Данный раздел предназначен только для медицинских и фармацевтических работников.
Если Вы медицинский
или фармацевтический
работник, нажмите кнопку
Если Вы не являетесь
медицинским или
фармацевтическим
работником, нажмите
РастаңызАртқа қайту

Құсу

Құсу рефлексі

  1. Құсу рефлексі
  2. Себептері
  3. Балалардың құсуы
  4. Симптомдары
  5. Ауыр науқастану белгілері
  6. Құсудың асқынуы
  7. Емделу
  8. Алғашқы жәрдем
  9. Құсу кезіндегі «Фильтрум»
  10. Құсу профилактикасы

Ауыз арқылы шығып, асқазан бұлшықеттерінің қарқынды жиырылуы немесе құсу – бұл рефлекторлық қорғаныс процесі (үдерісі). Ол ағзаны артық улы заттардан тазарту үшін қажет. Алайда, уыттардан құтылумен қатысы жоқ патологиялық құсу да кездеседі.

Зиянды затты аспен қолданған кезде бір рет құсуыңыз мүмкін. Қайталанатын симптом түрлі жалғаспалы аурулармен байланысты болады. Жиі құсқан кезде сусыздану мен өмір сүру үшін қауіп тудыратын ағзадан қажетті тұз мөлшерінің азаюына түрткі болуы мүмкін.

Құсу рефлексі

Бас миы құсуға негіз болады. Нерв жолдарымен ол ішкі органдардан (жұтқыншақтан, ас қорыту органдарынан, жүрек тамыр жүйесінен, өт шығатын жолдардан, шажырқай тамырлардан) сигналдар алады. Оның бір бөлігі қандағы химиялық заттарға жауап береді. Басқа нерв орталықтарының тітіркенуі, мысалы, жағымсыз иіспен тітіркеуні де адамды құстырады.

Құсу орталығы осы сигналдарды талдап, күрделі құсу әрекетіне қатысатын құрсақ қабырғасының, асқазанның және басқа мүшелердің бұлшықеттеріне импульстар жібереді. Осы импульстарды тарату кезінде нейротрансмиттер деп аталатын заттардың рөлі жоғары. Бұл дофамин, серотонин, гистамин, эндогенді опиаттар мен басқалары. Көптеген ең жаңа құсуға қарсы дәрілер осы медиаторларға және олардың рецепторларына әсер етеді.

Себептер

Құсу өздігінен ауру болып есептелмейді, ол тек түрлі патология симптомдарының бірі болып қызмет атқарады:

  • инфекциялар: вирустар мен бактериялар (стафилококктар, сальмонелла және басқалары) науқастың қанына құсу орталығын қоздыратын уыттар бөледі;
  • дәрілердің жанама әсері (дигоксин, эуфиллин, цитостатика);
  • жіті гастрит;
  • ойықжара, ісік, Крон ауруы кезінде астың асқазан арқылы ұлабарға қалыпты өтуіндегі бұзылыс;
  • жарық, түйілу, қынапталу кезінде жіңішке ішектен өтпеу;
  • кері психогенді ширату, қатты күйзеліс;
  • нерв жүйесінің аурулары (вестибулярлық аппараттың зақымдалуы, Меньер ауруы, бассүйекішілік қысымның артуы, менингит, энфефалит, бассүйек-ми жарақаты, мидың ісігі);
  • гормоналды және психологиялық бұзылу салдарынан жүктілік, бауырдың жіті майлы дистрофиясы өршіген кезде сирек кездеседі;
  • эндокринді аурулар (Аддисон ауруы, қалқанша бездің күшейтілген функциясы, перифериялық нейропатиясы бар диабет);
  • миокард, өт қабы, ішперде, ұйқы безі рецепторлары тітіркенген кезде висцералық ауру (панкреатит, холецистит, өттің іркілуі, аппендицит, бүйректің шаншуы);
  • сәулесоқ ауруы немесе сәуле терапиясының курстары;
  • құсудың өте сирек кездесетін себептері – ұстамалы жүрек ауруы, пневмония, құрғақ жөтел, сепсистік күйі, булимия, обыр кезіндегі химиотерапия.

Балалардың құсуы

Кейде еметін балаларда жиі кездесетін лоқсуды құсудан ажырату қиынға соғады. Бала емгеннен кейін бірден лоқсиды, бірақ сыртқа шығарған астың көлемі аз болады. Көп мөлшерде лоқсу байқалмайды.

