Данный раздел предназначен только для медицинских и фармацевтических работников.
Если Вы медицинский
или фармацевтический
работник, нажмите кнопку
Если Вы не являетесь
медицинским или
фармацевтическим
работником, нажмите
РастаңызАртқа қайту

Масаңдық табы

  1. Себептері
  2. Симптомдары
  3. Масаңдық табынан құтылуға арналған дәрілер
  4. Масаңдық табына қалай жол бермеу керек

Масаңдық табы

Алкогольді ішімдіктерді шамадан тыс тұтынғаннан кейін өте жиі масаңдық табы тәрізді күй пайда болады. Ол әртүрлі дәрежеде болуы мүмкін, бірақ кез-келген масаңдық табы – бұл, негізінде, тиісті медициналық көмек көрсету қажет етілетін улану болып табылады. Мұндай симптомдарды елеусіз қалдыруға болмайды, олар ағзада елеулі бұзылулардың болуын көрсетуі мүмкін.

Себептері

Масаңдық табының пайда болуының негізгі себебі – спирттік ішімдікті тұтынудан туындаған ағзаның улануы. Егер этил спирті ағзаға тым көп мөлшерде келіп түссе, бауыр жасушалары оны көмірқышқыл газ бен суға толық ыдырата алмайды. Нәтижесінде ағзада ацетальдегид (спирттің ыдырау өнімі) жинақталады, ол масаңдық табының белгілерін туғызады. Осындай механизм арқылы адам ағзасы уланғандығын көрсетіп, сигнал береді.

Егер адамда алкогольге тәуелділік қалыптасса, онда оның масаңдық табының даму механизмі біршама ерекшеленеді. Этанолдың ыдырауы нәтижесінде пайда болған ацетальдегид липидтердің тотығу процесін белсендіреді және мидағы дофаминнің синтезін ынталандырады. Нәтижесінде, вегетативті реакциялар – дірілдеу, терлеу, жүрек ауруы, қайтыс болудан қауіптену және басқалары туындайды. Липидтерге бай бауыр жасушалары зардап шегеді, нәтижесінде олар ыдырап, біртіндеп дәнекер тінімен алмастырылады. Нәтижесінде бауырдың детоксикациялау функциясы үдемелі нашарлай түседі, сондықтан маскүнемдерде масаңдық табы ішімдіктің шағын дозасын қабылдау кезінде-ақ туындайды.

Симптомдары

Төменде масандық табы синдромының негізгі симптомдары берілген:

  • денедегі әлсіздік және ауырлық
  • бастың ауыруы және бас айналу
  • буындардың ауыруы
  • қатты шөл
  • тәбеттің жоғалуы
  • сілекейдің тым көп бөлінуі
  • жұрек айнуы және құсу
  • диарея
  • демікпе
  • сирақтарының ісінуі
  • аса терлеу
  • беттің қызаруы
  • либидоның төмендеуі
  • ашушаңдық
  • тремор
  • жиі несеп шығару

Симптомдары Мұндай белгілер адам осы күннің алдында тым көп ішкенін, ал қазір оның ағзасы алкогольдік уланумен күресуде екенін көрсетеді.

Масаңдық табы синдромының ауырлық дәрежесі тұтынылған алкогольдің түрі мен мөлшеріне байланысты. Бұл мағынада қызыл шарап неғұрлым қауіпті емес, бірақ оның құрамында тирамин аталатын ерекше зат бар, ол бас ауыруын тудыруы мүмкін. Коньяк, виски, ром және шампанға келетін болсақ, бұл сусындар масаңдық табына жиі әкеледі.

Масаңдық табына тән симптомдар – жүрек айнуы немесе құсу. Олардың көмегі арқылы ағза уыттардан құтылуға тырысады, бірақ қатты құсу ағзаның сусыздануына және қоректік заттарының шайылуына әкеледі. Және бұл кезде адам көбінесе жалпы әлсіздік немесе апатия сезінеді, асқазанының бұзылуына және қысымының артуына шалдығады. Сондай-ақ көздің қызаруы мен тәбеттің болмауы тәрізді белгілер байқалуы мүмкін. Өте ауыр масаңдық табы кезінде күйреген, күйзеліске түскен күй жайлайды.

Алкоголизммен ауыратын адамдарда масаңдық табы кезінде ауыр бұзылулар дамуы мүмкін:

  • қатты дірілдеу, терлеу, жүректің қағуы, қоздырылған эмоционалдық күй;
  • жылдам, бір-ақ сағат ішінде, естің бұзылуы, интеллектуалдық функцияларын жоғалту, уақыт пен кеңістікте бағдарлану қабілетсіздігі;
  • есту, көру галлюцинациялары, терісінде өрмекшілердің, құмырсқалардың жорғалауын сезу;
  • қорқыныш ұстамаларымен соңына түсу сандырағы, өзін қорғауды немесе құтылуды қалау;
  • айқын көрінетін қозу аясындағы қалшылдаған ұстамалар

 

Масаңдық табынан құтылуға арналған дәрілер

Масаңдық табын емдеу алкогольдің ыдырауының зиянды өнімдерін ағзадан шығаруды, бас ауруы мен басқа да жағымсыз симптомдарды жоюды және сұйықтықтың балансын қалпына келтіруді қамтиды. Спиртті шығару үшін С дәрумені жауап береді; ол жалпы халдің жақсаруына да көмектеседі. С дәруменін таблеткалар түрінде де және цитрус шырыны немесе итмұрын қайнатпасы түрінде де қабылдауға болады. Егер сіздің басыңыз ауырып тұрса, тамақтанғаннан кейін ауырсынуды басатын дәрілерді қабылдау ұсынылады.

