Қанша таблетка Фильтрум®ішу керек?
Препараттың мөлшерлемесі жас ерекшелігіне, дене салмағына және сырқаттың ауырлығына тәуелді.
Фильтрум®- ас пен басқа дәрілік заттарды қабылдауға дейін 1 сағат бұрын, күніне 3-4 рет ішке қабылданады, алдын ала ұсатып алған тиімдірек.
Медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес орташа бір реттік мөлшерлемесі төмендегіні құрайды:
Ересектер мен 12 жастан асқан балалар үшін: 2-3 таблетка.
7-12 жастағы балалар үшін: 1-2 таблетка.
4-7 жастағы балалар үшін: 1 таблетка.
1-3 жастағы балалар үшін: 0.5-1 таблетка.
1 жасқа толмаған балалар үшін: 0.5 таблетка.