кірпияздық);
  • сұйық нәжіс;
  • бас айналу;
  • ұйқышылдық, әлсіздік;
  • бас ауруы;
  • тәбеттің болмауы;
  • жүрек айну немесе лоқсып құсу;
  • шөлдеу.

Бұл белгілер уыттардың ас қорыту жолына түскендігін жиі растайды. Сонымен бірге, алғашқы көмек ретінде көп мөлшерде сұйықтық ішіп, уыттарды шығару үшін дәрілерді қабылдау керек. Фильтрум® осындай топтағы ең тиімді дәрілердің біріне жатады.

Өте маңызды: қолданар алдында нұсқаулықпен танысыңыз немесе дәрігермен кеңесіңіз.

Уыттарды шығару әдістері

Уланған кезде медициналық көмек алыңыз. Алғашқы көмек ретінде әдетте түрлі әдістер қолданады:

  • асқазанды шаяды, алайда, химиялық заттармен уланған кезде осы тәсіл қауіпті болуы мүмкін;
  • жетіспеушілік тиімділігі бар белсенді көмір таблеткаларын көп мөлшерде қабылдайды;
  • көп жағдайда көмектеспей, науқастың жағдайын нашарлатып жіберетін халық арасындағы емдеу тәсілдерін қолданады.

Уыттармен уланған кезде Фильтрум® ішек сорбенті осы әдістердің баламасы болады. Бұл уыттарды ағзадан шығаратын тиімді дәрі.

Фильтрум®-дің:

  • біршама сіңіру бетін қамтамасыз ететін көп ұсақ тесіктерінен белсенді көмірмен салыстырғанда тиімділігі жоғары;
  • тағамдық, емдік, микробтық, химиялық уыттарды байланыстырады, белсенділігін жояды және шығарады;
  • алкогольді улану кезінде көмектеседі;
  • ішкі органдар ауырған кезде билурибин, зәр және басқа эндотоксиндерді жылдам шығарады;
  • нәжісті қалпына келтіреді, жүрек айнуды тоқтатады, іштің кебуін жояды, жалпы көңіл-күйді жақсартады, қатты уланған кезде жазылуды тездетеді.

Тақырып бойынша басқа мақалалар