Данный раздел предназначен только для медицинских и фармацевтических работников.
Если Вы медицинский
или фармацевтический
работник, нажмите кнопку
Если Вы не являетесь
медицинским или
фармацевтическим
работником, нажмите
РастаңызАртқа қайту
Фильтрум / Пайдалы материалдар / Тағамдық аллергия

Тағамдық аллергия

  1. Жіктемесі
  2. Аллергияның пайда болуының себептері
  3. Аллергияның симптомдары
  4. Аллергияны емдеу

Тағамдық аллергия

Тағамдық аллергия – бұл ағзаның тамақ өнімдерінің құрамына кіретін белгілі бір компоненттеріне өзгертілген иммунды реакциясы. Көбінде мұндай бұзылулар балаларда, әсіресе емшектегі сәбилерде болады. Ересектерде тамаққа аллергия елеулі түрде аз кездеседі. Аллергияның қауіптілігі кішкене мөлшердегі аллергеннің өзі адам өміріне қауіп төндіруінде түйінделеді.

Жіктемесі

АХЖ бойынша тағамдық аллергия төмендегі кодтардың бірімен белгіленуі мүмкін:

  • L 20.8 – басқа атопиялық дерматиттер (аллергенге байланысты терінің қабынуы);
  • L 27.2 – ішкен тамақтан туындаған дерматит;
  • L 50 – есекжем;
  • T 78.1 – тамаққа патологиялық реакцияның басқа көріністері.

Тағамдық аллергия

Тағамдық аллергия кезінде басқа адамдар үшін мүлдем зиянсыз болатын жоғары сапалы және жаңа дайындалған өнімдер реакция тудырады. Әдетте ол теріге әсер етеді, сирек жағдайда асқорыту жүйесінің симптомдарын туғызады. Ауыр аллергиялық реакция кезінде зардап шегушіде өмірге қауіпті анафилактикалық шок дамуы мүмкін, бірақ тағамдық аллергиялар үшін бұндай әсер аса тән емес.

Тағамдық аллергия иммундық жасушалардың аномальді реакцияларымен, тағамдық заттарға ерекше антиденелердің (реагиндердің, немесе E сыныпты иммуноглобулиндердің) түзілуімен, сондай-ақ олардың үйлесімімен тудырылуы мүмкін. Сондықтан тағамдық аллергияның жіктемесі төмендгілерді қамтиды:

  • реагиндердің түзілуіне байланысты реакциялар (есекжем, ринит, конъюнктивит, астма ұстамалары, ішек бұзылуы, анафилактикалық реакциялар);
  • аралас нұсқа (дерматит, асқазан-ішек бұзылулары);
  • жасушалық патологияның көріністері (ішек қабынуы).

 

Аллергияның пайда болуының себептері

Ересектер мен балалардағы тағамдық аллергия тағаммен бірге келетін ақуыздармен, сирек ақуыз тәрізді заттар – гаптендермен байланысты. Мұндай ақуыз молекулаларының құрамында иммунитеттің генетикалық түрде шартталған өзгерулеріне ұшыраған адамдарда қорғаныш иммундық реакцияны белсенді ете алатын учаскелері бар. Асқазан мен ішектің күйі де маңызды: олардың аурулары кезінде аллергеннің иммунокомпетентті жасушалармен немесе антиденелермен байланысу ықтималдығы артады, оған сезімталдығы жоғарылайды.

Балалардың тағамдық аллергиясы

Балалардың тағамдық аллергиясы

Көптеген жағдайларда балалардың аллергиялық реакциялары анасының жүктілік немесе лактация кезеңінде дұрыс емес тамақтануынан туындайды. Мысалы, жүктілік кезінде жұмыртқаны шамадан тыс тұтыну үлкен ықтималдықпен балада осы өнімге аллергияның пайда болуына әкеледі.

Алайда, аллергияның нағыз себебі –иммунитеттің генетикалық бұзылулары болып табылады, олар тұқым қуалай немесе аяқ астынан пайда болуы мүмкін.

Көбінесе балалардың тағамдық аллергиясы төмендегідей факторларға байланысты:

  • жеткіліксіз емшекпен емізу, құрамында сиыр сүтінің ақуызы бар қоспаларға ерте көшіру;
  • шала туылғандық;
  • АІЖ, өт жолдары немесе бауырдың аурулары.

