Фильтрум® дәрі-дәрмегінің жарамдылық мерзімі қандай?
Нұсқаулық бойынша Фильтрум® дәрі-дәрмегінің жарамдылық мерзімі 2 жылды құрайды. Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін дәрі-дәрмекті энтеросорбент ретінде қолдануға және қабылдауға болмайды. Мұны бірнеше себептермен түсіндіруге болады:
- Гидролиздік лигнин (Фильтрум® әсер етуші заты) тұрақты әрі күрделі биополимерлерге жатады. Бірақ, ол да кезі жеткенде біртіндеп бұзыла бастайды және бұл дәрі-дәрмектің тиімділігі мен қауіпсіздігін төмендетеді. Алайда, өндірушінің кепілді сақтау мерзім бойы Фильтрум® толық өзінің қасиеттерін сақтайды.
- Шығарылатын және дұрыс сақталатын дәрі-дәрмектің биологиялық қаупі жоқ. Қабылдаған кезде ол оның бетіне тұнып қалған қандай да бір қоздырушыдан зақымданбайды. Дәрі-дәрмектің жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін оның сіңіру қабілеті азаяды және бұл тұнған бактериялардың мықты байланысу және босату ықтималдығын азайтады.