Данный раздел предназначен только для медицинских и фармацевтических работников.
Если Вы медицинский
или фармацевтический
работник, нажмите кнопку
Если Вы не являетесь
медицинским или
фармацевтическим
работником, нажмите
Жүйеге кіріңізАртқа қайту
Фильтрум / Жиі қойылатын сұрақтар / Ротавирус - Ротавирустық инфекция кезінде Фильтрумды® қалай қабылдау керек?

Ротавирустық инфекция кезінде Фильтрумды® қалай қабылдау керек?

Ротавирустық инфекция (жұқпа) ішек инфекциялар тобына жатады. Оның қоздырушысы көбінесе аш ішектегі қылшықтардың шырышты қабық жасушасын зақымдайды. Осының салдарынан науқас адамның сусыздану және улану сияқты белгілермен іші өтеді, іші кебеді, құсқысы келеді.

Ротавирустық инфекция кезінде көмірсулардың ыдырауы мен сіңіру жүйесінің бұзылуы осындай жүйенің бұзылуының негізін болады. Суды ас қорыту жолына шығарып, ішекте осмостық қысымның арттуына түрткі болады. Іш өту кезінде сұйықтықты осылай қайта бөлу және сусызданудың артуы қанның қоюлануына себеп болып, бүйректің жұмыс істеу жүйесі бұзылады.

Ішектің саңылауында артық көмірсулары, уыттары, азоттық алмасудың зиянсызданбаған өнімдері бар су жиналады. Ас қорыту жолынан осы заттар мен ротавирустық бөлшектерді тазарту (шығару) емдеудің маңызды міндетіне жатады. Бұл үшін Фильтрум® сияқты энтеросорбент-дәрі-дәрмектері тағайындалады. Фильтрум® - сіңіру қабілеті жоғары әрі қолайлы қауіпсіздік белгілері бар табиғи өнім. Сондықтан, бұл дәрі-дәрмекті балалардың ротавирустық инфекциясын емдеген кезде қолдануға болады. Оны қабылдау сызбасы дәрігермен келісіп жасалады, ішек бұзушылық белгілері бар науқастың жасы мен салмағын ескеріп, дәрі-дәрмек мөлшері іріктеп алынады. Нұсқаулыққа сәйкес бала Фильтрум®-ды күніне 3-4 рет қабылдау керек. Ал, ротавирустық инфекция кезінде энтеросорбентті пайдалана отырып, емделу ұзақтығы 5 күнге дейінгі мерзімді құрайды. Бір жастағы балаларға дәріні бір қабылдау кезінде ½ таблетка беруге болады. 1-3 жастағы балаға бір реттік мөлшер 1 таблеткаға дейін артуы мүмкін. Дәрінің тура осындай мөлшерін 7 жасқа дейінгі бала да қабылдауы тиіс. Ал, 7 жастан асқан балалар Фильтрум®-дың 1-2 таблеткасын қабылдай алады.

Ересектер үшін Фильтрум®-ды қабылдау тәртібі – бір қабылдағанда 2-3 таблеткадан, күніне 3-4 рет.  


Егер сізде:
- «АВВА РУС» АҚ компаниясының дәрілік препараттарын қолдану жөнінде сұрақтарыңыз болса,
- «АВВА РУС» АҚ компаниясының дәрілік препараттарының сапасы жөнінде сұрақтарыңыз болса, байланыс деректеріңізді көрсетіп,
кері байланыс нысанын толтыруыңызды өтінеміз.


Менің дербес деректерімді өңдеуге өз келісімімді беремін.

*"АВВА РУС" АҚ-мен медициналық қызмет жүзеге асырылмайды. Мәлім болған кез келген ақпарат емдеуші маманға жеткізілуі тиіс, қарсы көрсетілімдері болуы мүмкін.
*Сіздің өтінішіңіз байланыс деректеріңіз – есіміңіз бен e-mail-дың болуы кезінде қабылданып, қарастырылады. Осы ақпаратты хабарлай отырып, Сіз 27.07.2006 жылғы «Дербес деректер туралы» 152 – ФЗ» Федералдық заңына сәйкес, Сіздің дербес ақпаратыңызды өңдеу, тіркеу және сақтауға келісіміңізді бересіз.