Сиыр сүті ақуызына аллергия емшектегі сәбилердің 2-3% байқалады. 5 жасқа қарай, осы емделушілердің 80% -да ол жоғалып, 6 жасқа дейін 100 баланың 1-і ғана сиыр сүтіне төзе алмайды.

Баланың өмірінің алғашқы жылдарында кемінде бір рет тағамдық аллергия пайда болуының ықтималдығы 17%.

Ересектердегі аллергия

Ересектердегі аллергия

Ересек адамдар да кейде аллергиядан зардап шегеді және ол әртүрлі себептермен пайда болуы мүмкін. Олардың бір бөлігі ересектер мен балаларға жалпы болып табылады:

  • иммунитеттің генетикалық жанама бұзылыстары;
  • ыдырамаған өнімдер ішектің қабырғасы арқылы ене бастауына әкелетін АІЖ-ның қабыну процестері;
  • заттардың сіңірілу жылдамдығын баяулататын ұйқы безі жұмысының бұзылуы, сондай-ақ өт шығару жолдарының немесе ішектің дискинезиясы;
  • гастритті және асқазанның басқа да бұзылыстарын тудыратын дұрыс емес тамақтану (бұл кәдімгі аллергияның және псевдоаллергияның пайда болу себебі болып табылады).

Кейбір адамдарда жеке бір тағамдық қоспаларға аллергиялық реакция болады. Мұндай заттар өнімдердің дәмін, түсі мен хош иісін жақсартуға, сондай-ақ өнімдерінің жарамдылық мерзімін ұзартуға арналған. Аллергиктерге өнімді сары-жоса түсті ететін бояғыш – тартразин көптеген қиыншылықтар тудырады. Ет және шұжық өнімдеріне оларға тәбетті қызғылт-қызыл түс беру үшін қосылатын натрий нитриті де қара тізімде. Консерванттар арасында әсіресе натрий глютаматы мен салицилаттар ерекшеленеді. Тағамдық аллергиядан зардап шегетін адамдарда қоспаларға реакция 5-7% жағдайларда байқалады, ал сау адамдар арасында 1000 адамнан 1-2 адамда ғана байқалады.

Аллергиялық реакция тудыратын өнімдер

Аллергиялық реакция тудыратын өнімдер

Таңқаларлық жайт, тамақ өнімдері арасында тек тұз бен қант қана аллерген емес. Қалған тамақ қандай да бір шамада аллергия тудыруы мүмкін, әсіресе оған бейім адамдарда. Жақсы зерттелген және өте күшті аллергендер тізіміне түскен өнімдер туралы әңгімелейік.

Сиыр сүті

Бұл ең белгілі аллергендердің бірі. Сүттің құрамында шамамен 20 түрлі ақуыз бар, олардың әрқайсысы аллергия туғызуға қабілетті. Қайнату барысында осы ақуыздардың бір бөлігі ыдырайды, бірақ барлық түрлеріне қатысты емес. Бірақ сонымен бірге, сиыр еті сиыр сүтін тұтынуға өте сезімтал адамдардың аллергендер тізіміне өте сирек кіреді.

Тауық жұмыртқасы

Бұл да кең таралған аллерген. Медициналық тәжірибеде бір ғана тауық жұмыртқасын тұтыну анафилактикалық шокқа және басқа да ауыр зардаптарға әкелген жағдайлар бар. Бұл жұмыртқаның құрамындағы протеиндер ішек қабырғаларынан өзгермеген түрінде өте алуына байланысты.

Ақуыз мен саруыз түрлі антигендік қасиеттерге ие, сондықтан кейбір адамдар ақуызды оңай тұтынып, сарыуызын тұтынғанда аллергияға шалдығуы мүмкін, және керісінше. Температуралық өңдеу кезінде, жұмыртқа ақуызының антигендігі аз білінеді.

Тауық жұмыртқасының аллергиялық реакциясы үйректің немесе қаздың жұмыртқасына да тән, сондықтан бұл жағдайда бір өнімді басқа түрімен алмастыру көмектеспейді. Сонымен қатар, тауық жұмыртқасына аллергиясы бар адамдарда тауық етіне де жиі аллергия болады.

Өсе келе балалардың шамамен 10% -ында жұмыртқаға реакциясы жоғалады.

