Ағзаның улануы
Улану – ол табиғаттың кез келген уымен ағзаның қарым-қатынасының салдарынан пайда болатын патологиялық өзгерістер. Мұндай жанасу нәтижесінде физиологиялық үрдістер бұзылып, ағзада морфологиялық өзгерістер болады, атап айтқанда – олардың жасушалары мен бұлшық еттің, кей жағдайларда, қайтымсыз, құрылымдарының өзгерістері. Осының бәрі ерекше симптоидардың пайда болуына әкеліп соқтырады.
Экзогендік және эндогендік улану болады. Экзоулануда улы заттар ағзаға қоршаған ортадан түседі. Эндогендік – ол ағзада токсиндердің әсерінен пайда болған улану.
Сонымен қатар қатты және созылмалы үрдістерін айырады. Қатты улану ағзаның улы заттардың жоғары деңгейіне тез дамитын (минут, сағат, күндердің ішінде) әсері болып табылады. Қатты алкогольдік улану жағдайында «мастану» терминін қолданады. Созылмалы деп, әдетте жинақтау әсерімен, токсиндердің ұзақ түрдегі (апта, айлар бойғы) әсерін айтады. Анық симптоматиканы шақыру үшін, улы заттардың саны жеткіліксіз, ол біртіндеп шығады. Бұл жағдайда, қорғаныс жүйелері мен шығару мүшелері залалсыздандырумен үлгермейді, сол себептен ағзаның қайырымсыз өзгерістеріне апарып соғатын үрдіске дейін апаруы мүмкін.
Экзогендік улануды жиі улану деп атайды.
Негізгі себептері:
- Астан улану: азық-түлікпен (сапасыз, мерзімі шыққан және/немесе бактериямен және вирустармен уланған), сонымен қатар улы саңырауқұлақтармен;
- тұрмыстық:көп мөлшердегі алкоголь және оның суррогаттары (метил спирті, этиленгликоль), ерітінділер мен қышқылдар (лимон қышқылы, сіркесу, кәрізді тазартуға аранлған заттар), тұрмыстық химия және косметика;
- дәрі-дәрмекті: есірткілер және дәрілік препараттар (мөлшерден тыс пайдаланғанда);
- биологиялық: өсімдік уы, сонымен қатар жануарлар, бауырымен жорғалаушылар (жыландар), жәндіктер шығаратын улар;
- өндірістік және көліктік: қоршаған ортаға зиян заттарды лақтырудағы технологияны бұзу жағдайында, техногендік апаттарда, ұшатын қышқылдарды тасымалдайтын цистерналардың жарылуында (күкірт қышқылы, азотты сутекті);
- радиациялық (атом электростанцияларындағы апаттарда, радионуклидтермен былғанған азық-түлікпен).
Химиялық заттар кез келген өндірісте, сонымен қатар тұрмыста пайдаланады. Мұндай заттардың көпшілігін пайдалану қауіпсіздік ережелерін сақтауда және ағзаға түсудің алдын алуда ғана қауіпсіз болып табылады. Алайда, демді ішке тартқанда, жұтынғанда, терімен немесе жарақаттанған тінмен (жар болған жағдайда) жанасқанда, уланудың ұлғайуы үшін жеткілікті токсиндер ағзаға түседі.
Кең тараған химикаттар:
- уытты газдар (иіс газы);
- ауыр металдардың тұзы (қорғасын, сынап);
- тұрмыстық жуатын заттар;
- жәндік-зиянкестермен күресуге арналған жәндікжойғы;
- төмен сапалы косметика;
- ауылшаруашылықта пайдаланатын пестицидтер мен нитраттар.
Тыңайтұыштар мен өсімдіктерді химиялық қорғау заттары адамның ағзасына түскенде ғана қпуіпті емес, олар өсімдіктерде жиналып тұруға мүмкіндіктері бар. Және де тамаққа қосқан күйде олар ауыр улануға апарып соғуы мүмкін.
Таақпен улану
Тамақпен улану – ол не? Бұл термин, құрамында уытты заттары бар асты пайдаланғанда болатын улануды ұғындырады, және де жұқпалы ауруды шақыратын микроағзаларды (мысалы, қылау). Мұндай патологияның мүмкіндігін ұлғайтатыны асқазан-ішек жолының созылмалы ауруларында және иммунитеттің әлсірегенінде.