Балалардың құсуы

  • Өмірінің алғашқы 2-3 айында қатты құсу асқазанның ұлтабарға өтетін жердегі қақпаның тарылуы болуы мүмкін. Мұндай күйді хирургиялық жолмен емдеуге ғана болады.
  • Егер құсу баланың бір жерінің ауруымен байланысты болса, бала үнемі жыласа, ал, дәретінде қан белгілері байқалса, бұл ішектің қынапталуы белгілері болуы мүмкін. Мұндай ауру хирургтың кеңесін қажет етеді.
  • Егер балада бір мезгілде құсу және іш өту орын алса, бұл вирустық инфекция симптомы болады. Егер мұндай күй бір тәуліктен артық уақытқа созылса, нәрестенің денесі сусыздануы мүмкін. Мұндай жағдай ауыз қуысының шырышты қабығы құрғап, қолтық пен шап бөлігі терлемей, көздер салбырап түсіп, бала жылап, оның бұлшықеттері әлсіз болады. Осындай белгілер пайда болған кезде дереу дәрігерге хабарласаңыз.

Симптомдар

Құсар алдында жиі жүрек айниды. Жүректің аз мөлшерде айнуы нерв орталығының тітіркенуімен байланысты. Құсқыңыз келгенде диафрагма, іш және кеуде бұлшықеттері жиырылады. Кейіннен өңештің айналма бұлшықеттері босаңсиды және ас қысыммен ауыздан тез шығады. Бұл ретте, адам мәжбүрлі күй кешеді.

Біруақытта келесі симптомдар болуы мүмкін:

  • сілекейдің көп ағуы;
  • жүректің жиі соғуы;
  • аса жоғары температура;
  • нәжіс шығару сезімі.

Құсу қайталанған кезде ішкі органдардың зат алмасуы мен функциялары бұзылады:

  • тістің жылтыр қабығы (кіреукесі) асқазанның қышқыл құрамымен үнемі бұзылған кезде ол жұқарады;
  • құсқан кезде кеудеде қысым көтерілу және дененің жоғары бөлігінен тамырдың қайтуы бұзылу салдарынан мойын және бет терісінің қызаруы;
  • салмақтың азаюы, бұлшықеттің семуы, терінің құрғап кетуі, шаштың сынғыштығы және қоректік заттардың басқа да тапшылығы;
  • жасуша ішіндегі сұйықтықтың азаюымен сусыздану;
  • қанда калий мен натрийдің азаюы, қанның сілтілі реакциясының дамуы;
  • өңеш пен асқазанның бұзылуы, мысалы, Мэллори-Вейс синдромы. Бұл қан ағуымен өршуы мүмкін. 

Қиын жағдай белгілері

Құсу – жиі болатын белгі және дереу емдеуді қажет етпейді. Алайда, лезде дәрігерге жолығу керек жағдайлар болады:

  • симптомдардың ұзақтығы 1 күннен артық;
  • тағамнан улану күмәні;
  • құсу процесі бастың қатты ауруымен және/немесе мойынның иілуі бұзылуымен жалғасады;
  • құсу кезінде іш қатты ауырады;
  • науқас құсудан жеңілдемейді.

Медициналық көмек сұраудың тағы бір себебі құсқанда қан болады. Бұл ретте:

  • ақшыл түсті қан көп бөлінеді;
  • емделуші қара түсті ұйыған қан түкіреді;
  • науқас кофеге ұқсас зат шығарады.

Қан құсқанда әдетте асқазан жарасы пайда болады немесе өңештің варикозбен үлкейген тамырлары үзіледі. Сонымен бірге, ол асқазанның обыр ісігі ыдыраған кезде кездеседі. Мұндай күй әлсіздікпен, бас айналумен жалғасады және науқасты дереу ауруханаға жатқызуды қажет етеді.

Құсудың асқынуы

Құсуға тән ең үлкен асқыну – сусыздану. Оның келесі белгілері болады:

  • ауыз қуысының құрғап кетуі;
  • бұлшықеттің әлсіздігі, қалшылдаған тітіркенулер;
  • зәрдің қараюы, оның мөлшерінің азаюы;
  • бастың ауыруы;
  • сананың шатасуы.