Балық

Балықтың күшті антигендік және гистаминолибераторлық қасиеттері бар. Балықты тұтыну ғана емес, осы өнімді дайындау кезінде балықтың иісін жұту да өмірге қауіпті болып табылады. Балыққа жоғары деңгейде реакциясы бар адамдар, әдетте, балықтың кез-келген сұрыптары мен түрлерін мүлдем көтере алмайды. Ал кей жағдайларда аллергия тек балықтың бір немесе бірнеше түріне ғана таралады, қалған балықты адам ауыртпалықсыз тұтына береді.

Шаян тәрізділер (шаяндар, таңқы шаяндар, асшаяндар, омарлар)

Шаян тәрізділер үшін айқас антигенділік тән: егер адамда шаян тәрізділердің бір түріне реакциясы болса, онда барлық басқа түрлерін рационнан шығарып тастаған жөн. Бұған аквариум балықтарының құрғақ жеміне жиі қосылатын тұщы су шаяны дафния да жатады. Өйткені дафния да тыныс алуды қиындататын аллергиялық реакцияларды тудыруға қабілетті екенін ескеру керек.

Теңіз өнімдері мен балықтарға аллергия өмір бойы сақталады және аллергенмен елеулі емес байланыс кезінде-ақ анафилактикалық реакциялар орын алуы мүмкін.

Бидай және соя

Бұл өнімдер де ең көп таралған аллергендер санына жатады.

Ет

Еттің құрамында ақуыздың көптеген мөлшері бар, алайда бұл өнім аллергияны сирек туғызады. Сонымен бірге ет пен құс етінің кей түрлері басқаларға қарағанда анағұрлым жоғары антигенділікке ие. Мысалы, сиыр етіне реакциясы бар адамдар кейде қой етін, шошқа етін немесе тауық етін ауыртпалықсыз тұтына береді.

Астық тұқымдас дақылдар

Астық тұқымдас дақылдар (бидай, қара бидай, жүгері, күріш, сұлы және т.б.) жеңіл аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін, бірақ оларды тұтыну елеулі зардаптарға әкелмейді. Балалардың жартысында осы реакция 5-6 жасқа қарай жоғалады.

Көкөністер, жемістер, жидектер

Тамақ өнімдерінің бұл санатында аллергендер өте көп. Анағұрлым күшті реакцияны цитрус жемістері (апельсин, грейпфрут, лимон), құлпынай мен бүлдірген туғызады. Сонымен бірге адамда, әдетте, бір тұқымдас жемістердің барлығына бірдей реакция байқалады.

Бірақ типтік емес айқас реакциялар да кездеседі. Атап айтқанда, қайың тұқымдас өсімдіктердің тозаңына (поллиноз) аллергиясы бар адамдар, тіптен басқа тұқымдас алма мен сәбізді жей алмайды. Көкөніс, жеміс пен жидектердің антигендік қасиеттерін температуралық өңдеу төмендете алады.

Жаңғақтар

Жаңғақтарға көп адамдар сезімтал келеді, және бірқатар жағдайда бұл өнімге реакция өте күшті болуы мүмкін. Жаңғақтардың бір түріне аллергиясы болғанда, адам әдетте басқа түрлерін тұтынудан бас тартпайды, бірақ кейде осы санаттағы барлық өнімдерге реакция бірдей болуы мүмкін. Жаңғақ ағашының тозаңына аллергиясы бар адамдарда жаңғақтарды көтере алмау жиі кездеседі. Өте күшті аллерген – жержаңғақ, ол анафилактикалық реакцияны жиі тудырады. Балалардың тек 20% ғана бұл өнімге аллергиясы уақыт өте кетеді.

Шоколад

Шоколад өте күшті аллергияны тудырады деп саналады, алайда іс жүзінде бұл өнім төмен антигенділікке ие. Ол тек шамалы баяулатылған реакцияны тудыруға қабілетті, ол какаоға да тән қасиет.

Аллергияның симптомдары

Тағамдық аллергияның көріністері баланың жасына және иммунитетіне қарай ерекшеленеді. Төменде аллергияның пайда болуын көрсететін негізгі сырқаттардың тізімі келтірілген:

Аллергияның симптомдары

  • терідегі бөртпе, сондай-ақ қышу, ісіну немесе ашытып күю;
  • ауыз қуысындағы шырышты қабықтың ісінуі;
  • аллергиялық ринит (мұрынның бітелуімен, түшкірумен және шырышты бөлінділермен көрінеді);
  • жөтел (кейде қақырықпен);
  • тұншығу (көмейдің ісінуінен туындаған);
  • жасаураған және қызарған көздер;
  • жүрек айнуы мен құсу, қан мен шырышты қоспасы бар іш өту;
  • іштің ауыруы.