Әсіресе жиі өндіру технологиясын сақтамағанда, жылумен өңделуінің жетімсіздігінде, сондай ақ сақтау шарты мен мерзімдерін бұзған жағдайларда, сүт және ет тағамдарынан қатты улану болады.
Клиникалық көріністері:
- қалтырау, жалпы әлсіздік, жағдайының шұғыл төмендеуі;
- қызудың көтерілуі (39-40 °C дейін);
- лоқсу, құсу;
- дәреттің бұзылуы;
- іш ауруы (жиі – анық, қатты).
Бұл жағдайда улану аурудың бір түрі болып табылады. Осындай өзгерістер пайда болысымен жедел дәрігер көмегіне жүгіну қажет. Уланудың себебі болған тамақты сақтап қалу маңызды. Токсиндер мен микробтардың лабораториялық жағдайда шығуы, диагноз қоюды және уақытылы қажет терапияны жасауға көмегін береді.
Алкогольмен улану
Алкогольды үлкен мөлшерде қабылдау мидың жұмысын бұзады, психиканы бүлдіреді және вегетативтік әрекетсіздікке апарады (ішкі органдардың жұмысын қамтамасыздандыру). Уланудың деігейі тек қабылданған алкогольдың мөлшеріне байланысты емес, сондай ақ алдыңғы қабылдағанның ұзақтылығынан, алкогольды зарарсыздандыратын адамның ферменттық жүйесінің жұмысының биологиялық ерекшелеріне байланысты.
Дәрігерлер алкогольдық мастанудың 3 кезеңін белгілейді:
- бірінші (жеңіл) – қандағы алкогольдың мөлшері 1,5 ‰ аз (промилде), негізінде, психикалық аядағы өзгерістермен айғақталады (сөзшеңдік, қызбалық, назардың әлсіреуі, шыдамсыздық), сонымен қатар жүрістің бұзылуы, бет қызаруы, тамыр соғысының, дем алудың және сілекей шұбырудың күшейуі;
- орташа, қандағы этанол концентрациясы 1,5 тен 2,5ке дейін ‰ көрсетеді, психикалық өзгерістердің күшейуінің арқасында неврологиялық симптомдардың айғақталуымен сипатталады: ойланудың баяулауы, сөздің шатасуы, уақыт пен кеңістіктегі бағдардың бұзылуы, дөрекілік пен озбырлық болуы мүмкін, сонымен қатар жүрістің шайқалуының көбейуі, сөздің бұзылуы, сұрлану, лоқсу мен құсудың пайда болуы;
- ауыр, қандағы алкогольдың 2,5 тен 4 ‰ға дейін, ішкі орггандардың қызметінің шұғыл түрде бұзылуымен өмірге қауіпті: пациенттер есінен танады, тітіркендірушілер әсер етпейді, қарашығы кішірейеді, 4 ‰ дан жоғары деңгейде дем алудың тоқтауы мүмкін, адам өліп кетеді.
Алайда, созылмалы түрдегі улануда (ұзақ түрдегі маскүнемдік), қандағы этанол концентратының жоғары көрсеткіштерінде де пациенттермен байланыста болу мүмкін.
Эндогендік улану
Тіндердің қирауына әкеліп соқтыратын барлық патологиялық үрдістерде, заттардың шұғыл түрдегі бұзылуында (катаболизмде) және ағзаның тазарту жүйесінің жұмысының шұғыл бұзылғанында жалпы эндогендік улану пайда болады. Жиі – созылмалы, алайда кез келген органның тоқтауына байланысты (мысалы, қатты бүйрек жеткіліксіздігі) ауыр патология пайда болады.
Негізгі себептер:
- қатты қабынудың салдарынан токсиндердің артық пайда болуы (іш пердесінің қабынуы, ауыр панкреатит, күйік ауруы, аяқ-қолдардың ұзақ басылып жату синдромы (мысалы, апаттан кейін), ауыр пневмония);
- шектеоген улы ортадан немесе бытырап жатқан тін аумағынан токсиндерді сору (ішектің бітелуі, іріңдеген үрдістер, (бітеу жаралар және іріңдеулер));
- қан айналымы ұзақ түрде бүлінген тіндерден токсиндердің қанға баруы (шок, сонымен қатар ауұымды миокард инфарктындағы қан тоғын шұғыл қалпына келтіру);
- ағзаны тазартатын жүйелердің жұмысының бұзылуы (бүйрек және бауырдың жетпеушілігі);
- қатерлі өскіндер, мұнда ісік жасушаларының улы өнімдері қанға сіңеді, сондай ақ ісікпен бүлінген тіндердің бытырауында;
- созылмалы, ұзақ мерзім жүретін олар біртіндеп тіндердің үлкен көлемін зақымдайды, әлсіреген ағза шығара алмайтын токсиндердің үлкен саны пайда болады (туберкулез, бруцеллез).
