Ас қабылдар алдында немесе ас қабылдағаннан кейін Фильтрум®-ді қалай қабылдау керек?
Фильтрум®-дің сіңіру әсері талғамалы күйде болмайды. Оның құрылымы күрделі ұсақ тегіс бетінде түрлі заттар мен жабысуға бейім микроорганизмдер тұндырылуы мүмкін. Дәрі-дәрмекті бір мезгілде аспен бірге немесе астан кейін қабылдаған жағдайда, ол ішекте жиналған уыттарды ғана емес, дәрумендерді, микроэлементтерді, ыдыраған қоректі заттарды сіңіреді. Фильтрум®-ді қолданудың осындай тәртібі қолайсыз. Себебі, ол гиповитаминоздардың өршуіне және микроэлементтер тапшылығына түрткі болады.
Нұсқаулық бойынша, дәрі-дәрмекті астың алдында 1 сағат бұрын қабылдау қажет. Мұндай жағдайда, Фильтрум® ас қабылдағанға дейін асқазан-ішек жолынан біраз уытты сіңіріп, қоректі заттардың игерілуіне әсер етпейді.