Уланғаннан кейінгі тамақтану
Микроағзалармен бұзылған (бактериялармен, вирустармен, саңырауқұлақтармен, қарапайымдылармен) немесе құрамында уытты заттар жоғары дәрежеде бар (химикаттар, өсімдік және жануарлардың уы, ауыр металдардың тұзы, радионуклидтер) тағамдарды пайдаланған жағдайда пайда болатын ас қорытудың қатты бұзылуын тағамнан улану деп атайды. Бірінші жағдайда дәрігерлер мұндай патологияны тағамның токсикожұқпасы деп атайды, екінші жағдайда – уландыратын, жұқпалы емес улану дейді.
Тағамнан улануды және одан кейінгі емдеуде, дәрі-дәрмекпен қатар арнайы диета қолданылады. Ол симптомдарын азайтуға көмектеседі (ауыру, дәреттің бұзылуы, жүрек айну), хал-жайын жақсартады, уытты заттан босатуға ықпал етеді және ағзаның құрылымы мен міндетін реттеуді жылдамдатады.
Диетаның емдік әсері келесі салдардан пайда болады:
- Іш өткеннің, құсқанның және дененің қызуының салдарынан бұзылған ағзадағы су мен минералды заттарды жөндейді;
- Ағза мен ұлпаны қалпына келтіру үшін май, ақуыз, көмірс және дәрумендермен қамтамасыздандырады;
- Тамақтың тітіркендіретін әрекеттерінен механикалық (өнімді ұнтақтау), физикалық (астың температурасы– 25-30ºC ) және химиялық (тәтті және тым ащы ингридиенттердің болмауы) қорғау жолдарымен барлық ас қорту жолдарының және асқазан шырышының жазылу үрдісін жеңілдету.
Диетаны және оның ұзақтығын дәрігер тағайындайды, тағамнан уланғаннан соң пациенттың жағдайының серпінін ол қадағалайды. Өзінің хал-жағдайының маңызды емес өзгерістері туралы да дәрігерге хабардар ету қажет.
Негізгі ережелер
Уланғанда және одан кейін не ішуге және жеуге болады? Алғашқы тәуліктерде тамақ ішуге болмайды. Жиі су және арнайы тұзды ерітінділерді ішу қажет. Уланудың алғашқы белгілерінде, Фильтрум сияқты, табиғи сорбенттерді қабылдауға кеңес беріледі. Фильтрум ағзадан патогендік бактерийлер мен бактерия уытыттарының шығуына ықпал етеді.
Одан әрі не жеуге болады?
Екінші күнге кеңес:
- 200 мл көкөніс сорпасы;
- 2-3 кептірілген нан;
- 100 мл сұйық көкөніс езбесі.
Сұйықтықтың мөлшері – 2 литрге дейін. Қайнатылған су, итмұрын қайнатпасы, сілтілі газдалмаған минерал су, дәріханалық тұз ерітінділерін ішуге болады.
Үшінші күні рационға жарманы қосуға болады.
Өнімнің міндетті көлемі:
- 200 мл көкөніс сорпасы;
- 300 г сұйық және суда әзірленген күріш ботқасы;
- кептірілген нан (4 д. дейін) және галеталық піспенан (2-3 д.).
Төртінші күннен бастап өнімнің көлемі мен тізімі көбейеді, тауық сорпасы мен майлы емес балықты (көксерке) қосуға болады.
Тәуліктік рацион:
- 200 г ұнтақ жармада әзірленген көкөніс көмеші (жұмыртқасыз),
- 100-150 мл тауық сорпасы (алғашында бір қайнатып сорпасын төгіп тастап, одан соң тауықты суға батырып асты әзірлеу);
- 100 г қайнатылған балық;
- кептірілген нан (4-5д.) және галеталық піспенан (5-6 д.);
Балық пен тауық сорпасын әзірлегенде, көкөніс пен дәмдеуіштерді қоспайды, тек аздап тұздайды.