Кейінгі кезде зерттеушілер тері ауруларында эндогендік уланудың барын дәлелдеді: теңге қотыр, атопиялық дерматит, токсидермия
Эндогендік уланудың көптеген себептеріне қарамастан, әр түрлі патологияда клиникалық көрсетілулер бір біріне ұқсайды. Сондықтан дәрігерлер улану синдромын жеке белілейді.
Симптомдары:
- біртіндеп көбейетін жалпы әлсіздің, қалжырағандық, дімкәстік, жұмыс істей алмаушылық;
- сырқыраған? Басып ауырған бас ауруы;
- бұлшық ет ауруы;
- жүрек айну, жиі лоқсып құсу;
- жүрек қысқаруының жиілеуі;
- шырышты қабықтың құрғақтығы, терінің бозаруы;
- салмақтың өзгеруі (азаюы);
- емдеуге көнбейтін, жиі дене қызуының көтерілуі.
Туберкулездегі уланудың ерекшеліктері
Туберкулез созылмалы түрдегі жұқпалы ауруларға жатады, жиі аса білінбейді және осы ауруға нұсқайтын белгілері жоқ. Зақымданған органдармен байланысты пайда болған синдромдардың пайда болуының алдында улану синдромы болуы мүмкін (мысалы, жөтел, ентікпе, өкпені оқшаулаудағы қан қақыру, бүйрек зақымданғандағы зәрдің сараптамасындағы өзгерістер).
Жоғарыда көрсетілген туберкулез жағдайындағы уланудың жалпы симптомдарының аясында шеткі лимфотүйіндердің үлкейуі пайда болуы мүмкін, сонымен қатар айналадағы жұмсақ тіндер үрдіске қосылғанда, лимфаденит (түйіннің қабынуы) немесе периаденит пайда болуы мүмкін.
Балаларда жиі бронх ауруы байқалады (дымқыл жөтелмен және сілекеймен), ал нәрестелерде іштері ауруы мүмкін, жиі құсады, сонымен қатар бауыр мен көкбаурдың үлкейуі.
Бауырдың улануы
Бауыр улануы химиялық улы заттармен, алкогольмен, есіркі және дәрілік препараттармен уланған жағдайда пайда болуы мүмкін. Сонымен қатар, онкологиялық, жұқпалы ауруларда, қант диабетінде эндогендік улануда пайда болады. Аталмыш жағдайда негізгі себеп оның ферменттық жүйесіндегі бұзылуда және токсиндерді залалсыздандыруын қамтамасыздандырудың мүмкін еместігі.
Бауыр улануы ауыр да және де созылмалы да болуы мүмкін.Ауыр түрі сырттан токсинды заттардың түскеенінен кейін алғашқы сағаттар мен күндерде пайда болады (мысалы, боз арам құлақтың уы), созылмалы – эндогенды улануда алты айдам астам уақытта дамиды.
Мүмкін болатын қиындықтар:
- бауыр циррозы;
- гепатит;
- бауыр жетімсіздігі.
Мұндай патология пациенттың тек денсаулығын нашарлатпайды, тиісті ем қабылдамаса адамның өліміне апарады.
Емдеу тәсілдері
Терапияның екі міндеті бар: улы заттан босату немесе негізгі ауруды емдеу (эндегендік улануда) және уытсыздандырғыш терапия.
Ауыр улану жағдайында асқазанды шайып, құсық шақыру қажет, ал одан әрі сорбенттерді қабылдау қажет. «Фильтрум» сияқты препараттар әрекеттерін бекітіп ағзадан улы заттарды шығарады.
Жедел түрде медицина көмегіне жүгіну қажет. Тек уақытылы қойылған диагноз және сапалы түрде жүргізілген ем ғана денсаулықты сақтап қалады, ал бірқатар жағдайларда – пациенттің өмірін де.