Данный раздел предназначен только для медицинских и фармацевтических работников.
Если Вы медицинский
или фармацевтический
работник, нажмите кнопку
Если Вы не являетесь
медицинским или
фармацевтическим
работником, нажмите
Жүйеге кіріңізАртқа қайту
Фильтрум / Жиі қойылатын сұрақтар / Масаңдық табы - Масаңдық табын алдын ала емдеу үшін Фильтрум®-ды қалай қабылдау керек?

Масаңдық табын алдын ала емдеу үшін Фильтрум®-ды қалай қабылдау керек?

Масаңдық табын алдын ала емдеу және бас жазу белгілерін жеңілдету - Фильтрум®-ды қолдануға арналған көрсеткіштердің бірі. Дәрі-дәрмек энтеросорбенттер тобына жатады және ішектің саңылауында әсер етеді. Ол алкоголь мен улы метаболиттердің қалдықтарын – оның толық тотықпаған өнімдерін сіңіреді (өзінің ұсақ тесікті бетінде тұндырады).

Ацетальдегид олардың ішіндегі ең зияндысы. Себебі, ол бас жазу синдромын тудыратын бірнеше патологиялық реакциялардың күшеюіне себеп болады.

Сонымен бірге, ағзада алмасу процестері мен қышқыл және негізгі тепе-теңдіктің өзгерісі, минералды заттардың үйлесімсіздігі, қанның қоюлануы, ісіну, түрлі орган жұмысының бұзылуы, физикалық жайсыздық байқалады.

Ішімдікті қабылдағаннан кейін алкогольді ыдыратудың тотықпаған өнімдері жинала бастайды. Себебі, оларды қабылдау көлемі алкогольді ыдыратуға арналған арнайы фермент – алкольдегидрогеназ мүмкіндігінен асып түседі. Бауырда жылдам әрі жеңіл тотығу циклі іске қосылып, қанда, тіндерде және ішектің саңылауында улы метаболиттердің (алмасу өнімдерінің) жылдам көбеюіне түрткі болады.

Ішімдік ішер алдында энтеросорбентті (Фильтрум®) қабылдай бастасаңыз, уыттың жиналу жылдамдығын біршама азайтуға болады. Дәрі-дәрмек ас қорыту жолында осы заттар мен келіп түсетін алкогольдің бір бөлігін уақытылы байланыстырып, бауырға түсетін ауыртпалықты азайтады. Осылай бас жазудың алдын алуына болады. Бас жазу синдромын қалыптастыруды ескерту үшін алкогольді қабылдар алдында бір сағат бұрын Фильтрум®-дің 2-3 таблеткасын қабылдаған жөн. Бір сағат ішінде дәрі-дәрмек асқазаннан өтіп, аш ішектің жоғарғы бөлігінде орналасып, сол жерден уыттарды сіңіруі тиіс. Сіңіруды жылдамдату үшін алдын ала ұсақтап немесе шайнап, әр 2-3 сағат сайын тура сол мөлшерде Фильтрум®-ды қабылдауды жалғастыру керек. Кейінгі 2 тәулік бойы алкоголь салдарын жою үшін Фильтрум®-ді күніне 3-4 рет қабылдау қажет.


Егер сізде:
- «АВВА РУС» АҚ компаниясының дәрілік препараттарын қолдану жөнінде сұрақтарыңыз болса,
- «АВВА РУС» АҚ компаниясының дәрілік препараттарының сапасы жөнінде сұрақтарыңыз болса, байланыс деректеріңізді көрсетіп,
кері байланыс нысанын толтыруыңызды өтінеміз.


Менің дербес деректерімді өңдеуге өз келісімімді беремін.

*"АВВА РУС" АҚ-мен медициналық қызмет жүзеге асырылмайды. Мәлім болған кез келген ақпарат емдеуші маманға жеткізілуі тиіс, қарсы көрсетілімдері болуы мүмкін.
*Сіздің өтінішіңіз байланыс деректеріңіз – есіміңіз бен e-mail-дың болуы кезінде қабылданып, қарастырылады. Осы ақпаратты хабарлай отырып, Сіз 27.07.2006 жылғы «Дербес деректер туралы» 152 – ФЗ» Федералдық заңына сәйкес, Сіздің дербес ақпаратыңызды өңдеу, тіркеу және сақтауға келісіміңізді бересіз.