Бесінші күні радионды көбейтуді жалғастыру қажет. Тауық, күріштен әзірленген асты жеуге және ірімшік жеуге болады:
- 300-400 мл тауық етінен әзіргенген бұршақ ет қосылған тауық сорпасы;
- 200-300 г қайнатылған күріш;
- 200-300 г көмеш немесе ірімшіктен әзірленген суфле (жұмыртқасыз);
- Кептірілген нан 5-6 данаға дейін.
Уланғаннан кейін алғашқы күндері өте аз мөлшерлерде тәулігіне 7 ретке дейін ас ішу қажет. Одан әрі ас ішу жиілігін 3-4 дейін азайтады, ал күндізгі және үлестік мөлшерді аздап көбейтеді. Астың температурасы – бөлменікіндей немесе жылы, суық немесе ыстық ішуге болмайды, себебі осы уақытта әлі жаралы болып тұрған шырыштың тітіркенуі немесе жарақаттануы мүмкін.
Еш бір жағдайда артық ас ішуге болмайды, субъективті жағдайын, ауырсынуды, толуды, мүмкін болу лоқсуды немесе құсық шақыруды, дәреттің бұзылуын бақылаған маңызды. Егер мұндайлар байқалса, емдеп жатқан дәрігерге міндетті түрде айту қажет.
Бесінші күннен соң жақсы хал-жағдайда әдеттегі рационға көшуге болады.
Ішектің микробты флорасы бұзылған жағдайда, дәрігерлер оны қалпына келтіру үшін, пробиотик пен пребиотиктерді қабылдауға кеңес береді, мысалы «Лактофильтрумды».
Уланғаннан кейін барлық оңалту уақытында не жеуге болмайды?
3-4 апта аралығында жеуге болмайтын тағамдар:
- консервациялардың барлық түрлері;
- Сүттен жасалған көжелер;
- Кез келген шұжықтар;
- Қақталған, ысталған балық немесе ет, тұздалған май;
- шоколад;
- қуырылған ет (кәуәп, жаншылған ет, котлет;
- бұршақ, жүгері;
- қуырылған немесе шала пісірілген жұмыртқа;
- жеміс-жидектен әзірленген тәтті нәрсу;
- жаңа пісірілген нан, тоқаш, тәтті нан, пісірілген немесе қуырылған бәліш;
- шикі жеміс-жидек пен көкөністер.
Толық оңалғанға дейін алкогольды қабылдауға болмайды, ащы (сірке сумен) немесе тәтті (ащы бұрыш және шөптермен) асты жеуге болмайды. Күнделікті екі жаңа астан артық қосып отыруға болмайды.
Балалардың уланғаннан кейінгі диетасының ерекшеліктері
Негізінде, уланудан кейінгі диеталық тамақтану принциптері үлкендер мен балалардыкі бір-бірінен айнымайды. Айырмашылығы тек, бала өзінің жағдайын әрдайым айта немесе көрсете алмайды.
Баланың тамақпен уланудың алғашқы симптомдарында, құсық шақырмау үшін, тамақтандырмаған абзал, тек жылы күйінде қайнатылған су берген жөн.
Судан өзге не ішуге болады? Балаларда ішуге түймедақ қайнатпасын және тәтті емес нәр суларды пайдалануға болады. Дәреттің әлсіреп бұзылған жағдайында сұйық, суда жақсылап қайнатылған күріш ботқасын жеген жөн және көкөніс тағамдарынан бас тартқан жөн. Шамамен 3-5 күннен бастап, дәрігердің айтуымен, баланың жақсы күй-жайында және дәретінің жақсарғанымен, ішектің микрофлорасын қалыпты жағдайға жеткізу мақсатында, табиғи тірі йогурттарды таңғы асқа берген абзал.
Есіңізде болсын, үлкендермен қатар, балада да тамақпен улану жағдайларында, дәрігерлік кеңеске жүгінген жөн, ал сәбилер мен жүкті әйелдерде белгілері пайда болған жағдайда – шұғыл түрде жедел жәрдем шақыру қажет.
Сонымен, тамақпен уланудан кейін ағзаның қалыпты жағдайда жұмыс жасауы үшін, диета бірден бір оңалту түрі болып табылады. Дәрігердің кеңесімен жүру, тамақпен уланғаннан кейін тез жазылуға және жағымсыз салдарының болмауына себеп болады.