Тағамдық аллергия кезіндегі бөртпе, әдетте, есекжем сипатты – қызарған терідегі ісіну және қышуды туғызатын шағын көптеген түйіндер түрінде болады.

Емшектегі балаларда тағамдық аллергия қосалқы атопиялық дерматитпен байланысты бірқатар қосымша симптомдарға ие:

  • базданудың пайда болуы;
  • тамақтанудан кейін арта түсетін, анус аймағындағы терінің қызаруы.

Әдетте, арнайы тамақтану режимі сақталғанда аллергиялық көріністер ізсіз жоғалады.

Аллергияны емдеу

Аллергияны емдеу

Тағамдық аллергияны емдеу ең алдымен дұрыс тамақтану режимін қамтиды. Зардап шеккен адам аллергенді қамтитын өнімдер мен тағамдардан толығымен бас тартуы тиіс. Диета барысында сіз баяу, бірақ сенімді түрде аллергияны жеңе аласыз, алайда сіздің жағдайыңыз жақсарғаннан кейін де арнайы тамақтану сақталуы тиіс. Әсіресе диета мәселесіне бала емізетін аналар назар аударуы қажет.

Жалпы тағамдық аллергия кезінде диетаның екі түрін бөледі:

  1. тән емес диета (аллергия тудыруы мүмкін барлық өнімдерден бас тартуды талап етеді). Мұндай диетаны диагностикалаудың бастапқы кезеңінде, аллергияның пайда болуының себебі анықталмаған кезде ұстанған жөн;
  2. жоққа шығарушы диета (тіпті ең аз мөлшерінің өзінде реакция тудыратын өнімнен толық бас тарту).

Диета аллергия профилактикасының жалғыз жолы ретінде болуы мүмкін, және бұл жағдайда ол ересекке де, балаға да қолданылады. Емделушінің жасына және аурудың ағымына қарай, онымен күресу бірден төрт аптаға дейін уақыт алады.

Егер балада сиыр сүтінің ақуызына тағамдық аллергия бар болса, онда оған ешкі сүтін беруге болмайтыны дәлелденді. Тек жоғары гидролизделген сүт ақуызы немесе амин қышқылдары негізінде жасалған дайын қоспаларды ғана қолдану керек. Сүт аллергиясы бар балалардың 90% -ында бұл қоспалар патологиялық реакцияларды тудырмайды.

Тіпті аллергия жеңіл түрінде көрінсе де, және зардап шегушiнiң денсаулығына ештеңе қатер тигізбесе де, бәрібір дәрігерге көріну ұсынылады. Тағамдық аллергияның симптомдары төмендегідей дәрілерді тағайындауды талап етеді:

  • сорбенттер, мысалы, Фильтрум (ағзадан аллергендерді шығаруға ықпал етеді);
  • 2-ші буынның антигистаминдік препараттары (ісіну мен қабынуды азайтады);
  • анафилаксия жағдайында жедел жәрдем бригадасы эпинефрин, преднизолон енгізеді және науқасты ауруханаға жатқызады.

Аурудың қайталануын болдырмау үшін аллергологқа тексеріліп, қауіпті өнімді анықтауды және оны тамаққа қолдануға жол бермеуді ұсынамыз. Дәрілік заттарды үнемі қабылдау ұсынылмайды.

Аллергия кезінде аллергенді абайсызда тұтынып қойған кезде бірден Фильтрумді қабылдауға болады. Бұл жағдайда 2-3 таблетканы ұсақтап, көп мөлшердегі сумен ішеді. Бұл препараттың сорбенттік қабілетін арттырады және аллергия симптомдарының пайда болу қаупін азайтады. Егер аурудың белгілері пайда болған жағдайда, Фильтрум 3-5 күн бойы тағайындалады. Оның дозасы науқастың жасына байланысты және дәрігермен анықталады.

 

Маңызды: қолдану алдында нұсқаулықпен танысыңыз немесе емдеуші дәрігеріңізден кеңес алыңыз.