Масаңдық табын қалай болдырмау керек: Масаңдық табынан құтылуға арналған дәрілер

Ішімдік ішкеннен кейін кешкі уақытта:

  • көп мөлшердегі сумен бірге «Фильтрум» сорбентін ішу.

Таңертең:

  • контрастты душ қабылдау;
  • масаңдық табына қарсы таблеткалар пайдалану;
  • қарсы көрсетілімдер болмаған кезде анальгетик немесе тамырды кеңейткіш препаратты қабылдауға болады.

ФильтрумАсқазан-ішек жолының бұзылулары кезінде масаңдық табын қалай тез басуға болады: ағзадан зиянды заттарды кетіруге көмектесетін Фильтрумді қолдануға кеңес береміз. Фильтрум – сорбенттік препарат. Масаңдық табына қарсы осы дәрілік заттың таблеткаларға пресстелген өте ұсақ бөлшектерінің бетіне асқазан мен ішектегі уытты молекулар бекітіліп, шығарылады. Фильтрумді басқа дәрілік заттардан бөлек пайдалану қажет. Сондықтан оянудан кейін бірден бірнеше таблетканы 1-2 стакан таза сумен ішіп, бір сағаттан кейін басқа дәрілерді қабылдаған дұрыс.

Алкогольді улану кезінде дәрігердің көмегі қажет. Оны медициналық мекемеге жүгіну арқылы алуға болады. Емдеу жүрек, өкпе және мидың функцияларын сақтап, ағзаны күре тамырдың ішіне енгізу арқылы сұйықтықпен қамтамасыз етуді қамтиды.

Кейбір коммерциялық клиникалар үйде ақылы детоксикациялау қызметтерін ұсынады. Бұл жағдайда дәрігер емделушіге келіп, барлық емшаралдарды ауруханаға жатқызбай жүргізеді.

Детоксикациялау бойынша емшаралар кешеніне төмендегілер кіреді: тиамин, психотроптық және ноотроптық препараттар, ерітінділерді енгізу, энтеросорбенттерді, С дәруменін қабылдау.

Бас жазу қажеттілігі – маскүнемнің белгілерінің бірі екендігін ескеру керек, осындай қажеттілік туындағанда маманға – наркологтың көмегіне жүгіну қажет.

Мұндай белгіні интоксикациядан кейінгі күйден, яғни ішімдікті шамадан тыс тұтынумен байланысты әдеттегі уланудан айыра білу керек.

Масаңдық табына қалай жол бермеу керек:

  1. Алкогольді тұтынуға дейін бір-екі күн бұрын кішкене теңіз қырыққабатын, теңіз өнімдерін немесе фейхоаны жеуге болады. Бұл өнімдердің құрамында йод мол, ол ішілген спирт ішімдігінің тотығуын күшейтеді. Және бұл кезде йод дозасы күніне шамамен 10-12 мкг болуы керек.
  2. Отырыс болатын күннің таңертеңінде өт айдаушы зат, мысалы итмұрын шәрбатын (бір-екі ас қасық жеткілікті), жүгері аналықтарын немесе арнайы өт айдаушы шөп қайнатпасын ішіңіз. Мұндай заттар өттің ағуын күшейтуге көмектеседі, оның нәтижесінде бауырыңыз бен ұйқы безіңіз жақсы жұмыс істеп, алкогольмен тиімді күресе алады.
  3. Отырыстың алдында Фильтрум ішіңіз. Препараттың құрамында қамтылған «Лигнин» белсенді заты алкогольдің ыдырауының уытты өнімдерінің басым бөлігін сіңіріп, олардың ағзадан шығарылуына ықпал етеді.
  4. Алкогольді тұтынуға дейін тығыз тамақ ішуге тырысыңыз. Сізге сүт немесе ақуыз өнімдері көбірек көмектеседі, өйткені олар асқазан мен ішектің шырышты қабаттарын қорғап, нәтижесінде алкогольдің баяу сіңуіне әкеледі. Отырыс кезінде тығыз тамақтаныңыз. Картоп, ет және құрамында майдың мөлшері көп басқа тағамдар алкогольдің әсерін бейтараптандыруға көмектеседі. Үзілістерде кәдімгі су ішу ұсынылады, ол сізді сусызданудан сақтайды.
  5. Шымырлағыш алкогольді ішімдіктерді көп ішпеңіз және алкогольді газдалған сусындармен ішпеңіз: көмірқышқыл газ тек алкогольдің сіңу жылдамдығын ұлғайтады және келесі күннің таңертеңінде қатты масаңдық табына әкеледі.

Масаңдық табынан ең жақсы не көмектеседі? Масаңдық табынан ең жақсы не көмектеседі?

Ең маңызды кеңес – алкогольді асыра тұтынбаңыз, шамаңызға қараңыз. Алкогольдік ішімдіктерді шамадан тыс тұтыну кезінде, жоғарыда аталған барлық сақтық шараларын сақтасаңыз да, масаңдық табынан аулақ бола алмайсыз.

Алкоголь қабылдау кезінде, көбірек қозғалуға тырысыңыз – билеңіз, таза ауаға шығыңыз. Ұйықтамас бұрын, ішімдіктің ағзаға әсерін әлсірету үшін аздап серуендеуді ұсынамыз.

Бұл уыттану дәрежесін төмендетеді және масаңдық табы синдромын болдырмауға көмектеседі.

 

Маңызды: қолдану алдында нұсқаулықпен танысыңыз немесе емдеуші дәрігеріңізден кеңес алыңыз.