Данный раздел предназначен только для медицинских и фармацевтических работников.
Если Вы медицинский
или фармацевтический
работник, нажмите кнопку
Если Вы не являетесь
медицинским или
фармацевтическим
работником, нажмите
Жүйеге кіріңізАртқа қайту
Фильтрум / Пайдалы материалдар / Саяхатшыға арналған дәрі қорабы

Саяхатшыға арналған дәрі қорабы

Дорожная аптечка

Жолға шығарда біз біріншіден төлқұжат пен ақшаны аламыз. Алайда, дәрі қорабын алған да маңызды, себебі демалыста сырқаттану кез келген адаммен болуы мүмкін. Оның үстіне, егер өзіңізбен алып шықпасаңыз, бөтен елде қажет дәріні сатып алу қиындыққа кезіктіреді. Ал егер шекарадан, дәрігер тағайындаған, кейбір ерекше  препараттарды алып өту қажет болса, не істейміз? Және де, шет елдік препараттарға, дегенмен оларды қайткен күнде алу қажет болса, қалай ақшаны асыра төлемеуге болады? Қане саяхатшының дәрі қорабы туралы түбегейлі сөз қозғайық.

Ең алдымен, жолға дәрігердің айтуымен жүйелі негізде қабылдайтын дәрілеріңізді алыңыз. Егер сізде созылмалы ауруларыңыз болса, осындай аурулардың асқыну жағдайларына дәрілеріңізді салыңыз. Кейбір адамдар қатты әсер ететін, психотроптық немесе өзге ерекше препараттарды қабылдайды – бұл жағдайда, шет елге жол жүру үшін, дәрігердің тағайындаған дәрілерін оның қолы мен мөрін қойғызып алып шығу қажет, себебі кеденде аталмыш дәрілерді тасымалдауға байланысты қиындықтар кездесуі мүмкін.

Саяхатқа шыққанда дәрі қорабына тағы не салу қажет. 

АІЖ арналған дәрілер

Өзге елге келгенде, біз су мен тамақтың ауысуына душар боламыз, ал бұл кей кездерде асқазанның немесе ішектің бұзылуына әкеліп соғады. Өзіңіздің саяхатшылық дәрі қорабыңызға ас қортуды жақсартатын және ішек инфекциясымен күресетін дәрілерді салуды ұмытпаңыз.

Жаңа жағдайда және бейтаныс ас үйде кейде ұшыну да болып тұрады. Бұл жағдайда ең абзалы өзімен бірге «Фильтрум» дәрілік препаратын алған жөн.

Қызу мен ауырғанға қарсы дәрілер

Егер  жолда сіздің қызуыңыз көтерілсе, міндетті түрде қызуды басатын дәрі  қажет болады. Олардың кейбіреулері ауыруды басады, бірақ ауырсыну синдромын, оның ішінде булығуды жоятын, жеке препараттарды салуға кеңес береміз. Бұлшық ет, буын немесе тіс ауруында жақсы анальгетик таптырғысыз.

Күйік дәрілері

Мұндай дәрілер, егер сіз ыстық елдерге жол тартсаңыз, ерекше өзекті болып табылады. Ең алдымен, SPF-факторы 20-30 құрайтын күнге қарсы кремды алыңыз. Жас балаға қорғау дәрежесі 50 кремды алыңыз.

Дегенмен, саяхатшылар ұдайы күннен қорғана алмайды, сол себептен арнайы күйікке қарсы дәрілерді алған да артық емес.

Жарақатқа қарсы дәрілер

Демалыста кейде соғып алу немесе жаралану болып тұрады, әсіресе оған жас балалар көп кезігеді. Жарақаттанған тері тез жазылу  және жол жүргеніңіз бұзылмау үшін, өзіңіздің саяхатшылық дәрі қорабыңызға  келесі дәрілер мен көмекші құралдарды салыңыз:

  • Сутек тотығы;
  • Жасыл дәрі және йод ( қарындаш түрінде);
  • Бактерицидты жабыстырғыш;
  • Мақта, мақта дөңгелекшелері және таяқшалар;
  • Жаратаңғыш,дәке таңғыш, қан тоқтататын майлықтар;
  • Иілімді бинт (созылғанда қажет болады).