Мұндай асқыну кішкентай балалар үшін өте қауіпті. Себебі, олардың ағзасында сұйықтық азырақ болады. Балада құсу мен сусыздану симптомдары пайда болғанда дереу медициналық көмек сұрау қажет.

Қайталанатын құсудың негізгі асқынуларының бірі – қоректену заттарының тапшылығы. Бұл ретте, науқас адамдар әлсіздікке, шаршағандығына, ентігуге, салмақтың азаюына шағымданады.

Емделу

Құсуды жою үшін оны туындатқан ауруды емдеу керек, сондай-ақ, ағзадағы сұйықтық пен тұздардың тапшылығын толтыру қажет. Бұл үшін дәріханада сатып алуға болатын регидратацияға арналған тұзды ерітінділерді ішуге болады. Ауыр жағдайларда сұйықтықтар мен тұздарды тамырға егуді тағайындайды. Құсқан кезде антиэметиктер тобынан дәрілер тағайындайды.

Дәрігерді тағайындау бойынша ас қорыту органдарына жүктемені азайту үшін ферментті құралдарды, мысалы, Микразимді қабылдауға болады.

Құсқан кезде уақытша құнарсыз, қатты, майлы, татымды немесе басқа да тітіркендіретін тағамды қабылдаудан бас тарту керек. Алғашқы екі тәулік ішінде сүт өнімдерін қабылдамаған жөн.

Алғашқы жәрдем

Егер адам құса бастаса, келесі шараларды қабылдау керек:

  • Басы мен кеудесі көтеріңкі күйде науқасты жанға жатқызып, төсектің жанына таза тегене немесе шелекті қою қажет;
  • Егер емделуші ес-түссіз болса, басын бұрғызбай, құсу массасы тыныс алу жолдарына түспеуі керек. Сондай-ақ, зардап шеккен адам жалғаз қалмауы тиіс;
  • Құсқаннан кейін науқас бір шай қасығымен ас содасы ерітілген жылы су стаканымен аузын шаюы керек;
  • Содан кейін науқастың ерні мен бетін таза сүлгімен кептіреді;
  • Құсқан кезде қан белгілері байқалса, кеуде мен семсер тәрізді өсіндінің төменгі бөлігіне салқын компресс немесе ұсақ мұз тілімдерін жұтқызу керек;
  • Құсу тоқтамаған кезде дереу дәрігерді шақыру қажет.

Құсу кезіндегі «Фильтрум»

«Фильтрум» препараты асқазан мен ішектегі уыттарды өз бетінде сіңіруге көмектеседі. Сондықтан, эндогенді немесе экзогенді интоксикациядан туындайтын құсудың профилактикасы мен оны емдеу үшін осы препарат медицинада қолданылады.

«Фильтрум» келесі жағдайлардан туындаған құсу кезінде көмектеседі:

  • Тағамнан улану немесе алкогольден улану;
  • тұрмыстық интоксикация;
  • жіті инфекциялық аурулар;
  • жуырда ғана қабылдаған дәріден алған жанама әсер;
  • метаболиялық бұзылыстар, мысалы, уремия (бүйрек жетіспеушілігі).

Нұсқаулыққа сәйкес дозасын азайтып, балалар, сондай-ақ, жүкті әйелдер «Фильтрумды» қабылдай алады. Сонымен бірге, жерік болудан туындайтын құсу кезінде қабылдауға болады.

Құсудың профилактикасы

Осындай симптомдың пайда болуын азайту үшін аурудың себебіне әсер ету қажет.

Сонымен бірге, құсуды келесі жолдармен өршітуге болады:

  • ішімдікті аса көп мөлшерде қабылдау;
  • артық тамақ жеу;
  • бас сақинасы;
  • тамақтан кейін физикалық жүктеме;
  • күшті эмоционалды күйзеліс;
  • аса ыстық, ащы немесе татымды ас қабылдау;
  • ұйқының қанбауы.

Салауаттың өмір салтына әдеттену құсу ықтималдығын азайтады. Интоксикацияны туындататын вирустық немесе бактериялық инфекцияларды болдырмас үшін жеке бас гигиенасын сақтап, ас ішер алдында қолды жуып, тағамға жаңа өнімдерді қолдану керек.

 

Маңызды: қолданар алдында нұсқаулықпен танысыңыз немесе емдейтін дәрігермен кеңесіңіз.