Тербелуге (бас айналғанға) қарсы дәрілер

Кейбір адамдардың автокөлікте, ұшақта немесе кемеде қатты басы айналады. Теңіз ауруы  – бұл вестибулярлық аппараттың бұзылу, бұл жағдайда  дене үздіксіз қимылда екені туралы ақпаратты  ми талапқа сай қабылдай алмайды. Соның салдарынан лоқсу (құсуға дейін) және бас айналу пайда болады. Осы симптомдар сізге жолда кедергі болмас үшін, тербелуге қарсы дәрілермен алдын ала сайланып алыңыз. Олар миға жалған ақпараттың баруын баяулатады және жолда денсаулығыңыз сыр бермейді.

Суық тиюге қарсы дәрілер

Өкінішке орай, демалыста суық тигізу өте оңай. Аэропорт, ұшақ және қонақ үйлерде қатты желдеткіш жұмыс істейді, кейде біз оны елемейміз де, бірақ ағзамыз бірден ауыра  бастайды. Бұл жағдайда бұдан бетер «қауыпты» қыс ішінде жылы жаққа бару, себебі климатты бірден ауыстыру суық тигізуге апарып соғуы мүмкін. Осындайда жиі жөтел, тамақ ауыру, тұмау, бас ауыру және құлақтың қабынуы жиі кездеседі.

Демалыс бойы ауырып шықпас үшін, дәрі қорабыңызға вирусқа қарсы және суыққа қарсы дәрілерді салып алыңыз. Суық тигеннің симптомдарын басатын дәрілер де артық етпес – тамаққа арналған спрей, мұрын біткеннен тамшылар және жөтелдің дәрілері.

Аллергияға қарсы дәрілер

Демалыста аллергия болуы мүмкін. Ол тансық тамақтан, судың ауысуынан, әдеттегіден тыс өсімдіктерден және де күн астында ұзақ болудан да пайда болады.  Аллергияда терінің тітіркенуі мүмкін  (қызарып қышуы), шырышты қабықтың ісуі де мүмкін. Оны болдырмау үшін, қолыңызда аллергияға қарсы дәрілер және теріге арналған  тынышталдыратын жақпа май болуы қажет.

Шет елге қандай дәрілерді өзімен бірге алып жүруге болмайды?

Кез келген қатты әсер ететін дәрілерден бас тартыңыз, әсіресе  құрамында еліткіш заттары барларынан. Еріксіз, дәрігердің кеңесі бойынша қабылдайтын күрделі препараттардан өзге.  Жолда  антибиотиктер де қажет емес   – ол күшті заттар, оларды дәрігер сіздің ауруыңыздың себебін анықтап талап етілетін дәрі түрін іріктегеннен соң қабылдау қажет.

Көптеген саяхатшылар Азия және Африка елдеріне бет алғанда, жиі безгек ауруына қарсы дәрілерді алады. Олай жасамауға кеңес береміз. Бар себебі, безгек  – күрделі ауру, оны өз бетімен емдеуге болмайды. Және де жергілікті дәрілер, өз елінде сатып алынғаннан гөрі, тиімдірек болуы мүмкін. Бірақ, емделу үрдісіндегі бірінші кезең  – ол, әрине, дәрігерге бару.

Саяхатшыға арналған дәрі қорабын қалай дұрыс жинауға болады?

Саяхатқа арналған дәрі қорабын дұрыс жинау үшін, сізге қажет:

  • Барлық дәрілер мен көмекші құралдарды термо-дорбаға салыңыз: медициналық препараттарға күн сәулесі түсіп қыздырылмауы қажет. Бұл орайда  ыстыққа қарсы тығындәрілерге және аллергияның ауыр түрлеріне қарсы дәрілерге ерекше назар аудару қажет.
  • Саяхатқа шығар алдында міндетті түрде барлық препараттардың сақтау мерзімін тексеріңіз.
  • Дәрілерді жәй құтысында ғана емес, толық қорабымен алыңыз, кейін байқамай ауыстырып алмас үшін.
  • Міндетті түрде дәрілерге нұсқаулықтарын қосып салыңыз, қажет болған жағдайда, дұрыс қабылдау үшін.